4- кесте “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ тың өндірістік көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлік
|
Жылдар
|
2003жыл 1998жылға
|
1998ж
|
1999ж
|
2000ж
|
2001ж
|
2002ж
|
2003ж
|
абс. көрсеткіш
|
пайызбен (%)
|
Жүктердің жалпы тиелуі
|
Мың тонна
|
129932
|
123911
|
156306
|
165050
|
163335
|
185445
|
55513
|
142,7%
|
Жүк айналымы
|
Млн.т.км
|
99877
|
91700
|
124983
|
135653
|
133088
|
147672
|
47795
|
147,9%
|
Жолаушы айналымы
|
Млн. жолаушы
|
10669
|
8859
|
10215
|
10384
|
10449
|
10686
|
17
|
100,1%
|
Жолаушылар жөнелтілген
|
Мың адам
|
15559
|
14282
|
15891
|
16066
|
14947
|
15234
|
-325
|
97,9%
|
Келтірілген өнім
|
Млн.т.км
|
110546
|
100559
|
135198
|
183771
|
178661
|
202737
|
92191
|
183,4%
|
Жүк поезының орта салмағы брутто
|
Тонна
|
3186
|
3296
|
3374
|
3376
|
3404
|
3421
|
235
|
107,4%
|
Локомотивтің орта тәуліктік жол жүруі
|
Мың.т км бір
|
1255
|
1359
|
1468
|
1497
|
1568
|
1627
|
372
|
129,6%
|
Локомотивтің орта тәуліктік өнімділігі
|
Км.
|
477
|
505
|
520
|
526
|
529
|
535
|
58
|
112,2%
|
Вагонның орта тәуліктік өнімділігі
|
Т.км.нетто
|
7941
|
8422
|
8703
|
8639
|
9096
|
9324,5
|
1383,5
|
117,4%
|
Жүк вагонының орта тәуліктік жол жүруі
|
Км.
|
230,6
|
242,4
|
244,0
|
242,8
|
255,7
|
267.4
|
27,8
|
116,6%
|
Жұмыс вагонының айналымының орташа уақыты
|
Тәулік
|
5,62
|
5,23
|
5,39
|
5,42
|
5,44
|
5,49
|
-0,13
|
07,7%
|
Жүк тиелген вагонның динамикалық жүктемесі
|
Тонна
|
58,1
|
57,5
|
58,4
|
58,9
|
60,2
|
61,7
|
3,6
|
106,2%
|
Жүк вагондарының жұмыссыз бос жүру пайызы
|
%(пайыз)
|
74,74
|
65,19
|
63,54
|
63,97
|
64,27
|
63,21
|
-11,53
|
-
|
Вагонның бір техникалық станцияда жұмыссыз бос тұруы
|
Сағ.
|
5,97
|
5,87
|
5,88
|
5,88
|
5,90
|
5,81
|
-0,16
|
97,3
|
Вагонның бір жүк опе\сында жұмыссыз бос тұруы
|
Сағ.
|
30,57
|
31,27
|
32,40
|
31,7
|
30,19
|
31,60
|
1,03
|
103,4%
|
Телімдік жылдамдық
|
Км.сағ.
|
39,90
|
41,91
|
41,61
|
41,73
|
40,91
|
40,51
|
0,61
|
101,5%
|
Техникалық жылдамдық
|
Км.сағ.
|
45,10
|
46,36
|
46,18
|
46,2
|
45,9
|
46,11
|
1,01
|
102,2%
|
Жолаушылар вагонының сыйымдылығы
|
Адам.вагон
|
22,5
|
23,6
|
26,8
|
27,3
|
28,1
|
27,9
|
5,4
|
124%
|
•Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі мәлеметтері Алматы 2004ж.
1999-2000 жылдардағы оң үрдіс тасымалының көлемі азаюының ең төменгі нүктесінен өтті деуге негіз бола алады. 2003 жылы жүк айналымының көлемі 147,7 млрд. т- км- ге жетті немесе 1998 жылға қарағанда 47,9% артты. Толықтай алғанда “Қазақстан темір жолы” ҰК ЖАҚ бойынша 2003 жылы 1998 жылға қарағанда жүк тиеудің жалпы көлемі 55513 мың тоннаға, немесе 42,7% артты. Оның өзінде тас көмір, мұнай және мұнай өнімдері, руда, қара металдар, астыұпен ұнақталған өнімдер және т.б сияқты маңызды жүктерді тиеу артты.
Жолаушы айналымының жалпы көлемі 2003 жылы 10686 млн. жолаушы - км құрады, ал бұл 1998 жылдың деңгейінен 0,1 артық. (5.Кесте)
2003 жылы 1998 жылмен салыстырғанда көлемдік көрсеткіштермен қатар жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштері де жақсартылды.
Жүк вагонының өнімділігі жұмыссыз бос жүрудің 11,53% төмендеуінен және жүк тиелген вагонның динамикалық жүктеменің 1 тоннаға немесе 6.2%-ға көбеюінен 3.3%-ға артты. Локомотивтің өнімділігі поезд салмағының 235 тоннаға немесе 7.4% және локомотивтің орта тәуліктің жол жүруінің 372 км немесе 3.3% көбеюі есебінен 29.6% артты.
2003 жылдың қортытындысы бойынша жылжымалы құрамды пайдаланудың сапалық көрсеткіштерін жаңартуға қол жеткізілді.
Жүк поезының брутто салмағы 3421тоннаға дейін жеткізілді, ол 1998 жылдың денгейінен 7.4%-ға жоғары. Локомотивтің орта тәуліктік жол жүруі 1627 мың т- км бруттоға жетті, яғни 1998 жылғы денгейден 29,6%-ға жоғары, бұл локомотивтерді пайдалану тиімділігінің артқандығын куәландырады.
Жылжымалы құрамды пайдалану сапасының жақсаруына байланысты вагондар мен локомотивтердің жұмысшы паркінің өсу қарқыны жүк айналымы өсуінің қарқынынан төмен болды.
Жолаушы тасыалы тиімділігінің артқандыңын жолаушы вагондарының сыйымдылығы 27,9% адам/ваг немесе 1998 жылға қарағанда 24.0%-ға өскендігі куаландырады. “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың тасымалдау жұмысы көлемінің айтарлықтай құлдыраған, негізгі қорлардың қалпына келтіруге және жаңартуға қаржы ресурстарының болмаған кезеңінде өндірістік қызметті оңтайландыру есебінен пайдалану шығындарын азайту жөнінде түбегейлі шаралар қабылдауға тура келді.
Мұндай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
негізгі қорларды пайдалану шарттарын өзгертумен байланысты ішкі резервтерді іздестіру;
ескі , жарамды материалдарды екінші рет пайдалану;
ресурс үнемдейтін технологиялар мен техникалық құралдарды енгізу;
бұрын шетелдерден сатып алынып жүрген қосалқы бөлшектерді, тараптар мен тетіктерді қалпына келтіру және дайындау технологияларын игеру;
отын энергетикалық ресурстарды үнемдеудің қатаң режимін енгізу.
Қазіргі уақытта операциялық қызметті оңтайландыру жөнінде біршама жұмыстар жүргізілді. Тасымалдау процесін жоспарлау және оперативтік басқару функцияларын бөлу сяқты. Тасымалдау процесінің негізгі технологиялық және техникалық нормативтерін автоматтандыру, соның ішінде поездар қозғалысының оңтайлы жаңа графигін әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ұйымдастыру техникалық шаралар есебінен тасымалдау процесін басқаруды оңтайландыру өндірістік процестен 20 бөлу қосындарын және сұрыптау жүйесі жолдарының, екінші жолдардың екі жолды ставкалардың, кірме жолдардың 220 бірлігін шығаруға мүмкіндік берді. Жүк жұмысын ірі станцияларда шоғырландыру моневрлік локомотивтердің 21 бірлігін қысқартуға мүмкіндік туғызды. 11 аз пайдаланылатын телімдерде қызмет көрсететін тәулік бойғы режимнен шақырып алу режиміне көшірілді.
1998 жылы жұмыс істеп тұрған локомотив деполарының негізінде электровоздарды (Атбасар станциясы) және магистральдық тепловоздарды (Шу станциясы) күрделі жөндеу зауыттары құрылды.
1999-2000 жылдары Қазалы мен Құсмұрында маневрілік тепловоздарды күрделі жөндеу базасы қалыптастырылды.
Ауыр жол техникасының, дрезиналар мен автомотристардың барлық номенклатурасын күрделі жөндеу үшін шеберханалардың негізінде Алматы жол техникасын жөндеу жөніндегі зауыт құрылды.
Жоғарыда аталған зауыттарға тиісті жабдықтар сатып алынып 98 жаңа технологиялық процестер игерілді, ол тараптар мен тетіктердің 1436 атауын дайындауға және 690 атауын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Қамтамасыз етуші қызмет (жөндеу, жылумен және сумен қамтамасыз ету, әскерилендірілген күзет және т.т) тасымалдау қызметінен тиісті еншілес кәсіпорындар құру есебінен бөлінді. Саланың негізгі локомотив, вагон, жол шаруашылықтарында жөндеуді пайдаланудан бөлу жүргізілді.
Жолаушылар шаруашылығында поездардың жүру кезеңділігін оңтайландыру, вагондар паркін басқаруды жетілдіру, қосымша маршруттар енгізу жұмыстың сапалық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік туғызды. Мысалы, жолаушы вагондарының сыйымдылығын арттыруға (ол 22,5 адамнан 27,9адам/вагон артты) сонымен бірге 2003 жылы жолаушылар шаруашылығы мүліктік кешені оңтайландырылды. Аз пайдаланылатын вокзалдар, багаж қоймалары, гараждар, инженерлік желілер т.б теміржол көлігінің басқа шаруашылықтарына тапсырылды, ол “Жолаушы тасымалы” ЕМК ның пайдалану шығыстарын азайтуға мүмкіндік берді.
Жүк айналымының күрт құлдырауы және тарифтердің өспеуі мен кірістердің ұзақ уақыт төмендеуінен кейін салада соңғы жылдары оң үрдіс байқала бастады. Қазақстандық үш Тың, Алматы және Батыс Қазақстан жолдары “Қазақстан темір жолы” ҰК ЖАҚ-тың құрамына біріктірілгеннен кейін кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жөніндегі дағдарысқа қарсы қолданылған қатаң шаралардың нәтижесінде теміржол саласының шығындары азайды, 2000, 2001және 2003 жылдары, ішінде бірінші рет қаржылық оң нәтижеге қол жеткізілді. 2003 жылдың қортындысы бойынша таза кіріс 8,9 млрд. тенгені құрады, әрі 2002 жылдың деңгейінен 50 есе артты. 2001 жылы қаржылық нәтиже теріс болды, залал 10 млрд. тенгеге жақындады. Нәтижесінде кәсіпорыннан мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі айтарлықтай артты. Егер 2002 жылы бюджетке 21501 млн теңге (ҚҚС -9187 млн тенге, заңғы тұлғалардан алынатын табыс салығы -3754 млн тенге) төленсе, 2003 жылы төленген салықтың сомасы 30797 млн тенгеге (ҚҚС 10376 млн тенге, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы -12425 млн тенге) немесе 2002 жылмен салыстырғанда 43,2% өсті.
Жүк айналымы және жолаушылар айналымы артқанда негізгі қызметтер бойынша кәсіпорынның кірістері 2002 жылы 99779 млн теңге болса 2003 жылы 138070 млн теңгені құрады, немесе 38,4% жүк және жолаушылар тасымалдарынан түсетін кірістер 2003 жылы 115879 млн тенгені құрады, ол 2002 жылғы деңгейден 41896 млн теңгеге немесе 57% жоғары. (6. Кесте )
Жүк тасымалдарынан түсетін кірістер 39,084 млн теңгеге немесе 60% артты, бұл жүк тасымалы көлемінің өсуінен және кейбір жүк түрлеріне (мұнай және мұнай өнімдері, металдар, гликозем, темекі өнімдері, спирт ішімдіктері, орман өндірісінің өнімдері, құрылыс материалдар және басқалар) тарифтің көтерілуіне байланысты болды.
5-кесте “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың қаржылық көрсеткіштері. (млн. теңге)
Достарыңызбен бөлісу: |