Темербаева Жанна Амангелдиевна


Кредиттік оқу жүйесінде модульдік оқыту технологиясының тиімділігін арттыру жолдары



бет3/11
Дата05.06.2017
өлшемі3,38 Mb.
#18186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.2 Кредиттік оқу жүйесінде модульдік оқыту технологиясының тиімділігін арттыру жолдары



  • Елбасы, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылғы 11 қазанындағы № 1459 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» нысаналы ұстанымға бағдарлайды [45]. Аталған құжатта білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындағы алшақтық жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі заманғы технологиялық үдерістерді басқара алатын зерттеуші маман даярлауға толыққанды көшіруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді . Бұл үзіндіні әрі қарай жалғастырсақ:

    «Педагогика ғылымдары бойынша жүргізілген зерттеулердің тәжірибелік мәні төмен... ондаған жылдар бойы білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың әдістері мен нысандары өзгеріссіз қалып отыр, дайын білімнің көзі ретіндегі педагогтің міндеті туралы ескірген түсінік сақталған». Елбасының білім беру мамандарының ескі түсініктен арылуына мемлекеттік бағдарлама ұсынуының өзі - айрықша тұлғалы іс, қуантулық жәйт.

    Жаңа технология ұғымы қолданымда құлағымызға жиі естіліп жүргенімен, оның іс-әрекеттегі әдіснамасы бұлдырлау. Аталған бұлдырлықтың басты себеп-салдары төмендегідей:

    – бір технологияны меңгеру үдерісінде қабылдаушы тұлғаның психологиялық жадынамасының мүмкіндігі ескерілмей келеді;

    – технологияға жетілу үшін классикалық және инновацияға қызмет етер деген әдістерді саналы меңгеру парқын елемеу кездеседі;

    – технологияның бір ғана нұсқасын меңгерушілікпен шектелуінің себептерін ашуға мән бермеудің байқалуы;

    – меңгерген технологияны сыни пайыммен зерделеп, іс-әрекет үдерісінде өнімді нәтижеге апару-апармау барысын бағамдаудың жетімсіздігі.

    Жоғарыдағы сараптаумен анықталған кемшіліктер таптаурын, дәстүрдегі қалыптанған білім беру деңгейлігінің әдістері мен нысандарын тәжірибеден түбірімен аластап тастауға кедергі келтіруде. «Білім берудің жаңа технологиясы» радикалды стиль тұрғысында қарастырылады. Оның мәні – ескіше қалыптасқан бұрынғы амал-тәсілдерді түбірімен іс-тәжірибеден алып тастау шеберлігін ұштау. Әрине, өзіне етене жақын үйреншікті амал-тәсілдерді тәжірибеден ығыстыру үшін белгілі бір тұлғаның әдіснамалық дүниетанымы қоғам сұранымына сай құбылып, өзгеріп, динамикалы сипатқа түсіп отыруы орынды-ақ. Білім беру кеңістігінде технологияның өнімді нәтижеге қол жеткізбеуінің бір факторы – ол тұлғаның аталмыш технологияға ожырая қарауы сөзсіз. Міне, осындай кереғар қайшылықтардың шоғырлануынан көптеген жеке тұлғалардың экономикалық парасат бағамдары болу керек нұсқадан төмен көрсеткіштерде қалып қояды. Сондай келеңсіздіктің орын алуынан педагогика ғылымының басқа ғылымдардан қалыс қалып, басымдық рөлін жойып, халық алдында беделін әлсіретіп жүргені белгілі. Шындықтың жүзімен қарасақ, педагогика нысанының қатысы жоқ бірде-бір ғылымды атай алмаймыз. Ол үшін әрбір оқытушы-профессор өзінің дәріс, семинар жүргізу барысында қандай амал-тәсілдерді «демеуші білім беру» және «инновациялық білім беру» жіктемесіне жатқызатынын ішкі пайыммен бағамдап, соған сәйкес келерлік технологияны не даяр күйінде қабылдайды, немесе оны өзінің жүйе-құрылғысымен жасайды. Жалпы технологияны ұтымды пайдалану жаратылыстану мен нақты ғылым салаларында жиі кездеседі. Себебі аталған пәндердің ішкі мүмкіндігі технология заңдылығына үндесіп келеді. Мәселен, «алгоритм», «амал», «төте жол», «қысқа жол», «дәріс», «қарқындылық», «жылу», «тығыздық», «күш», «қуат» т.б. ұғымдардың өзі іс-әрекеттің нышандық белгісі ретінде сипатталып тұр.

    Технологиялардың тиімді пайдалану үшін оның әдіснамалық бағдарын құрып алған орынды:


    1. Білім беруде, білімдендіруде, ғылым игерту үдерісінде басымдық іс-әрекетті жандандырудың негізін қалауы.

    2. Ғылыми-оқу қызметін, инструментін тұтастықта жабдықтаудың жолдарын табуы.

    3. Білім берудің негізгі бағыттарын, ұстанымдарын, интеллектуалды әлеуетін (мақсат, міндет, жаңалығы, жобасы...) ұдайы дамытудың ақиқатты амалын құруы.

    4. Ғылымдар арасындағы өзара ықпалдастық заңдылықтары мен ұштастық қағидасын анықтауы және студенттің ішкі ғылыми-біліми қорын (интериоризациясын) олардың өзінің зерделеу іс-әрекетінде ширатуы.

    5. Қарастыруға қатысты нысанына басымдықта келетін әдіснамалық жүйенің құрылымдық мәнін зерттеуі.

    Жоғарыда келтірілген бес әдіснама құрамдарын ұстаным ретінде алған оқытушы-профессор зерттеу әдістері сапасында жүйе-құрылымдық тұрғыда кездесетін инновациялық технологиялардың өзінің білім беру үдерісінде қолданады. Әрбір ғылым негіздерін студент санасына сонылық сапада жеткізуі мақсатында логикалы тапсырмаларды шешуге бағдар жасауы көзделеді. Ол үшін барлық стандарттағы пәндерден ірі тақырыптар шоғырын есептеп, оның блок жүйесін модульдерге салған тиімді-ақ. Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін стандарт шегіндегі оқулықтардағы тапсырмалар мен сұрақтар логикалық пайымды дамыту мақсатына шақтап құрылмай, ірі блоктың модульдік жүйесінің құрам-бөліктерін тұтастық заңдылықта қабылдаудың рейтинг шкаласына жіктелмей бағалау аясында «мониторинг қорытындысын» формальды тұрғыда шығаруға жүйрікпіз-ақ. Көбінесе ғылыми еңбек талап-мүддесіне сай келе бермейтін шылау категориясын көп қолдану арқылы эмоционал-экспрессив реңді айрықша бөліп көрсетуді мақсат тұтып отырмыз. Технологияның инновациялық бағдарда болуы үшін алдымен білім беру үдерісін студенттердің ішкі интеллектуалды әлеуетіне қажеттілік сипатында ыңғайлап алу көзделеді. Ол үшін бағалау көрсеткіштері мен өлшемдіктері ғылым салаларымен қуалау қағидасымен саралануы қарастырылады. Тәжірибе үдерісінде стандарт пен типтік бағдарлама арасындағы сәйкессіздіктің белең алғаны сонша, стандарттағы мәселен, 16 құрамдық бағдар құрылымы типтік бағдарламада 8-ге түсіп кететіні байқалды. Бұндай құлдыраушылықтан оқытушы-профессор жұмыс жоспарын құрастырғанда қандай күй кешетіні өз-өзіне түсінікті.

    Аймақтық ауқымда қолданыста бар ұғымдар басқа ортада таныс емес болып шығатын тұстар да әдіснаманың осалдық деңгейін аңғартады. Көптеген шет тілдерінен кірген терминдер қазақ тілінде дәл аудармасында берілмегендіктен, «кластер», «когнитив», «ноосфера», «силлогизм», «креатив» және т.б. ұғымдардың барабар мағынасын жеткізер деген баламасын табу қиын. Жасыратыны жоқ ұғымдардың өзін ретке келтіре алмағандықтан, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу үлкен мәселе.

    Демеуші білім үлгісінің негізгі белгілері:

    1.V-XIX ғасырлардағы әдеби шығармалардағы қалыптасқан, назарды таным нысанына, дүние туралы ақиқат білім алуға топтастырылған ғылыми ұғымдылықтың классикалық түрі. Белгілі бір ұлттық, деңгейдің патриоттық сезімін күшейтіп, өз елінің мәдени-біліми-ғылыми құндылығын орнықтырады. Ол кездің талап-мүддесі ең мықты ұстанымда болады. Бір кездегі жаңалық-бүгінгі де жаңалық.

    2. Жоғары оқу орындарының өзіне тән оқыту мазмұнына ыңғайланған тәртіп жағынан ұйымдастырылуда. Оқу мен ғылыми қызметті қатарынан дамыту. Іргелі пайым, табиғат жайлы философия, адамдардың әртүрлі сипатын ажырататын танығыштық қызмет, пәндер модуліндегі оқшаулығын баян етеді.

    3. Бағдарламалық оқыту мен модульдеп оқытудың технократтық ойлау мәдениетін білім нысандарын пайдалану нәтижесінде айқындап, қолдайтын дүниенің механистік және детерменистік көрінісі қалыптасады.

    4. Негізінен бір мағыналы және оқытушыға (жоғары мектептің) бұрыннан мәлім жауаптары бар, таптаурын қалыпқа түскен, талдаудың әдістері танымал, даяр білімді беруге бағдарланған оқыту әдістерінің басым болуы.

    5. Білім мазмұнының әлеуметтік-техникалық құрам бөліктерінің жасанды ара-қатынаста келуі. Теория мен тәжірибедегі сынақтың «инновациялық білімнің» үлгісінің негізгі белгілері:

    1. Танып білетін және қолданылып жүрген субъектіні қоса қамтитын ғылыми ұтымдылықтың классикалық түрлерінің басым болуы. Танымды шектеушілік дағдыдан аулақ болып, әр адамды жеке деңгейліктегі тұлға деп қараушылық.

    2. Оқытудың мазмұнын интегративтік негізде ұйымдастыру; табиғаттың, қоғамның, адамның өмір сүру мәністерін айқындайтын заңдылықтарын ғылыми еңбектердің сарынынан зерделеп, сыни бағаммен құндылықтарды екшей білетін қабілеттілікті меңгеру; «адам-қоғам-табиғат» қатынасын үйлестіруге бағытталған жүйелік ойлау, адамның мүмкіндігінен тыс құбылыстың барлығына, оны тануға бағыттау, дүниетанымның ең жоғары дамуының мәдениетін қалыптастыру.

    3.Оқытудың мазмұны мен әдістерін шығармашылық іс-әрекетінің әдіснамасын меңгеріп, басқалар байқай қоймайтын ұстанымын таба білетін, тіпті оқытушы байқамаған нәрсені жасайтын инновациялық қабілетін тәрбиелеп дамыту.

    4.Мамандық факторлары ретіндегі, оның ішінде нақты философиялық модульді пәндерін меңгеру барысында, әсіресе, жобалық оқу жұмыстары барысында ізгілікті, руханилықты, әлеуметтік және қоғамдық жауапкершілікті дарыту және дамыту.

    Жоғарыда басы ашылған көлеңкелі іс-әрекеттерді жоюдың амалы – білім беру үдерісіне әдіснама бағдарын айқындау. Әдіснама бағдарының бірінші сатысы гносеология амалын тәжірибеде ұтымды қолдану. Бұл бағдарда әр ғылымдық ұғымның, түсінік-тұжырымның себеп-салдарын анықтау.

    Әдіснама бағдарының екінші сатысы – шығармашыл-креативті әдіс. Белгілі бір білім теориясынан айрықша көріністерді аңғарту. Әдіснама бағдарының үшінші сатысы – аксиологиялық әдіс. Меңгерілуге тиісті ғылыми нысанның астарлы тұстары қамтылады. Студент бұрынғы білім қорларын интеллектуалды әлеует сапасында жинақтаған өзі де тұжырымдама жасайтын дәрежеге жетіледі. Бұндай әдіснама бағдарының оқу ісінің нәтижесі әр студенттің креативтік, эзотерикалық парасат пайымына ұмтылуымен көрініс табады. Танымдық-когнитивтік қызмет - әлем мен субъекті байланысының түрі. Бұл іс-әрекет қосымша екі үдерістен тұрады: субъективті немесе өзінің ішкі құлқымен әлемді өзінше жасап алады, ал екіншісі әлемнен нысаналы алу өнерін игереді. Субъект және нысан үшін танымдық қызмет алғашқы болып есептеледі. Сөйтіп, "құлық пен нысан" немесе "субъекті мен нысана" танымдық-когнитивтік қызметте қосылып, біртұтастық жүйе құрып, адамның жеке тұлғасын өзгертуге қозғаушы күш болады. Білім теориясының үлгісі әр кеңістік пен уақытта әртүрлі дамиды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының білім теориясын жүзеге асыратын орындары мемлекеттің және жеке меншіктің қарамағындағы мекемелер болып жіктеледі. Мемлекеттің қарамағындағы жоғары оқу орындарының мемлекет тарапынан шыққан заңдар мен құжаттамаларды орындауда ешқандай қайшылық жоқ. Бұндай жүйе алдын-ала стандарт ауқымында қарастырылады. Оған тек жергілікті жердің оқытушы-профессорлары 20-30% өзгеріс енгізуіне жол ашылды. Басымы стандарттағы пәндер мен нысандарын қамту болып табылады. Жоғары оқу орындарының білім теориясын жүзеге асыратын негізгі элементтері төмендегідей:

    білімнің мақсаты;

    білімнің мазмұны;

    білім меңгерудің құралдары мен тәсілдері;

    білім игеру үдерісін ұйымдастырудың түрлері;

    студенттің нақтылы білім алуы мен ізгілікті тәрбиені қатарынан қабылдауының бірлігі;

    білім үдерісінің субъектілі және объектілі тұстары;

    білім ортасының тууы;

    білім нәтижесі, аталған жоғары оқу орындарының мәртебесіне лайықты біліктілігі мен рухани әзірлігі.



    Білім берудің негізгі мақсаты - нәтижеге жетудің амалын дәл де дәйекті жолмен күні бұрын құрастыру. Жақын болашақтың зиялы қауымының үлгісі мемлекеттің стратегиялық-тактикалық бағдарламаларында сипатталып беріледі. Әр оқытушы өзінің білім игерту амалын ұйымдастырғанда мемлекеттік сұранымға құлақ түріп, оны өзінің назарына жетекші мұрат ретінде алып отыру - бүгінгі күннің талабы екенін ескерген дұрыс. Осыған орай, күні бұрын оқытушы білім жүйесінің дидактикалық негізгі заңдылығын қарастырып, жоспарлап, студенттердің танымдық оқу қызметінің әрбір курсқа қатысты келуін есеп шығарғандай жоспарлайды. Оқу үдерісінің соңындағы "сынақ", "емтихан" сабақтарында студенттердің білім беру мақсатын жүзеге асыруы жайлы оқытушы кредиттік технологияға сай жұмыс нұсқасын құрады. Мүмкіндігінше әр оқытушы өзінің жоғары оқу орнын бітіретін түлегінің моделін кәсіптік бағыттылығына сәйкес не математикалық, не морфологиялық тәсілмен жасап қойғаны жұмысты жеңілдетеді. Әрине, мұндай ұстаным оқытушының өз қиялынан аспай, студенттің мамандық меңгеруге зауқы соқпаса, бұл істен мардымды ештеңе шықпасы түсінікті. Сондықтан студенттің субъективті құбылысына үңіліп, оның ыңғай-бейіміне қарай білім беру ісін бағындырып отыруға жан салуды ойлағаны жөн. Мамандық меңгеруге тиісті типтік бағдарламада дәріске жалпы сағаттың 10%, оқытушы-профессор құрамымен студенттердің өзара қарым-қатынас жұмысына 25 %, студенттердің өздігінен жұмысына 65 % уақыт бөлінетінін білім мазмұнын жұмыс жоспарына межелегенде ескеру орынды. Міне, қай мамандық болса да сағатты ұтымды пайдалану, тақырыптарды топтастырып, әр пәнді үлгіге, оны модульге салу, оқыту мазмұнын нәтижеге бағдарлау туып отыр. Өйткені, педагогика саласы жоғары оқу орындарында болашақ ұстаздарды оқыту үдерісімен шұғылданады, ал жоғары мектеп оқытушыларына кәсіптік талапқа сай бағыт берерлік арнайы ортаның мақсаттылыққа жүгінген тындырымды қызметі жеке болуды көздейді. Аталған субъектілердің басымы әдіс пен педагогтік технологияны, амал мен жолды, тәсіл мен құралды демеуші білім мен инновациялы білімді ажыратпақ түгіл, оның қажеттілігін байыптамау әлі күнге дейін кездеседі. Педагогика білімі барлық пәндердің төбесінен қарауы үшін кәсіптіліктің ең жоғары шыңына жету қажеттілігін түсінеміз. Ондай мамандар Қазақстан Республикасында баршылық. Білім меңгерудің стратегиясы ғаламдық кеңістікке студенттерді ынталандыруды көздейді. Олай болса, әр оқытушы өз пәнінің әлемдік иерархиядағы мәнін білім берудің мақсаты арқылы шешуге ниет алуы қажет. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі барлық елдердің студенттерін қабылдауына мүмкіндік береді. Білім теориясын меңгерудің үзіліссіздігін жүзеге асыру барысында ерекше мынандай қасиеттерін атап өтуге болады:

    білім беру жүйесінің тиімділігі қоғамның даму стратегиясына негізделіп құрылады;

    білім беру жүйесі болашаққа ыңғайланып тізбеленеді;

    білім теориясының мақсаты, мазмұны білім беру технологиялары, ұйымдастыру түрлері, басқару механизмдері үнемі өзгеріп отырады.



    Білім беру жүйесінде дәстүрлі мәселелермен қатар кең ауқымды мәселелер, планетарлы таным, жалпы адамзаттық құндылықты санамен парасаттау, табиғатпен санасу, экологиялық, экономикалық, материалистік ұғыммен бірге идеалистік пайымды бағалай аларлық танымды дамыту сияқты міндеттерді шешу - басты мұрат. Білім теориясының функциясы - интеллектуалды, әлеуметтік, адамгершілік секілді қасиеттерді дамыту. Қазіргі білім беруді дамытудың бағыттары мен қасиеттері: ізгілендіру, гуманитарландыру, саралау, стандарттау, көпнұсқалы, көп деңгейлікті білім беру, білімді қорландыру, компьютерлендіру, ақпараттандыру, жекелендіру, үзіліссіз білім игерту. Білімді ізгілендіру - дидактикалық негіздің пән арқылы ізгілік сипатын жүйеге салатын, талдайтын, жинақтайтын іскерлікті қалыптастыру. Білімді ізгілендіру - адам өмірінің мәнділігі үшін әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беру, өзінің мамандығын еркін игеру, басқа адамдармен емін-еркін қатынасқа түсу, ана тілін жетік білу, тарихы мен мәдениетін меңгеру, шетел тілінде еркін сөйлеу, экономика, заң мәселелерін жақсы игеру. Саралау - жеке студенттің қызығушылығына, сұранымына қарай білім меңгерудің жетістіктерін білу. Топпен тәжірибешілік сабақ барысында және белгілі пәнді жеке оқу, кәсіптік ыңғайға қатысты саралап оқыту. Стандартизация - жоғары оқу орындарына мемлекет тарапынан міндеттелетін бағдарламалар мен құжаттамалар және оқулықтар мен оқу құралдары белгілі сағат ауқымында шектеліп беріледі. Көпнұсқалы білім игеру - әр студенттің өз бейіміне қарай жағдай жасалған білім жүйесі, өздігінен танымдық қызметін дамытуына мүмкіндік беріледі. Көпнұсқалы білім беру жүйесінің технологиясы оқытудың ыңғайлану мәселелерін шешеді. Студент бір деңгейліктен екіншіге ауысып отырады. Мәселен: репродуктивтіден эмпирикалыққа, эмпирикалықтан эвристикаға, эвристикадан мәселелі зерттеуге, мәселелі зерттеуден шығармашылыққа, шығармашылықтан креативтікке, креативтік деңгейлік немесе эфирлі қабаттан ғарыштықты, ғарыштықтан ментальді деңгейлікті ажыратуға дидактикалық нысандар арқылы жетіледі. Пәннен білім теориясының "элементтерін" жоғары оқу орындарында оқытушысы өзі теріп, жинақтап, жүйеге салып, үлгісін көрсетпесе, студент өз-өзінен танымының бір деңгейлігінен екінші сатысына өте алмасы анық . Көпдеңгейлікті білім беру жүйесі жоғары оқу орнында бүгін 4 жылдық – жеделдетілген. Екінші жоғары білім алу - 2 жылдық, креативтік деңгейлік академиялы - 5 жылдық, магистратура - 4 жылдық, аспирантура - 3 жылдық болып жіктеледі. Қорландыру - студенттің өмір сүру ұстанымына білім теориясын үндестіріп беру. Білімді ғылыми-теориялық тұрғыда терең игеруге бағыттау. Ақпараттандыру - білім беруде бейнекассетаны, телеэкранды, аудиокассетаны, баспасөзді қолдану (камераға бейнекассета, аудиокассета арқылы дәрістер мен семинар сабақтарын түсіріп, ақпараттандыру басты мәселе). Жекелендіру - оқу үдерісінде жекелеп оқыту. Үзіліссіздік - білім беру жүйесінің өмір бойы жалғасып келуі. Әлеуметтік жағдайларға байланысты бұрынғы рухани құндылықтардың өзгеруіне байланысты адам білімінің қажеттіліктен шығуы, оның орнына субъект үнемі өздігінен білімін дамытып отыруға төселеді. Білім мемлекет тарапынан басқарылады. Білім беру жүйесінің әр деңгейі мемлекеттік құжаттармен айқындалып, қаруландырылады.

    Түйсіну аталған мақсатты жүзеге асыру үстіндегі студенттің жеке тәжірибесі, білім мен ғылым қабылдау үдерістері саналы тұрғыда іске асатын әрекет. Бұнда студент қазіргі меңгеруге тиісті білім мен ғылымның түбінде өзінің мамандығына қатысты қажет болады деген ұстанымда болмай, белгілі бір пәннен білімді меңгеруі. Мәселен, «Инженерлік сызба» пәнінен шығарған есептерді саналы тұрғыда ертеңгі өз мамандығына қажет деп шығармайды, оқытушы-профессор оны талап еткен соң шығарады. Немесе студенттер тәжірибеге шыққанда зауыттағы жұмысқа тек сол берілген күнді өтеу үшін тиесілі істерін атқарады. Білім мен ғылым жетістігі тәжірибеде көз жеткізу мақсатында өтпейді. Сөйтіп, зауытта немесе үй салу үдерісінде кірпіш қалауды үйренеді, ондағы мақсат «Инженерлік сызба» пәніндегі мақсатпен қабыспайды. Оқу іс-әрекеті оқу қызметі арқылы жүзеге асады. Оқу қызметін жинақтай алу тәсілімен ұштасады. Оның өзі оқу міндеттерін көздейді. Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау оқытушы-профессорлардың құзыреттілігімен алға қойған әлеуметтік талап-мүддесіне орай іске асады. Оқу қызметі оқу міндеттерін шешудің қозғаушы күші болып есептеледі. Оқу міндеті – оқу қызметінің жүйесін орындаудың үйлестірушісі, жүзеге асырушысы ретінде және оны айқындаушы мақсатты шешуге мүмкіндік береді. Оқу қызметінің орындалу тәртібін қамтамасыз етеді:

    – оқу міндеттерін түзу;

    – міндеттерге талдау жасау, алған білімді өзектендіру, көкейкестілігін анықтау, оның шешілу амал-тәсілдерін айқындау;

    – міндеттерді шешудің жоспарын құру;

    – қызметті іске асыру тәсілдерін парықтау;

    – оның тәжірибеде көрініс табуы;

    – міндеттерді шешу ілімін рефлексиялау, бақылау, бағалау.

    Оқу үдерісінде субъектілі-субъект сипаты педагогикалық үдерісте ашық аңғарылады. Студенттер мен оқытушы-профессорлардың оқу үдерісінде өзара қарым-қатынасы оқыту функциясын орындау құрамдарының жүйесінде іске асады, нәтиже береді: олардың өзара қауымдық іс-әрекеті тұтастық қағидаға жүгініп өткізіледі; ынталандыру-қажетсіну уәжін тәсілдер мен құралдар арқылы дамиды; алған біліми-ғылыми қоры студентке жағымды әсер етеді; студенттің интерактив және ізденімпаздық белсенділігі арта түседі, оқу пәніне мазмұн беруге, сараптан өткізуге, оны меңгеруге бейімделуге ықыластанады; іс-әрекеттік – қызметтік қабілетін оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, дамытуға бағдарлайды; бақылау-тәртіптеу іс-әрекетін оқу нәтижесін бақылау мен топшылау қызметін дамытуға ыңғайлайды; бағалау – нәтижелікке жету мақсатын өзін-өзі бағалау, бақылау және алдыңғы алға жылжу жұмыстарын анықтау арқылы іске асырады. Оқыту үдерісіндегі аталған үш түрлі парасатты іс-әрекет жүйесі оңтайлы жүргізілсе, студенттердің болмысы сапалық өзгерістерге түседі. Оның тұлғалық болмысы бағдарлы және үйлестіруші қызмет арқылы ұдайы кемелдену сияқты озықтық бағытқа ойысады. Мұндай жетістікке жету оқытушы-профессорлардың жетістікке қатысты болжаған жобалау білім меңгерту қабілетіне қатысты екенін еске сақтаған орынды. Оқыту ортаңғы мөлшерде, дербес тұрғыда іске аспайды, немесе одан студент жауапкершілігі мықты, білімі мен ғылыми түйсігін өздігінше дамыта аларлық дәрежеге жетеді немесе көлеңкелі кейіпте қалады. Оның ортасы жоқ.

    Зерттеушілердің басым еңбектерінде білім мазмұны арқылы тәрбиелеу дидактикасының оқыту үдерісіндегі ең басты арнаулы заңдылығы деп есептеледі. Дидактиканың ғылым ретінде тууы, оның орнын белгілеуге мүмкіндік берді. Дидактиканың да басқа салалардағыдай өзіндік тарихы бар. Адамзаттың ой-санасының оқыту үдірісіне қатысты әрбір кезеңдерінде дидактиканың өзіндік атқарар міндеттері болып отырды. Сөйтіп, еңбек жетістіктерінің тәжірибелерін жылдан-жылға жинақтап отыру тәртібі қалыптасты. Мұның өзі екі түрлі бағытта дамып отырды. Біріншісі – заттық, екіншісі – рухани. Ғылым мен өнер аталған екі бағыт арқылы өркендеп келді. «Дидактика» терминін алғаш қолданған неміс ғалымы В.Ратке (1571-1635 ж.ж.) өзінің «Дидактиканың қысқаша есебі немесе оқыту өнері» тақырыбындағы еңбегінде бірталай анықтама беріп өткен [46]. Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасынан» педагогика ілімінде дидактика пәні дербес ғылым болып есептеледі деп көрсетілген.



    Қорыта келгенде, жоғары оқу орындарында кредиттік технологияның орнын анықтау үшін алдымен бүгінгі модернизация кеңістігінде бұрынғы қалыптасып келген теориясының ең бастысын сұрыптап алу көзделеді; сонау Я.А. Коменскийден бергі тұжырымның жаңаша бетбұрысқа түсуін ескеру қарастырылады; жоғары оқу орындарына арнаулы ұсынылған Қазақстан Республикасының стандарты мен типтік бағдарламасының негізінде құрылған ғылым салаларының пәндік сападағы (білім мазмұны) оқытуға арналған бәріне бірдей заңдылықтары мен ұстанымдары негіз ретінде қызмет етуін қадағалау зерделенеді; субъекті мен предикаттың өзара байланысын «Инженерлік сызба» пәнін оқыту үдерісінде тиімді пайдалану ұдайы нысанада болады.

    Оқыту үдерісінің "элементтері" - минидидактикалық нысанның дидактикалық негізінің жүйе ретінде студенттердің қабылдауы мақсатында көбінесе зерттеу ұстанымына қызмет етерлік логикалық бірлікті қалыптастыратын әдіснамалар: индуктивті-аналитикалық және дедуктивті-синтетикалық амалдар. Алғашқы жұптық әдіснама - байқау сезіміне қозғаушы күш, ақиқатты шындықты қабылдау арқылы дерексіз, абстрактілі ойлау танымына шығып, жекелеген ұғымдардың арасын қосып, оқу материалын жүйелейтін әрекетке көшеді. Екінші жұптық әдіснама - ғылыми ұғымдарды оқытушының нұсқаушылық бағытымен түсініп, пайымдап, оқу принциптерін, заңдары мен пәннің ішкі өзіне тән заңдылықтарын тәжірибеде орындау қызметіне пайдалана алатын дәрежеге жетіледі. Әрбір пәннен мамандыққа қатысты мінездеме құрылады. Оқыту үдерісінің стилінің оқыту үдерісіне әсері айтарлықтай. Басқа оқу орнындағыдай жоғары оқу орындарында да оқытушының өзіне тән, біліктілігі мен ғылыми түсінігіне орай қалыптасқан стилі бар. Жоғары оқу орындарында әр маман мектеп өмірінен анағұрлым ауқымды өз-өзіне сыни көзбен қарай білетін жауапкершілігі болуы көзделеді. Өзінің жұмыс стилін білу үшін оның түрлері мен ерекшелігін ажыратуы қажет. Тарихымыздан, ежелден белгілісі - догмалық оқыту, көбінесе тыңдау, сөзбе-сөз қайталап айтып беру. Екіншісі - дамытпалы оқыту. Мұнда студенттердің білімді өздігінен игеруіне бағыт-бағдар, нұсқау беріледі. Бұның түп тамыры - әр пәннің дидактикалық негізіне жуықтату. Бір жағынан, психикалық тұрақтылық, екіншіден, ізденімпаздық, белсенділік, шығармашыл танымдық қызмет, үшіншіден, мінез-құлқының құлшынысы ширайды. Оқытушы студенттерді тәжірибешілік, семинар сабақтарында жадына сақтау, қиялын ұштау, ойлау-парасаттау қызметінің әртүрлі сапаға ауысып отыру сәттеріне мән береді. Студенттер сан-салалы көзқарастар мен дүниетаным деңгейіндегі тұжырымдарды құрастырады: баяндама жасайды, комментарий, айтыс, дәлелді пікір құрайды, әсіресе, сұхбат жүргізуге төселеді. Мұның бәрі дерлік белгілі ғылыми теория негізінде өрбиді.



    Түсіндірмелі - иллюстративті оқыту, мұнда теорияны тәжірибеге аудару мәселесі басым. Мәселелі оқыту, бұл мәселенің негізін салған - С.Л. Рубинштейн. Қайшылықты шешуге студенттердің танымдық қызметін ояту. Мәселені сұрақсыз мәселелі оқыту үдерісі мүмкін емес.

    Нәтижесі:

    белсенділікті оятады, ынталылық пен шығармашылық қабілет дамиды;

    ішкі танымының ұстанымы дискурсивті (маңыздылығын табу), конвергенцивті (ашу) және дивергенцивті (жасау) дамуға бағытталады;

    ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешу өнерін дамытып, теория мен тәжірибе-пайыммен түйіндейді. Әрине, оқытудың бұл түрін пәнге өте аз сағат бөлген жағдайда үнемі қолдану мүмкін емес. Сондықтан аталған оқытудың негізгі ұстанымдарын меңгерту жеткілікті, мәселені шешу мақсатына көптеген уақыт кетеді.

    Бағдарламалық оқыту, бұл - компьютермен оқыту, кибернетикаға қатысты. Оқытудың бұл түрінде студенттер бірден кері байланысқа түседі. Б.Скиннер бағдарламалық оқыту принциптерін келесідей жіктеп береді:

    ақпараттарды өте көп көлемде бермеу;

    берілген ақпаратты бақылау мен бағалауға күтілетін жауап әзірлеу;

    берілген жауаптың дұрыстығын дәл табу .



    Компьютерге ыңғайланған бағдарламалық оқыту жүйелері модульдік құрылыммен дидактикалық негізде талданды. Модульдік оқыту технологиясында алдымен меңгеретін дидактикалық нысанның көлемі белгіленеді, дидактиканың негізгі заңдылықтары, қасиеті айқындалады. Оның құрылымын түсінудің әдістері таңдалады, ең соңында көрсеткіштері жіктеледі. Байқап отырғанымыздай, әдістер бір-бірімен логикалы өзара байланыста болмаса, жүйесіздік белең алады. Жүйесіздіктен нәтиже жоқ.

    Оқыту теориясының сапасын студенттердің психологиясының оң өзгерістері мен танымдық оқу қызметіндегі жоғары сатыға көтеру мәнімен есептеледі. Оқыту теориясы мен тұжырымдамасының бірінші түрі Я.А. Коменский заманынан бері белгілі. Ол - дидактикалы энциклопедиялық тұжырым. Ғылыми білімнің ауқымы кең, өмірінің тәжірибесін соған арнаған. Мұндай тұжырымды меңгеру оқытушылар мен студенттердің екі жақты қарқынды амалдармен, жұмысты зерттеу тәсілімен ұйымдастырылады. Кредитті технологияға дейін кеңестік дәуірде оқытушы-профессор құрамының дәрістемесі басымдықта келіп, ал студенттер, көбінесе, сол материал ауқымынан шыға алмайтын жағдайда болатын. Дидактикалық формализм тұжырымы. И. Песталоции [47] , А. Дистерверг [48] заманынан белгілі. Оқыту қабілеттілікті, танымдық қызметті дамытудың құралы ретінде қолданылады. Басты мақсат студенттердің ойлау қабілеті дұрыс ұйымдасып, білім формальды берілуі керек деген ұстанымда болады. Пән тек инструментальды сипатта өтіледі. Дидактикалық прагматизм тұжырымы. Бұл тұжырымның негізін қалағандар: Дж. Дью [49]. Білімнің үзіліссіз меңгерілу сипаты - басымдық рөлде келуіне мән берген ғалымдар. Тәжірибелік сабақтар арқылы студенттерге жаңа дүниетаным қалыптасып, жеке дидактикалық нысандар тереңдеп оқылмайды. Студенттердің сұранымына қарай таңдалып, танымдық қызметтің диалектикалық заңы бұзылады, тәжірибешілік іс-әрекет жұмысының ұйытқысы болып есептеледі.

    Функциональды материализм тұжырымы. В.Оконь танымдық қызметті интегралдап алады [50]. Дидактикалық нысан тек жетекші идеямен ғана шектелмей, басқа нысанның қосымша идеяларын қосып қарастырады. Парадигмалық тұжырым (гректің "мысал", "үлгі" деген сөзі). Парадигмалық тұжырымда тарихи, логикалық жүйені сақтамайды, бір фактінің аясында тұтастық түсінікке жетеді. Оқу материалының жүйелілігі жойылады, линейлі құрылымға әбден бағынып құрылған математика сияқты пәндерге бұл тұжырым келмейді. Біздің филогендік бағыттағы пәндерде жаңа филологиялық ұстаным мәнінде қарастырылды. Десекте, қоғам өзгерісіне орай, «Инженерлік сызба» пәнінің оқытылымы оның білім мазмұнына шегенделіп қалмай, бұрынғы таптаурын болған іс-әрекеттер өзгерістерге түседі. Мәселен, тік бұрыштардың орнына дөңгелектер; параллель орнына серіптелі және т.б. өңге айналуы заңды құбылыс. Мұнда әр ұлттық сипаты басымдықта болып келеді. Кибернетикалық тұжырым. С.И. Архангельский ақпаратты жүйелеп беру үдерісінде зерттеген, ақпараттың рөлі басым. Мұнда логикалы-психологиялық жеке тұлғалық сипат ескерілмейді. Ақпаратты жүйедегі заңдылықтарға ерекше мән беріледі. Ассоциативті тұжырым Д. Локк пен Я.А. Коменскийдің тұсынан белгілі, бұл теория төмендегі принциптердің негізінде дамиды:

    барлық оқыту үдерісі сезімдік танымға бағытталады, сананы алынған ақпараттарды жинақтай алу сапасына ыңғайлайды;

    негізгі әдіс жаттығу.

    Білім бейнелі мәнде меңгеріледі, мұның теріс жағы студенттердің шығармашылық қабілетін дамытпайды.



    Оқыту үдерісін пайымдау, парасаттау танымдық қызметке кезеңдік мәнде өткізудің теориялық тұжырымын П.Я. Гальперин мен Н.Ф. Талызина зерделеген:

    күні бұрын танымдық қызметті ұйымдастырудың шарттары мен орындалымын белгілеу;

    барлық орындалуға тиісті іс-әрекеттерді қалыптастыру;

    ішкі танымдық қызметті қалыптастыру;

    ойлау қабілетінің тереңдігіне көшіп отыру.

    Мамандардың тәжірибесі мен экспериментіне қарағанда, бұл тұжырымды меңгерген студенттер ауқымды жетістіктерге ынталанады. Оқыту және оқу жүйесін дамытудың бағыттарында жаңа білім алу жүйесіне басымдық беріледі, бүгінгі тілмен айтсақ, "инновациялық" білім. Оқытудың бұл бағытында түрлі ерекшелік бар:

    бүгінгі, не кешегі білімнен гөрі алыс болашақтың білімі "Инновациялық білім" ауқымды шешім қабылдауда одақтастықтың ынтымақтастықтың қарым-қатынасын туғызуына мүдделі. Бүгінгі тілмен айтсақ, бұл жұмыс синергетика тәсілімен құрылады.

    Аталған оқу үдерісіндегі қайшылықтар оқытушы-профессорлар құрамы дидактиканың маңыздылығын танығысы келмесе, онда дидактика нысанындағы қозғаушы күш болып есептелетін қайшылықтың негізін ажыратып алулары қиындыққа апарады. Оқыту үдерісіндегі белді қайшылықтың бірі - студенттердің қызығушылық уәжі мен сабақтың өтілім барысы ұдайы үндесіп, сәйкестікте келе бермейді. Инновациялық білім беру шеңберіндегі бұл сәйкестендіруді унификация деп жүрміз. Мұның өзі әсіресе, бірінші курс студенттері мен тәжірибесі және теориялық әзірлігі толыспаған оқытушылар арасында жиі кездеседі. Оның басты себебі - екі жақтың да өзінің іс-әрекеттік қызметін еркін басқара алмайтыны. Бірінші курс студенттері кешегі мектеп түлектері болғандықтан, жоғары оқу орындарындағы сабақ кеңістігіне кірісіп кетуі, ыңғайлануы біраз уақытты талап етеді. Ол екі арада сабақ бағдарламалары өздерінің нысаналы жұмыстарын желдірте өтіп жататыны баршаға мәлім. Әрбір сабақ және екі сабақтың өзінде қаншама ақпарат тоғыны тығыздылықпен берілетінін стандарт талабымен межеленеді. Олай болса, стандарттағы сөйлем мөлшері қанша хронометрде келсе, сонша ұғымдық-теориялық нысаналар бірнеше негізгі және қосымша әдебиеттермен толықтырылып отыратыны да оқытушы-профессорларға таңсық іс-әрекет емес. Бірінші курс студенттерінің қызығушылық уәжін арттыру үшін оқытушылар сабақтарында арнаулы дидактикалық негізді қолданылуы көзделеді.

    Сапалы да логикалы және жүйелі құрылған оқу материалы және алдын-ала ойлап ұйымдастырылған студентпен жұмыс жүргізу жақсы нәтиженің кепілі бола алмайды. Әрбір студенттің өзіне тән әлемі бар. Сондықтан жаңа сабақты қабылдауда әрқайсысының өзінше қабылдау әдістері қалыптасқан. Міне оқытушы-профессорлар сол кілттің мөлшеріне сай ұғымдар мен әдістерді пайдалануы қарастырылады. Мұны мен перцептивті қабылдау дейм.

    Қайшылықтың шарықтау шегін оқытатын пәнінің ғылымын оқытушы-профессорлар құрамы дәріс сапасына қалай түсіреді? Ол оқу материалын студентке қалай түсіндіреді? Логикалар түйістігі бола ма? Міне, осындай сұрақтарға әрбір оқытушы жауап іздесе, онда сабақтың студент қызығушылық уәжіне әсер етерліктей сапада ұйымдастырылатыны даусыз. Сонымен бірге білім мазмұнын меңгеру үдерісінде студент өз-өзіне қайшылықта болады. Мәселен, алғашқы қабылдаған білім көлемімен жаңа қабылдайтын білімнің арасында қайшылық туады. Ол – заңды құбылыс. Бұрынғы білім жаңа біліммен ығыстырылып отырылса, оқытушы-профессорлар құралы біліми-ғылыми еңбекті студенттерге түбірлі өзгерістер жасай білуге баулиды деген қорытынды түюге болады. Стандарт талабымен студенттің жеткен мәресі мен деңгейінің арасындағы қайшылық. Қайшылық – жоғары оқу орындарында оқытудың қозғаушы күші. Егер студент пайымында қайшылық маңыздылыққа ие болса, оның міндетті түрде шешімінің болуы хақ. Қозғаушы күш әр студенттің танымдық әлеуетімен мөлшерлес келсе, сабақ өте қызықты, инновациялық сипатта өтеді. Егер де қайшылық ұсынылған міндеттер мен студенттердің танымдық дүниетанымының арасында туса, онда бұл қайшылық еш уақытта өзінің шешімін таба алмайды. Жаңарған қоғамдағы студент пен оқытушы арасындағы салмақты қайшылықтың бірі - студенттердің кей ғылым саласынан теориялық әзірлігі оқытушы-профессорлардан артық болуы.

    Қорыта келгенде, инновациялық технологиямен оқыту жүйесінде модульдік оқыту технологиясының дидактикалық тиімділігін арттыру оқытушы-профессорлардың нұсқаушылық-бағдарлау іс-әрекетін түсіндіру, ұғындыру, баяндау сияқты вербальды амалдардан басқа локальді тұрғыда конструктивті мәнде өтіліуне басымдық беріледі. Әр оқытушы өзінің іс-әрекетін жобалап, студенттердің қанша кредит меңгеретініне саналы басшылық жасап, олардың өздігінен ізденісті-зерттеу жұмыстарының нұсқалы орындауына мүмкіндік туғызады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет