Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



бет41/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

ВАГОНДАР

“Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ- тың жүк вагондар паркінде қызмет ету мерзімі өткен вагондардың жеке салмағы үлкен қолда бар вагондардың 35% түзу күйде емес. 1993-2000 Жылдар ішінде мүккәмал паркінің вагондарын есептен шығарудың орта жылдық қарқыны 3%-дан астам болды. 2014 Жылға қарай қызмет ету мерзімін ұзарту үшін күрделі жөндеудің және вагондар сатып алудың жоспарланып отырған көлемі ескеріліп олардың паркін мың бірлікке жеткізу көзделіп отыр. Оның ішінде ашық вагондардың жеке салмағы көп болады. Астана және Алматы арасында қатынайтын жүрдек поездың тұрақты қатынасын 2004 жылдың үшінші тоқсанында қамтамасыз етуді межелеп отырмыз. 2003 жылдың шілде айында Қазақстанға жаң аүлгідегі 44 «Тальго» вагондары жеткізілді. Осы вагондардан жолаушылар құрамы жасақталынды.

Алматы - Астана учаскесінде қозғалыс жылдамдығын дамыту бағдарламасына сйкес биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 200 шақырым темір жол желісі күрделі жөндеуден өткізілмек. Жолдың жоғары құрылымын қайта жаңғырту жұмыстары қазіргі заманғы үлгідегі құрастыру әдістерімен темір бетон шпалдарын пайдалану арқылы жүргізілмек. Бұл жүрдек поезының айырма пунктерінде жылдамдығын арттыруға мүмкіндік туғызып, бәсекелестікке қабілетті, әрі табысты қозғалыс құралы ретінде қалыптасуына зор әсерін тигізбек.

Инвестициялық бағдарламаға келетін болсақ оның негізгі мақсаты саланы жылға қарай мыналар арқылы жаңа сапалық техникалық деңгейге шығару болып табылады:



      • негізгі магистралдарда қазіргі заманғы жол техникасын қолданып инфрақұрылымды оңалту

      • жаңа теміржол желісінің құрылысы

      • саланы толық ақпараттандыру, автоматтандырылған диспетчерлік басқару орталығы АДБО енетін қазіргі заманғы тасымалдау процесін басқару орталығын құру, талшықты оптикалық байланыс желісінің құрылысы

      • жылжымалы құрамды қалпына келтіру және жаңарту үшін отандық зауыттық жөндеу базасын локомотив пен вагон шығару және жаңа импорт алмастырушы өндірістер құру

      • отандық салалық ғылымды қалыптастыру

      • өндірістік процестерге жаңа ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу,

      • негізгі қорларды жоспарлы алдын ала жөндеу жүйесінен олардың жағдайы және орындалған жұмыс бойынша жөндеу жүйесіне көшу мақсатында қазіргі заманғы диагностикалық құрамдарды қолдану

Бағдарламада көзделген жобаларды жүзеге асыру жылжымалы құрамды қазіргі заманғы талаптарға сәйкес техникалық экономикалық өлшемдерін арттырып және инфрақұрылым элементтерін жаңарту паркті отандық локомотивтермен және вагондармен жинақтау жолымен жоспарлы ауыстыру арқылы бұдан әрі саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстандық темір жолдардың техникалық жарақталуын 2015 жылға қарай дүниежүзілік деңгейге жақындатуға және бәсекелестің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялық бағдарлама бір жағнан ТМД елдерінің көпшілігіне тән Кеңес Одағының Теміржол желісінің бір орталықтан технологиялық тәуелсіздікте болуы, баламалы транзиттік каридорлардың дамуы, темір жол көлігінің негізгі құралдарының моральдық тозуы, ғылым мен технологияның алдыңғы жетістіктерінен технологиялық артта қалуы, 90-шы жылдары тасымал көлемінің күрт төмендеуімен байланысты артық өндірістік қуаттылықтардың, жылжымалы құрам мен контингентінің мөлшерінің көп болуы сияқты бірқатар тарихи факторлар ескеріліп жасалған. Екінші жағынан саланың шектелген қаржылық жағдайында ауыр экономикалық өсуден ресурс үнемдеуші жоғары технологилардың және саланы басқарудың жаңа жүйесі базасындағы икемді жаңа экономикалық модельге көшумен сипатталатын инвестициялық стратегияны қолдану қажеттілігі ескерілген. Мұндай стратегия экономикалық өсу нүктелерінде инвестициялық рессурстарды шоғырландыру арқылы инвестициялық процесті түбегейлі қайта құруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет