Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Инфрақұрылымға ашық қол жеткізу моделі



бет23/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

Инфрақұрылымға ашық қол жеткізу моделі.

Вертикальды біріктірілген модельдің түрі болып ашық қолжеткізу моделі болып табылады. Ашық қол жеткізу басқа операторларға қолжеткізуді қамтамасыз ету талап етілетін вертикальды біріктірілген теміржол компаниясының болуымен сипатталады. Бұл әдіс біріктіру артықшылықтарын сақтап қалады. (үнемдеудің, үйлестірілген жоспарлау мен операциялық шығындарды қысқартудың белгілі жағдайларында) бірақ мұның өзінде заң жүзінде басқа операторлардың инфрақұрылымға қол жеткізуі қамтамасыз етілуі тиіс. Мұның өзінде вертикальды біріктірілген компанияның пайдаланушылық бөлімшесі тәуелсіз тасымалдаушылармен тең негізде инфрақұрылым қызметтері үшін төлем жасайды. Бұл модель Австрияда қолданылады. Бұл модельге арналған өзара әрекеттесулердің принципиалды сызбасы төменде беріліп отыр.

4. Сызба Темір жол көлігінің австриялық моделі.


Көлік қызметтеріндегі теміржол тасымалдары үлесінің күрт азаюы, теміржол көлігінің қаржылық жағдайының ауыр болуы нәтижесінде барлық жерлерде дерлік теміржол кәсіпорындарының қайта құрылымдауы, мемлекеттік саясат пен реттеу принциптерінің өзгертілуі кіретін теміржол саласын түбегейлі реформалау процесі басталды. Сол себепті Қазақстан Темір жолы Ұлттық компаниясы мейлінше маңызды қадамға теміржол саласы құрылымына сатылып реформа жүргізу ісіне кірісті. Осы орайда, теміржол көлігінің құрылымы барлық тұрғыдан бізге ұқсас әрә стратегиялық әріптесіміз болып табылатын Ресейдің теміржолы саласында да басталған реформалар және оның алғашқы жетістіктеріне назар аударуымыз заңды.

Тасымалдау көлемінің күрт құлдырауы нәтижесінде артық болып қалған техникалық құралдарды қалпына келтіру мен жаңғырту үшін кірістер деңгейі жеткілікті болмай отыр.

Мұндай жағдайда мына жолдар мүмкін болмақ:



  • тасымалдардың азайған көлеміне тарифтерді саралап өсіру;

  • өндірістік емес шығындар мен артық негізгі қорларды азайту немесе оларды қисындастыру.

Аталған проблеманы шешу үшін Қатынас жолдар министрлігі тасымалдау тарифтерін жоғары қарқынмен өсірді және де 1998жылғы мамыр айында Ресей Үкіметі "Федералдық теміржол көлігі құрылымдық реформасының тұжырымдамасын" мақұлдады, ол реформаның барысында болуы мүмкін теріс зардаптардан сақтандыратын асығыс емес қайта құруларды белгіледі. Темір жолдар мемлекеттік болып қалуда, оларды Қатынас жолдар министрлігі біріктіріп отыр, министрлікте мемлекеттік басқару және шаруашылық жүргізу функциялары сақталынады.

Реформа үш кезеңде өтеді.

Бірінші кезең (екі-үш жыл) – жүк және жолаушылар компанияларын құру. Іс жүзінде бұл Қатынас жолдар министрлігі жүйесінде екі немесе одан артық тепе тең жүрісі бар шағын телімдерде ішкі бәсекелестіктің негіздері салынады мысалы Москва- Санкт- Петербург желісінде "Стрела" және ЭР – 200

Екінші кезең (төрт-бес жыл) - құрылған компаниялардың, Қатынас жолдар министрлігінің және қызметтерді пайдаланушылар арасындағы қарым қатынастарды реттеу.

Үшінші кезең (уақыт шамасы белгіленбеген) - инфрақұрылымды жөндеу және пайдалану сегменттеріне бөлу, жүк және жолаушы компанияларын акционерлеу және жекешелендіру мүмкіндіктерін қарау. [17. 77 бет].

Тұжырымдамада Қатынас жолдар министрлігі қалай реформаланады деген сұраққа жауап бермеді, тек қай кезеңде қалай шешімдер қабылдау қажеттігі туралы ақпаратты береді. Онда темір жолдардың шаруашылық қызметін ұйымдастыру жөніндегі орталық теміржол компаниясын құрудың орындылығын, сосын өз вагон паркі бар компанияларды құру орындылығын, әрі қарай-жекелеген кәсіпорындарды жекешелендіру орындылығын бағалау ғана көзделіп отыр.

Тұжырымдама қабылданған кезде ол бойынша бір жағынан тым батыл әрекет деп, екінші жағынан батыл әрекет жоқ деген сын айтылды. Нәтижесінде қабылданған Тұжырымдама құрылымдық өзгерістерді жақтаушылар (негізінен саладан тысқары жерлердегі, мысалы Табиғи монополияларды реформалау жөніндегі үкіметтік коммисия) мен қарсы жақтың (сала басшылығының) белгілі бір ымыраға келуінің бір белгісі болды.

Жаңа өндіріс үшін қажетті, жылына 100 миллиард рубль деп бағаланып отырған инвестициялық рессурстардың тапшылығына тап болған Ресей Федерациясының Қатынас жолдар министрлігі құрылымдық реформа тұжырымдамасының жүзеге асырылуын жандандыра түсті 2000 жылы Қатынас жолдар минисрлігі Үкіметке бастамашылық саланың өзіне шығып отырған жаңа Тұжырымдаманы ұсынды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет