Темы по оборудованию для 3 курса (10 кредитов)


Термиялық өңдеу жабдықтары



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата14.10.2022
өлшемі2,29 Mb.
#153117
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
darister
Сымбат Камила Орынбасар Лаура
 
Термиялық өңдеу жабдықтары;
 
2.
 
Жоғары жілікті толқында стерильдеу жабдығы (СВЧ-стерилизация);
 
3. Жоғары гидростатикалық қысымда көмегімен стерильдеу жабдығы 
Термиялық өңдеу жабдықтары – стерильдеу жабдытарының ішінде кеңінен 
таралған түрі болып табылады. Стерильдеу уақыты шикізат салынған ыдыстың 
қалыңдығы 
мен 
өлшемдерінен 
жәнеде, 
өнім 
консистенциясынан, 
жылуөткізгіштігінен және т.б. факторларға тәуелді болып келеді. Термиялық өңдеу 
жабдықтары көбіне автоклав (ванна) деп аталады.
Пастерлеуде (100 °С жоғары емес) ашық үздікті істейтін аппараттар 
қолданылады. Олар бу беру үшін барботермен жабдықталады. Басқа жағдайларда 
үздіксіз жұмыс істейтін герметикалы стерилизаторларды пайдаланады. Олар 110-
125 °С температураны қамтамасыз етумен қатар, қаныққан бумен не атмосфералық 
қысымнан жоғары қысымда ыстық сумен стерильдейді. 
Қазіргі қолданыстағы дәстүрлі термиялық стерилизациялау жабдықтары 
өнімді қаптамасыз зарарсыздандыратын болғандықтан, стерильденген өнімді қаптау 
уақытында өнімге қайта микроорганизмдер түсу мүмкіндігі болуы сияқты 
кемшіліктерге ие. Сондықтан жоғары жілікті толқында стерильдеу жабдығы (СВЧ-
стерилизация) дегеніміз өндіріске қойылатын заманауй талап деуге болады. 
Жоғары жілікті толқында стерильдеу жабдығын (СВЧ-стерилизация) қолдану 
нәтижесінде қаптама ішіндегі өнімнің барлық көлемі бойынша, әр түйіріне дейін 
бірқалыпты қызуын қамтамасыз етуге болады. Сонымен қатар ешқандай 
консерванттар қажет етпейді ал, стерильденген өнімді сақтау мерзімі ең аз дегенде 
9-12 ай болады.
Жоғары гидростатикалық қысым көмегімен стерильдеу жабдығы тамақ 
өнімдерін зарарсыздандыруда ерекше тәсіл болғанымен, өздік құны аса жоғары 
болады. Бұндай тәсіл Америкада жиі қолданылғанымен Европа мен Азияда көп 
қолданылмайды.
Жоғары гидростатикалық қысым көмегімен стерильдеу жабдығымен жұмыс 
істеу үшін осы жабдықты орнатуға жеке цех қажет болады. Бұндай жабдықта 
арнайы болаттан жасалған цилиндрде поршень суды сыға отырып, 4000 бардан 6000 
барға дейін қысым туындатады. 
Зарарсыздандырудың бұндай тәсілі қапталған өнім мен қатар қапталмаған 
өнімдіде зарарсыздандыруға мүмкіндік береді. Мысалы осындай тәсілмен 
зарарсыздандырылған балықты 80 тәулікке дейін сақтауға болады. 
Бірақ бұндай тәсілмен барлық өнімді зарарсыздандыруға болмайды. Бұндай 
тәсілмен тек қана ауа қуысы (воздушный полость) жоқ өнімдерді ғана 


зарарсыздандырады. Бұндай жабдықтардың өнімділіктері теулігіне 50 тоннаға дейін 
болады. 
Төменде көлбеу (сурет 1) және тік орналасатын (сурет 2) зарарсыздандыруға 
арналған жабдықтар көрсетілген. 
 
- бу 
 
 
 
- салқында- 
туға арнал-
ған су 
 
Сурет 1 – Ротациялы-клапан затворлы және ішкі артық қысымды (бу-су қоспасы) көлбеу 
стерилизатор 
1 – бөтелке мен консерві банкаларын автоматты түрде тиеу; 2 – ротациялық клапан 
бөтелкелерді артық қысымды камераға кіргізу мен шығаруды қамтамасыз етеді; 3 – стерильдеу 
секциясы; 4 – желдеткіш; 5 – алдын-ала тоңазыту аймағы; 6 – атмосфералық қысымда соңғы 
тоңазыту; 7 – конвейер тізбегінен түсіру 
Сурет 2 – Үздіксіз жұмыс істейтін тік 
гидростатикалық стерилизатор 
1 – ысытудың бірінші кезеңі; 2 – су затворы мен 
ысытудың екінші кезеңі; 
3
 – ытыдың үшінші кезеңі; 
4
 
– стерильдеу с
екция
сы; 
5
 – салқындатудың бірінші 
кезеңі; 
6
 – салқындатудың екінші кезеңі; 
7
 – 
салқындатудың үшінші кезеңі; 8 – салқындатудың 
төртінші кезеңі; 9 – соңгы қорытынды салқындату 
кезеңі; 
10
 – жеке жетегі бар жоғарғы біліктер мен 
дөңгелектер
 
- бу 
 
 
 
- салқындатуға арналған су 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет