«темекі түтінінен азат қазақстан үшін» Ұлттық одағЫ Қазақстандағы темекіге қарсы орталықтардың Қызметін ұйымдастыру



бет3/5
Дата08.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#6520
1   2   3   4   5

Алмастырушы терапия әдісі физиологиялық немесе психологиялық темекі тарту салдарын ауыстыратын қағидаға негізделген. Оған ағзадағы никотинге еліктіруші әсерін емдейтін дәрілермен (Гамибазин, Никорет), тыныс жолына жаттығулар (тыныс алуды тыныштандыратын және жұмылдыратын түрлері), түрлі заттармен айла жасау (таспиқ, эспандер және т.б.)

Аверсивтік әдіс арқылы темекі тартатын емделушіде темекіге деген жеккөрушілік сезімі пайда болады. Осы әдістердің ішінде фармакологиялық (түрлі зат қоспаларының ерітінділерімен ауыз қуысын шайқау, мысалы, ляпис, танин, жылантүтік тамырының қайнатпасы), фармакологиялық емес (ине рефлексті терапия) және психотерапиялық (аутогендік тренировка, арбау арқылы) болып бөлінеді.

Абстиненция белгісін жою үшін мыналар қолданылады: ине рефлексті терапия, тыныштандыратын дәрілер, транквилизаторлар, ынталандыратын құралдар (заманихтер, адамшөп, сермене, сұйық сығындылар: радиолдар, левзейлер, мүйіздәрі, апилак), дәрумендер (полидәрумендер, А, С, В топтағы дәрумендер), сонымен қатар тыныс алу жолдары жаттығулары, сумен емдеу шаралары мен диеталық терапия.

Аталған әдістердің тиімділігі олардың бір бірімен сәйкес келуімен жоғарылайды және бірмезгілде темекіге тәуелділікке физиологиялық, сол сияқты психологиялық жақтан да әсер етеді. Өзін-өзі сендіру мен психотерапия әдістерінің сәйкес келуі мақсатты. Сонымен аутогендік жаттығуды (АЖ) қолдану арқылы ине рефлексті терапияның (ИРТ) тиімділігін арттыруға болады. Бұл мақсатта АЖ түрлі тесттерімен кем дегенде 4 жаттығу жасалады. Бірінші жаттығудағы АЖ мақсаты емделушіні тыныштандырып қана қоймай, белгілі бір мерзімде темекі тартудан бас тартуға нұсқау жасау және сол себептен ол ИРТ-ға дейін жүргізіледі. АЖ аверсивтік әдіс (өзін-өзі сендіру) сияқты қолданылады. Бұлшық етті босаңсыту жағдайында емделушімен темекіден бас тарту уәждемесін көтеретін қосымша формулалар айтылады.


Аверсивтік формула (өзін-өзі сендіру әдісі, аффирмация)


  1. Темекі тарту жиіркенішті және өте жаман.

  2. Темекі түтіні жиіркеніш тудырады. Темекі иісі мен дәмі маған жиіркенішті.

  3. Темекі тарту, мен үшін умен тең – темекі түтіні менің ағзамды улайды.

  4. Темекі тартқан соң өзімнің қатты әлсірегенімді сезінемін – аяқ-қолым әлсіреп, маңдайымнан суық тер шығып, көз алдымда дөңгеленген сағымдар көшіп, құсқым келеді.

  5. Темекі тарту жеккөрінішті, әдепсіз, өрескел.

  6. Мен өмірімдегі қиындықтармен темекі тарту сияқты әдепсіз әдетті қолданусыз-ақ күресе аламын.

  7. Темекіден бас тарту маған күш пен қуаныш алып келеді.

  8. Менің соңғы темекі тартқан күнім _______ (ИРТ болған күні). Мен темекіні тастаймын.

  9. Мен өз күшіме сенемін және сабырлымын. Менің жігерім мықты.

  10. Мен темекіні тастаймын (бірінші ИРТ сеансында),

  11. Мен сергекпін және белсендімін. Менің денсаулығым мықты және күшім көп.

АЖ келесі жұмысында емделушінің темекіге деген немқұрайлы қарым-

қатынасын тудырады, сонымен қатар оның темекіні тастау шешімін қолдайды. АЖ аверсивтік формуласы қолдау формуласымен алмастырылады. Магнитофон таспасына ИРТ сеансы жазылуы мүмкін АЖ сеансымен бірге жүргізіледі. Бұл әдіс жеке және топтық жұмыс түрінде де қолданылады.
Қолдау формуласы

Келесі сөздер тізбегі (аффирмациялар) қолданылады:




  1. Менің денем бос, жылы, жеңіл.

  2. Менің тынысым бірқалыпты. Мен сабырлымын. Мен тым сабырлымын.

  3. Мен өз күшіме сенемін. Менің жігерім мықты.

  4. Мен темекіні тастадым.

  5. Темекіден бас тарту қуаныш пен қанағаттанушылық тудырады.

  6. Мен өмірімдегі қиындықтармен темекі тарту сияқты әдепсіз әдетті қолданусыз-ақ күресе аламын.

  7. Мен темекіге немқұрайлы қараймын.

  8. Мен демаламын. Менің барлық ағзам демалады және күш алады.

  9. Мен темекіні тастадым, менің денсаулығым мықты және сергекпін.


Темекі тарту түріне қатысты емдеу әдісін таңдау
Темекі тартудың өзіндік ерекшелігіне қатысты одан бас тарту бір мезгілде немесе бірте-бірте болуы мүмкін.

Бірінші дәрежедегі шылымқорлар, сонымен қатар «темекімен ойнау» темекі тарту түрін қолданатын тұлғаларға темекіден бір мезгілде бас тартуды ұсынуға болады.

Темекі тартудың екінші дәрежесіндегі емделушілерге ИРТ немесе сағыз резеңкені қолдану арқылы темекіден бір мезгілде бас тартуды ұсынуға болады. ИРТ әдісі 35 жасқа дейін және 60 жастан жоғары адамдарға өте төмен нәтиже береді, сондықтан емделуші осы әдісті ғана қолдану жетістік беретініне сеніп, басқа жағдайларды қоспаған кезде көрсетілген жас аралықтарында осы әдісті қолдану мақсатты болады.

Сағыз резеңкесін (Гамибазин, Никорет), оны қолдану кезінде темекі тұтынуға тыйым салумен қатар ұсыну қажет. Сонымен, темекі тарту аясын осы дәрімен алмастыру көбейеді: физикалық деңгейде никотин әсерін алмастырады, ал мінез-құлық деңгейінде бір жағынан темекі тарту әрекетін алмастырады. Темекі және темекі тартудың басқа да бөлшектерімен айла жасау орнына емделуші сағыз резеңкемен алданады (оны алады, ашады және т.б.). Бұдан басқа, сағыз резеңкені қолдану емделушінің темекі тартқысы келетін кезінде белгілі бір деңгейде сезім қуатын төмендету әдісі болуы мүмкін. Сағыз резеңкені күніне 20-25 темекіні тұтынатын емделушілерге ұсынуға болады.

«Шөлдеу» темекі тарту түрінің үшінші деңгейіндегі шылымқорларға, сонымен қатар темекі тартуды емдеудің кейбір әдістері жақпайтын ересек жастағы тұлғаларға темекіден біртіндеп бас тартуды ұсыну қажет. Темекіні тастайтын адам тартылған темекі санын біртіндеп қысқартуды темекі тартудан түбегейлі бас тартуға дайындық кезеңі деп қарау керек.

Бұл әдіс қандағы никотиннің шоғырлануын біртіндеп төмендетуде темекіден түбегейлі бас тартқанда абстиненцияның анық байқалуын тудырмайды. Темекіні тастауға шешім қабылдаған уақыттан (тартылған темекілер санын біртіндеп азайтудан бастағанда) оның толықтай жүзеге асу мерзімі 1-1,5 айдан аспау керек.

Әйел адамдар үшін темекіден бас тарту әдісін таңдау кезінде ер адамдарға қарағанда оларда темекіге деген әуесқойлық айтарлықтай аз уақыт ішінде қалыптасатынын ескеру қажет, сонымен қатар тартылған темекі саны да темекі тарту деңгейінің көрсеткіші болып табылмайды. Бұл жағдайда темекіге физиологиялық тәуелділік деңгейі («қалау» темекі тарту түрі) бойынша анықталады.

Темекіден бас тартқан кезде сағыз резеңке мен ИРТ темекіден көбінесе физиологиялық тәуелділігіне әсер етеді. Темекі тартуды емдеу тиімділігін көтеру үшін осы әдістермен психологиялық әсермен байланысу қажет.

Темекіні ынталандырушы ретінде қолданатын емделушілерге («ынталандырушы» темекі тарту түрі) салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар қажет. Темекіден бас тарту кезеңінде дәрумендік терапиядан өткізген дұрыс.

Темекіні алмастыратын тәсілдің бірі ретінде тыныс алуға жұмылдыру түрі ұсынылады. Тыныс алудың бұл түрі ішпен дем алу негізінде орындалады. Тыныс алу кезінде демді ішке тартқанда іш бұлшық еттері сыртқа шығып, ал дем шығарғанда ішке тартылады. Мұрынмен дем алу керек. Тыныс алуды жұмылдыру дем алу, тынысты тоқтату, дем шығаруды қайталау арқылы жүргізіледі. Тыныс алу кезінде біртіндеп дем шығарылғанға дейін дем алу ұзыртылады. Тыныс алумен бірге тынысты тоқтату уақыты, яғни үзіліс ұзартылады. Сонымен қатар үзілістің ұзақтығы үнемі дем шығару ұзақтығымен тең. Содан кейін дем шығару дем алудың ұзақтығымен сәйкес келгенше ұзартылады. Соңында тыныс алудағы барлық кезең дем шығарудан бастап қысқартыла береді. Тыныс алу жаттығулары емделушінің өз ойымен есептеуі бойынша жүргізіледі. Тыныс алу қарқынын ақырындатып немесе жиілетуге болады (тез санау немесе ақырын санау), бірақ тыныс алу ырғағын өзгертпеу қажет. Сандық жазуда бұл жаттығу мына түрде:



4-(2)-4, 5-(2)-4, 6-(3)-4, 7-(3)-4, 8-(4)-4,

8-(4)-4, 8-(4)-5, 8-(4)-6, 8-(4)-7, 8-(4)-8,

8-(4)-8, 8-(4)-7, 7-(3)-6, 6-(3)-5, 5-(2)-4, бірінші санмен дем алудың шартты ұзақтығы, екінші жақша ішіндегі санмен тыныс алуды тоқтату ұзақтығы, үшінші санмен дем шығару ұзақтығы көрсетіледі.

Темекіні көп тұтынатын тұлғаларға сабыр сақтау құралы ретінде («босаңсу» темекі тарту түрі) релаксация әдісінен бөлек (мысалы, АЖ) тыныс алуды тыныштандыру түрін ұсыну қажет. Тыныштандыратын тыныс алуды орындау тәсілі жұмылдырумен бірдей. Сандық жазуда бұл жаттығу мына түрде:

4-4-(2), 4-5-(2), 4-6-(2), 4-7-(2), 4-8-(2),

4-8-(2), 5-8-(2), 6-8-(3), 7-8-(3), 8-8-(4),

8-8-(4), 7-8-(3), 6-7-(3), 5-6-(2), 4-5-(2), бірінші берілген сан дем алудың шартты ұзақтығын білдіреді, екіншісі – дем шығаруды, ал үшінші жақша ішіндегі дем шығарумен бірге орындалатын тыныс алуды тоқтату ұзақтығын білдіреді.

Тыныс алудың бұл түрі қосарланған дем алу ұзақтығына дейін біртіндеп дем шығару ұзақтығымен көрсетіледі. Дем алу дем шығару ұзақтығымен сәйкестенбегенінше ұзартыла береді, содан кейін тыныс алу кезеңдері бастапқы ұзақтығына дейін кері қысқартыла береді, бірақ дем алу ұзақтығы тез қысқаруы керек. Дем шығарғаннан кейінгі үзіліс ұзақтығы барлық жағдайда демалу ұзақтығының жартысына тең. Тыныс алу жаттығуларын орындау кезінде дене қалпы тұрған, отырған, жатқан жағдайда болуы керек.

Барлық емделушілерге темекіден бас тартқан кезде тыныс алуды тазарту ұсынылады. Бұл жаттығу таңертең, аш қарынға, ауасы тазартылған бөлмеде орындалады. Дене қалпы – тұрып, екі өкше бірге, қол түсіріліп тұру керек. Мұрын арқылы бірқалыпты терең дем алу екі шеттен қолдың біргелкі жоғары көтерілуімен орындалады. Ауа қатты қысылған ерінмен дем шығарылады. Дем шығарғанда дене алдыға еңкейтіліп, қол аяққа дейін түсіріліп, дене алдында тұрған қандай да бір затты таптап, итеріп шығару сияқты қозғалыспен орындалады. Қолға табаннан иыққа дейін күш салынады. Ішпен дем алу - демді ішке тартқанда іш сыртқа шығып, ал дем шығарғанда ішке тартылады. Жаттығу үш рет қайталанады. «Темекімен ойын» темекі тартудың түрінде темекі тартуға тиісті заттармен алдауды темекі тартуға қатысы жоқ басқа затпен алдаумен ауыстыру талап етіледі. Бұл тасбиқ, жұмбақ, қол эспандері, доп немесе емделушіге қатысты қандай да бір алдау түрі болуы керек.

Жағымсыз көңіл-күйден арылу үшін темекі тартуды қолданатын «қолдау» темекі тарту түріне қатысты тұлғаларға темекі тартуды емдеу кезінде қолданатын релаксация және психотерапия әдісімен бірге тыныштандыратын терапия курсын жүргізуді қажет етеді.

Темекіге физиологиялық тәуелділік анықталған емделушілерге («шөлдеу» темекі тарту түрі) ИРТ және фармакологиялық терапия әдісі ұсынылады.

«Рефлекс» темекі тарту түріне жататын емделушілер ИРТ қажет етеді. Емделу курсы емдеу басталғаннан кейін 1-3 айдан кейін қайталанады.

«Қалау» және «рефлекс» темекі тарту түріне жататын емделушілер, сонымен қатар темекіден біртіндеп бас тартатындарға қарым-қатынас техникасын үйренуге, жеке басының ерекшелігін түзеуге, күйзеліспен күрес тәсілдерін үйренуге, релаксациялық әдіске, темекіден бас тарту уәждемесін қолдауға бағытталған топтық психотерапия курсын жүргізу қажет.

Барлық аталған әдістерді көрсеткіштерге байланысты қолдану қажет. Емдеу курсының ұзақтығы таңдалған емдеу әдісі мен темекіден бас тартудан өтудің өзіндік ерекшелігіне байланысты.

2.3 Қолдау және бақылау кезеңі. Темекіден бас тарту абстиненция белгісімен бірге жүретін емделушінің темекіден бас тарту кезеңінде психологиялық және медициналық қолдауды жиі қажет ететін ұзақ процесс болып табылады. Жыл бойы емделушінің соматикалық және психологиялық жағдайын бақылауда қолдаушы кезеңді жүзеге асыру темекі тартуды емдеудің соңғы жетістігімен анықталады.

Емделудің соңғы нәтижелі көзқарасымен темекі тарту әдетіне қайта оралуға ескерту жасау темекіге қарсы шаралар кешеніндегі маңызды түйін болып табылады. Темекі тартуды қайта бастау және бұрынғы шылымқордың хал-жағдайының нашарлауымен байланысты ауыспалы жағдайын анықталады.



Бірінші ауыспалы кезең. Соңғы темекіні тартқаннан кейін 48 сағаттан кейін байқалады. Бұл темекіден болған абстиненцияның шегі. Емделуші темекіге деген қарсы тұра алмайтын әуестікке және түрлі психологиялық соматикалық бұзылуына шағымданады (қолдың қалтырауы, бас ауыруы, ұйықтай алмау, ашуланшақтық және т.б.).

Екінші ауыспалы кезең. Темекіден бас тартқаннан кейін шамамен бір айдан кейін байқалады. Темекіні қайта бастаудың негізгі себебі абстиненция белгісін уайымдауға байланысты психологиялық соматикалық бұзылу. Емделуші ашуланшақтық, ызаланғыштық, сылбырлық, енжарлық, ақыл-ой жұмыс қабілетінің төмендеуі сияқты астеник невротикалық сипат түрінде шағымдар айтады. Созылмалы соматикалық аурулары бар тұлғалар кенет қатты ауруды сезінеді.

Үшінші ауыспалы кезең. Темекіден бас тартқаннан кейін үш айдан кейінгі кезең. Бұл кезеңде бұрынғы шылымқор өзінің темекіні қайта тартуының себебін қандай да бір күйзеліс жағдайымен байланысты (отбасындағы ұрыс, жұмыс жағдайлары және т.б.).

Бұл кезеңде кейбір шылымқорлар темекіге тәуелділіктен арыла алмайды. Кейбіреулер түсінде өзінің ар-намысын кінәлаумен темекіге байланған түрде байқалады.



Төртінші ауыспалы кезең. Темекіден бас тартқан соң алты айдан кейін байқалады. Бұл кезеңге қайтадан темекі тартуды бастаған тұлғалардың көбі жатады. Емделушілер өзінің темекіні қайта бастаған себебін ашып айта алмайды. Көбінесе жөнсіз қорқыныш жағдайы сияқты анықталады.

Бесінші ауыспалы кезең. Темекіден бас тартқаннан соң 10 жылдан кейін қайта тартуы. Бұл күйзеліс жағдайларымен тығыз байланысты (қатты ауыру немесе жақын адамының қайтыс болуы).

Бұрынғы шылымқорладың көбі темекі тастаған соң 6 немесе 12 айдан кейін түсінбестіктен темекі тартпайтын адамдар қатарында емеспіз және бір рет темекі тарту шылымқорлар қатарына қайта қоспайды деген жаңсақ есеппен қайта тартады. Кейбір тұлғалар өзінің темекіні қаншалықты дәрежеде жақсы қойғанын тексереді. Мұндай тәжірибе көбінесе темекіні қайта бастаумен аяқталады.


Темекі тартуға ескерту жасау мақсатында ТҚО маманына қажет:

  1. Ауыспалы кезеңдерде емделушілермен темекіден бас тартқаннан

соң 48 сағат, 1,3,6 және 12 ай мерзімінде жеке немесе телефон арқылы хабарласып отыру.

  1. Бірінші үш айда шылымқорлар психотерапевтік сипаттағы (темекі

тартпау уәждемесін қолдау жөнінде әңгіме, топтық жаттығулар, темекі тастаған басқа емделушілермен кездесу) немесе дәрілік сипаттағы (абстиненцияны тоқтату, седативтік дәрілер, тазартатын диета және т.б.).

  1. Емделушіні темекіден бас тартудың дәрісіз әдістері туралы

әдебиеттер немесе ескертпелермер қамтамасыз еткен дұрыс.

  1. Салауатты өмір салты бойынша (психологиялық гигиена, спорт,

темекіден бас тарту) ұсыныстар беру қажет.

  1. Емделуші біреуге көмек көрсете алады, мысалы, туысқанына немесе

танысына темекіден бас тартуға кеңес беруіне болады.

  1. Емделушіге ауыспалы кезеңде немесе абстиненция асқынғанда

көмек сұрауды ұсыну.

  1. Бұрынғы шылымқорға темекіге итермелейтін жағдайлардан өзін

алшақ ұстауға кеңес беру.

  1. Бұрынғы шылымқормен әңгімелесу кезінде темекі тартпаудың

абырой екендігін айтып, қайталап отыру.
Темекіге қарсы орталық қызметкерлері үшін емделушіге қолданатын жұмыс әдістері туралы ақпарат
Жалпы тәжірибедегі дәрігердің қысқаша кеңесі қандай да бір іс-әрекет болмағаннан тиімдірек екені; жалпы тәжірибедегі дәрігер жүргізетін қарқынды кеңес беру қысқаша кеңестен тиімдірек екені; никотинді алмастыру терапиясы (НАТ) қысқаша кеңеспен салыстырғанда темекіні тастағандардың санын көбейткені анықталды.

Дегенмен, Дүниежүзілік темекісіз күн Халықаралық темекіден бас тарту күні және оған орайластырылған айлықтар мен онкүндіктер, «Темекіні таста да, ұтып ал!» байқауы, «Темекіні алмаға ауыстыр» акцияларының кең ауқымды іс-әрекеттерін бағалау қиын, бірақ олар жеке кеңес беруге қарағанда темекі тартатын тұрғындардың көбін қамтиды және экономикалық жақтан да өте тиімді.

ДДҰ СИНДИ-ҚАЗАҚСТАН халықаралық жобасының мәліметіне сәйкес кешенді қосымша кеңес берумен жалпы тәжірибеде дәрігермен және бастапқы медициналық санитарлық көмек мамандарының қосымша баруы арқылы көрсетілетін қысқаша кеңес НАТ сияқты ықпал ету тиімділігін көтереді. Сонымен, ТАН кеңестің ықпал ету тиімділігін шамамен екі еселейді. Сөйтіп, ықпал ету қарқынды болған сайын, нәтиже де жақсы болады.

Қысқаша кеңес шылымқормен бірге уайымдап, мазасызданса да денсаулыққа темекі тартудың әсері туралы білімі нығайтылған және шылымқор емделушімен жақсы байланыста болумен қатар мықты және беделді болуы қажет.

Негізінде кеңес беруші келесі кеңесті ұсынуы, егер керек болса топтық қолдау да көрсетуі қажет. Қолдау мәселені және оның шешілу стратегиясы анықталған соң беріледі, яғни әдетке негізделген.

Мұндай кеңес және қолдау жеткілікті күшті уәждемесі бар және мінез-құлқын өзгертуге дайын шылымқор емделушіге көрсетіледі.

Оған дейін шылымқор емделушінің өз мінез-құлқын өзгертуге дайындығына бағалау жүргізу қажет.

Темекі тарту арқылы алатын никотинсіз өмір сүруге дағдылануы қиын шылымқор емделушіге абстиненция белгісін азайтатын және темекі тарту әдетінен арылуға көңіл аударуға мүмкіндік беретін дәрі беруге болады. Біртіндеп никотинді алмастыруды азайту емделушіге никотинсіз қайта қызмет істеуіне дағдылануына және жайсыздықты жеңуге мүмкіндік береді.

Ол арнайы сағыз резеңкесі, мұз кәмпиттер,мұрынға арналған жабыстырғыш, аэрозоль және ингалятор болуы мүмкін. Бұл құралдарды нұсқаулықтарына сәйкес қолдану маңызды, сонда никотинге тәуелділік біртіндеп және нәтижелі түрде төмендейді.

Бұл тауарлар қымбат, бірақ оның бағасын денсаулық үшін темекі тарту бағасымен және шылымқор емделушінің қаржылық шығындарымен салыстыру қажет.

Мысал ретінде, Британдық медициналық қауымдастық пен Британдық обырды зерттеу қорымен (Англия, 1989) жарияланған никотинді сағыз резеңкені қолданатындарға ұсыным жүргіземіз.


  • Бұл сыйқырлы дәрі емес және темекіні өздігінен қойдырмайды.

  • Ол, дегенмен темекіге деген әуестікті азайтуы қажет.

  • Ол ағзаға никотин енгізеді, бірақ темекі сияқты жылдам емес. Ол темекі сияқты қанағаттандырмайды.

  • Темекінің орнына қолданыңыз. Әр талын 20-30 минут көлемінде шайнаңыз.

  • Егер басыңыздың айналғанын сезінсеңіз, ықылық атса немесе дәмі тым өткір болса үзіліс жасаңыз.

  • Дәмі бірнеше күн жағымсыз болуы мүмкін. Уайымдамаңыз. Бұған үйренесіз.

  • Абстиненцияның 3,4-айларында қолдану ұсынылады.

  • Бұл тәуелділікті сирек тудырады.

Бұрын қолданылған әдістер, мысалы жиіркенушілік терапиясы, гипноз,

нүктелік уқалау, лазерлік терапия, түрлі химиялық заттар өзінің тиімділігін көрсетпегендіктен қолданылмайды.

Медициналық қызметкер соңғы мәліметтермен және зерттеулер жөнінде, зерттеу әдістерін және олардың нәтижелілігін сын көзбен бағалап, үнемі өзін ақпараттандыруды үзбеу керек.

Көптеген емдеу әдістері жеке немесе отбасылық кеңестермен бірге топтық түрде көрсетілуі мүмкін. Егер топпен жұмыс қолдауды нығайту және басқалар алдында міндеттерді көтеруге мүмкіндік туғызса, бұл емделудің тиімділігін арттырады.

Қазіргі кезде ДДҰ-ның темекімен күрестегі басты мақсаты балалардың және жасөспірімдердің темекі тартқанға дейін темекінің зияны туралы ақпараттандыру. Ақпарат күмән тудырмай, тартымды және түсінікті болуы керек. Темекімен күресуде жетістікке жету дәрігердің өзімен, медициналық мекеме қызметкерлерінің жауапкершілігіне байланысты. Бұл факторға дұрыс қарым-қатынас жасау, жан-жақты қолдау жетістік мүмкіндігін айтарлықтай жоғарылатады. Немқұрайлы, еш нәрсеге міндеттемейтін кеңес ешқандай нәтиже бермейді.


Темекіден бас тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру барысында келесі мәселелерге көңіл аудару қажет:


  1. Шылымқор емделушіге темекіден бас тартудың денсаулыққа жақсы әсер ететінін және жалпы адам денсаулығына темекінің әсері туралы ақпарат беру.

  2. Темекі тарту әдеті, темекіден бас тарту тәсілдері, өз денсаулығын қолдау мен нығайтуда шылымқордың өзінің рөлі туралы ақпарат беру.

  3. Темекіні тастаушыға, өз денсаулығына темекіден бас тартудың оң әсер етуін көрсететін, әсіресе оның көңіл-күйінің қысқа мерзімді нашарлауы мүмкін алғашқы уақытта қолдау көрсету.

  4. Медициналық мекеме қызметінде тұрғындардың темекіге қарсы қарым-қатынасы, темекі тарту мен денсаулықтың үйлесімсіздігі, темекі тартпаудың адамның қалыпты жағдайы екенін айқын көрсететінін нақты бақылау қажет.

АҚШ мемлекеттік денсаулық сақтау қызметімен жарияланған және

халықаралық зерттеулер нәтижесі деңгейіне барлық жарияланымдарға негізделген темекі тартуды тоқтату бойынша клиникалық жетекшілік медициналық қызметкерлерге нақты ұсыныс береді (Woodward C.A. және т.б., 1982):


  1. Әр шылымқор емделушіге темекіні тоқтату бойынша ем алуға кеңес беру қажет.

  2. Медициналық қызметкер шылымқор емделушіден темекіні тұтыну туралы ақпаратты анықтауы қажет.

  3. Темекіні тұтынуды тоқтату жөнінде ұсыныстар, қысқа мерзімді болса да (3 минут) тиімді болып табылады.

  4. Көмек қарқынды болса, оның ұзақ абстиненция кезінде жетістікке жету нәтижелігі жоғары болады.

  5. Никотинді алмастыру терапиясы, қызметкерді оқыту және қолдау темекіні тоқтату бойынша тиімді көмек құралы болып табылады.

  6. Денсаулық сақтау жүйесі үнемі барлық темекі тұтынушыларды анықтап және әр келген кезінде ықпал етумен өзгертіліп отыруы керек.

ТҚО мамандарының қызметінде қолдануға болатын әдебиеттер:

Профессор Витольд Затонскидің «Темекіні қалай тастауға болады» кітабы, Варварша 2008 ж., Аллен Карраның «Темекі тастаудағы жеңіл тәсіл», Добрая книга 2002 ж., Левшин В.Ф., «Темекіден бас тарту кезінде медициналық көмек көрсету бойынша топтық жаттығулар әдісі», Г.М.Сахарованың, Н.С. Антоновтың «Терапевтік тәжірибеде темекіден бас тарту бойынша көмек көрсету» оқу құралы, - М., 2010.


Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Темекі тарту тұрғындардың денсаулығының нашарлауына, мезгілсіз қаза, еңбекке қабілетті жаста жоғары аурушаңдық пен мүгедектік, үлкен әлеуметтік және қаржылай залал келтіретін Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығын сақтауда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Темекіге қарсы орталық жүйесінің кеңеюі және олардың қызметін жетілдіру тұрғындар арасында темекі тартуды төмендетуде маңызды тәжірибелік қадам болып табылады. Міндеті – осы қауіпті әдеттің зияны туралы тұрғындарды ақпараттандыру, темекіден бас тартуға тәжірибелік дағды уәждемесін білу болып табылатын медициналық қоғамнан ғана емес және темекіден бас тарту кезеңінде көмек көрсетуге де көп күш-жігерді талап етеді.

Осыған байланысты осы әдістемелік нұсқаулық темекі тартудың алдын алу жұмысында және денсаулық сақтау, БМСК, темекіге қарсы орталық, білім беру қызметкерлері, жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ барлық салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандары сияқты темекі қарама-қайшы қатынас бейнесін қалыптастыруда маңызды болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Темекіге қарсы орталық қызметі. Әдістемелік жетекші. СӨСҚПҰО,

ДДҰ СИНДИ-Қазақстан бағдарламасы, Алматы, 2001ж.

  1. Темекі тартудан туындаған ӨСОА-ның алдын алу және темекіге

тәуелділікті кешенді емдеу. Әдістемелік нұсқаулық №2002/154 Москва, 2003 ж.

  1. Темекіден бас тартуда медициналық көмек көрсету бойынша топтық

жаттығу әдістері. В.Ф. Лившин.

  1. Г.М.Сахарованың, Н.С. Антоновтың «Терапевтік тәжірибеде

темекіден бас тарту бойынша көмек көрсету» оқу құралы, - М., 2010.

  1. ДДҰ темекіге қарсы күрес оның мәні мен салдары бойынша шекті

келісімшарт. Алматы, 2004.

1-қосымша
Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласы қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет