Вертикальдық бөліну моделі. Бұл модель үшін өзара әрекеттесулердің принципалдық сызбасы төменде келтірілген:
2. Сызба Темір жол көлігінің герман моделі
Германияда темір жол көлігін реформалау Ес 91\440 Директивасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Аталған көзқарас біршама таяуда Еуропа қауымдастығының кейбір елдерінде енгізілді.
Бұл модельді жүзеге асыру үшін Еуропа қауымдастығының теміржол жүйесін дамыту туралы Ес 91\440 Директивасының қабылдануы негіз болды. Директиваға сәйкес Еқ\ға мүше елдерге мынадай талаптар қойылды:
ұлттық теміржол жүйелеріне толық шаруашылық дербестік беру;
қаржылық жағдайды сауықтыру немесе олардың ұзақ мерзімдік берешегін есептеп шығару немесе қайта құрылымдау;
ең болмаса қаржы саласында инфрақұрылымды пайдалану қызметінен бөлу (толық ұйымдық бөлуге рұқсат етіледі, бірақ бұл міндетті түрде емес) және субъсидиялардың қай бөлінуіне жол бермеу;
үшінші жақтың жалға және инфрақұрылымның басқа да қажетті элементтеріне әділ коммерциялық жағдайда еркін кіруіне кепілдік беру;
әлеуметтік мәні бар функциялардың орындауын темір жолға жүктелуі тек тиісті қаржылық өтемақылар болған жағдайда ғана мүмкін болады деп белгіленсін.
Вертикальдық бөліну енгізіп жатқан Европа елдерінің темір жолдары құрылымының өз ерекшеліктері бар. Бұл ең алдымен инфрақұрылым мен пйдаланудың арасында бөлінуді жүргізу деңгейіне, сондай ақ тасымалдау қызметінде бәсекелестіктің болуына, жекеменшік капиталдың қатысу дәрежесіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |