2.2 Қазақстанның 1993-2003 жылдардағы темір жол көлігінің дамуын талдау.
1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауы, біртұтас мемлекеттің бұрынғы экономикалық және көлік байланысының үзілуіне әкеп соқты. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін, оның территориясындағы бұған дейін, Кеңес Одағының жол қатынастары министрлігінің тікелей бағынысында болып келген 3 темір жол, яғни Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темір жолдары толықтай өндірістік және қаржылай дербестікке ие болды. Алайда олар жаңа жағдайда жұмыс істеуге бейімделмеген болып шықты.
Экономикадағы құлдырау, тасымалдауға берілетін жоспардың тоқтатылуы, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасындағы шаруашылық байланыстың үзілуі, тұрғындардың тұтынушылық қабілетінің төмендеуі, саланы қаржылай экономикалық дағдарысқа ұшыратты. Соның салдарынан 1991 жылдан 1999 жылы Қазақстан темір жолының жүк айналымы 3.6 есеге, жолаушылар тасымалының айналымы 2 есеге дейін төмендеп кеткен.
Бұл жағдай үлкен өндірістік шығындарға батып, инвестициялық қызметтері толығымен тоқтатқан және негізгі қорлары ескірген, бір бірінен дербес жұмыс істеп жатқан 3 темір жолды нақты қадағалаудың мүмкін еместігін байқатты.
Жоғарыда атап өткеніміздей Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы 1997 жылғы 31 қаңтардағы нөмірі 129-ыншы қаулысы қалыптасқан жағдайды реттеуді тың бетбұрыс жасады.
1997-1998жылдары жүргізілген ықпалды құрылым жасау ізденісінің нәтижесінде “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ да қатаң орталықтандырылған тікелей басқару жүйесі құрылды. Ол басы артық орындарды жою арқылы, қаржы және материалдық мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану, сондай ақ өндірістік, қаржы және технологиялық тәртіпті күшейтудің есебінен саланы басқарудың жүйелі жолы жүргізілді. Барлық тасымалдау процесінің тиімділігінің артуы және саланың қаржылай экономикалық сауықтырылуы жүргізіліп жатқан шаралардың дұрыстығын дәлелдеді.
Теміржол көлігінің өзіндік ерекшеліктеріне орай оның активтерінің 80%-ын ұзақ мерзімдік активтер құрайды. Сондықтан саланың техникалық жарақталуы көліктің негізгі қызметінің жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруда шешу маңызы бар.
Мүліктік активтердің мөлшері бойынша “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын болып табылады.
Қазақстан темір жолдарының пайдалану ұзындығы 13.6 мың шақырымды құрайды, оның ішінде қос жолды желілер - 5.0 мың шақырымнан астам (37%), электрлендірген желілер – 3,7 мың шақырым (27%). Бас жолдардың жайма ұзындығы – 18,8 мың шақырым, станциялық және арнаулы жолдардың ұзындығы -6,7 мың шақырым. “Қазақстан темір жолы” ҰК ЖАҚ темір жол желісінің негізгі бөлігі (97,5%) Қазақстанның аумағында орналасқан, ал қалған 2,5 Ресейдің шекаралас аудандардың аумағында орналасқан. Республиканың солтүстік және орталық облыстарының аумағы арқылы жолдың 5732 шақырымы өтеді, бұл “Қазақстан темір жолы” ҰК ЖАҚ иелігіндегі жолдардың барлық пайдалану ұзындығының 42%-ын құрайды. Еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарында жолдардың 3992 шақырымы (29,3%), батыс аудандарында 3577 шақырымы (26,2%), ал орталық және слотүстік аудандарында 6075 шақырымы (44,5%) орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағындағы темір жол желісінің бір бөлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан темір жол әкімшіліктерінің басқаруында жүр.
3-кесте “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ–тың техникалық төлқұжаты.
Достарыңызбен бөлісу: |