Алтынсарин Хромтау кешені жаңа желінің құрылысы.
Желінің құрылысын салғанда жүктерді тасымалдаудың ара қашықтығы Дружба станциясынан Озинки станциясына дейін Қазақстанның солтүстік батысында 500-км ге, ал Астанадан Ақтау кемежайына дейін 2400-км ге қысқарады.
Пайдалану ұзындығы 409 км құрайды. Жобаның құны болжаммен 196 млн АҚШ доллары деп бағаланып отыр. Құрылыс мерзімі -3 жыл.
Жаңа желі бойынша жүк тасымалдарының болжанып отырған жүктің көлемі жағынан 10-12 млн тонна.
Аталған жобаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, кредиттер мен “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың өз қаржылары есебінен жүзеге асырылады деп болжамдап отыр. Егер “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың таза кірісі 2003-2004 жылдары осы Жоспарда көрсетілген соммадан артық болса, жоспардан тыс таза кіріс жаңа теміржол желісінің құрылысына бағытталады. Тиісінше мемлекеттік бюджет қаржысынан қаржыландыру көлемі азайтылады.
Басқа темір жолдардың құрылысы бойынша жасалған жобалар Шар Өскемен, Қызылорда Жезқазған және басқа Инвестициялық бағдарламаға енгізілмеген. Оларды жүзеге асыру облыстық әкімшіліктердің, мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдардың жекеменшік капиталды тарту есебіненжүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы №310 қаулысына сәйкес іске асырылған “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорын “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ етіп қайта құрумен бірінші кезеңнің аяқталуы атап өтілді, бұл саланы реформалаудың кейбір қортындыларын шығаруға мүмкіндік береді.
Оларды ұстау жөніндегі шығындарды ұзақ жылдары бойына жүк жөнелтушілер тариф арқылы өтеп келген әлеуметтік сала объеатілері мектептер, балабақшалар, медецина мекемелері толық дерлік жергілікті атқарушы органдарға берілген және темір жол кәсіпорындары төлейтін салықтар құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуда.
Қосалқы қамтамасыз ету қызметімен айналысатын барлық еншілес мемлекеттік кәсіпорындар (“Жолжөндеу”, “Жол жөндеуші”- жол жөндеу бойынша, “Локомотивжөндеу” мен “Теміржолмашжөндеу” локомотивтерді жөндеу бойынша “Теміржолсужылужабдықтау” кәсіпорындарды сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша, “Көліктелеком”- телефон және телеграф байланысы қызметтерін қамтамасыз ету бойынша, “Әскерилендірілген темір жол күзеті” және басқалары жеке заңды тұлғалар акционерлік қоғамдар болып бөлінеді, бұл оларға өз қызметінде акциялар пакеттерін иеленуші “Қазақстан темір жол” ҰК” ЖАҚ тың тарапынан жасалатын бақылау мен басқаруды сақтай отырып, икемді, нарықтық тетіктерді қолдануға мүмкіндік береді.
Жылжымалы және тартымдық құрамдарды жөндеу аясындағы қызмет көрсетулердің бәсекелес рыногын кеңейту үшін “Локомотивжөндеу”, “Вагонжөндеу”, “Теміржолмашжөндеу” және “Жолаушылар тасымалы” сияқты кәсіпорындар филиалдарының мүліктік негізінде өндірістік кооперативтер мен жауапкершіліг шектеулі серіктестіктер құрылды.
Сол арқылы жөндеу саласындағы нарықтық қатынастарды дамыту үшін жағдай жасалды, бұл ретте “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ барлық қызметтерді конкурстық негізде атып алуды жүргізеді. Бұл қамтамасыз ету қызметі кәсіпорындары арасындағы бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда, олардың қызметтерін сатып алу бойынша шығындарды азайтты.
Басы артық активтерді шағын, орта бизнес кәсіпорындарына пайдалануға беріп, “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдаудың стратегиялық мемлекеттік міндеттерін шешуді айтарлықтай рол ойнады.
Бірінші кезеңнің маңызды шараларының бірі магистральдық темір жол желісінің мүдіктік кешенін белгілеу және оны “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың меншігіне беру болды.
Қайта құрылымдаудың бірінші кезеңінің соңы темір жол көлігінің өндірістік және қаржы экономикалық көрсеткіштерінің әрі қарай жақсаруымен атап өтілді.
2003 жылдың соңында локомотив тартымын беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын “Локомотив” акционерлік қоғамы және мемлекетаралық және арнаулы тасымалдарды жүзеге асыратын “Қазтеміржолкөлік” акционерлік қоғамы құрылды.
Сонымен бірге “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ құрамында құрылымдық бөлімшелер , қызметі магистральдық темір жол желісін пайдалану және күтіп ұстау болып табылатын Магистралдық желі дирекциясы және поездардың қозғалысын диспетчерлік басқару функциясын орындайтын Тасымалдау дирекциясы құрылды.
90-шы жылдар кезеңінде темір жол көлік инфрақұрылымының басты элементі бола тұра, ТМД ның барлық елдеріне тән экономикадағы дағдарыстық процестерге душар болды. Өндіріс көлемдерінің құлдырауы және кәсіпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы тасымалдау көлемдерінің үш еседен артық төмендеуінен, төлем жасамау проблемасынан және тұтынылатын ресурстар құнының тоқтаусыз өсуінен көрінді.
Экономиканың жүйелік дағдарысы саланы қаржылық және өндірістік құлдырауға алып келді. Сол кезеңдегі темір жол көлігіне тән белгі аз пайдаланылатын желелердің, станциялардың, жылжымалы құрамның, пайдалану және жөндеу кәсіпорындарының, еңбек персоналының басы артық саны болды. Қор қайтарылымының және еңбек өнімділігінің созылмалы түрде төмендеуі осының салдары болды.
Осы жағдайда Үкімет темір жол көлігін қайта құрылымдауда алғашқы қадам жасады. Темір жолды қаржы экономикалық сауықтыру үшін 1997 жылы 31 қаңтарда Үкіметтің қаулысымен Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жолдарын қосу арқылы Қазақстан темір жолы республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылды.
Қабылданған шешімнің дұрыстығын кейінгі жылдардың нәтижелері растады. Барлық қаржы ағындарын біріктіру, қаржылық тәртіпті қатаңдату және басқаруды орталықтандыру саланың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның темір жолы инфрақұрылымға және жылжымалы құрамға инвестициялар жасамай ақ қолда бар активтердің базасында толассыздықтың қажетті деңгейімен тасымалдау қызметін және тарифтердің өсуі салыстырмалы төмен болғанда поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сала нақты бір деңгейде Қазақстанның ірі кәсіпорындарының қалыптасуында және нығаюында басты роль атқарды.
Соңғы жылдары қол жеткізілген Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі қамтамасыз етуші және тасымалдаушы қызметтегі бәсекелестікті дамытуға және жеке меншік инвестицияларды тартуға бағытталған темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау қажеттілігін белгілейді.
Осымен қатар қайта құрылымдаудың негізгі қағидаттарының бірі темір жол желісін мемлекеттің меншігінде сақтап қалу тжәне оны Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттілігін барынша қанағаттандыру және транзиттік әлеуетіе кеңейту мақсатында дамыту болып табылады.
Сонымен бірге одан әрі қайта құрылымдау қажеттілігі Магистральдық желі операторының Ұлттық тасымалдаушыдан қаржылық бөлу және магистральдық желіге барлық тасымалдаушылардың бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету бөлігіндегі оның іс шараларын Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының Заңына, сондай ақ темір жолдың әлеуетті бәсекелестік тасымалдау қызметін табиғи монополиялық қызметтен бөлу бөлігінде Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірумен байланысты.
Темір жол көлігінің мемлекет пен қоғам үшін оңтайлы қызмет ету жүйесіне қол жеткізу қайта құрылымдаудың мақсаты болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:
темір жол көлігінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру
қамтамасыз ету қызметін негізгі қызметтен бөлу
магистральдық темір жол желісін тнң пайдалану құқығын беру арқылы тасымалдаушылардың бәсекелес рыногын құру
өндірістік қуаттарды оңтайландыру, темір жол көлігінің тиімділігін арттыру
жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерін шешу.
Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы Магистралдық желі операторы барлық тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісін пайдаланудың тең құқығын қамтамасыз етеді. Тасымалдау қызметінде бәсекелестік дамыту өз жылжымалы құрамы бар жаңа тасымалдаушылардың пайда болу есебінен қамтамасыз етілді.
Тасымалдаушыларды қалыптастыру процесі Қазақстан Республикасы темір жол көлігінң қызмет еті ерекшеліктерін, жүк айналымының барынша жоғары болатын кезеңдерде тасымалдарды үздіксіз қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі.
“Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ “Темір жол көлігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Ұлттық темір жол компаниясының қызметтерін жүзеге асырады.
Бұдан басқа, темір жол жүйесін пайдаланудың тең жағдайын қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ бірнеше жүк жөнелтушілер пайдаланылатын кіпме жолдарды беру жөніндегі қызметтерді қоса магистральдық желінің қызметтерін көрсетуге технологиялық байланысты табиғи монополиялық қызметтерді көрсетумен айналысады. Ол үшін “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың меншігіне бірнеше жүк жөнеклтушілер пайдаланатын және «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының меншігіндегі барлық кірме жолдар оңтайлы паркке кірмеген “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың вагон және локомотивтер паркіне айырбастау арқылы беріледі. Осы паркке техникалық қызмет көрсету үшін бір пайдалану вагон депосын «Көліктік сервис орталығы» АҚ-тың меншігіне беру көзделіп отыр. Бұл ретте «Көліктік сервис орталығы» АҚ-тың функциялары вагон паркін қалпына келтірі, сату және жалға беру болып табылады.
«Көліктік сервис орталығы» АҚ-на тиесілі және бір жүк жөнелтушімен пайдаланылатын кірме жолдар заңнамада бекітілген тәртіп бойынша осы тұтынушыға сатылады.
Әрі қарай тасымалдаушылар рыногындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында «Көліктік сервис оралығы» АҚ жүк тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.
2003 жылы Компанияның құрамында құрылған қызметі магистралдық темір жол желісін пайдалану және күтіп ұстау болып табылатын Магистралдық желі дирекциясы және поездар қозғалысын басқару мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету функцияларын орындайтын Тасымалдау дирекциясы “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-ың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
«Локомотив» акционерлік қоғамының негізгі қызметі тасымалдаушылар мен магистральдық темір жол желісінің операторыны тең құқықты жағдайда локомотив тартымы қызметін көрсету және тартымдық жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету болып табылады.
2005 жылғы 1 қаңтарға қарай барлық локомотивтерді техникалық қызмет көрсету пунктері, локомотивтік бригадалардың демалыс үилермен қоса, дербес «Локомотивтік сервис орталығы» акционерлік қоғамы болып бөлінеді, оның бірден бір акционері “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ болып табылады. 2005 жылғы 1 шілдеден бастап акциялар пакетінің 10%-ы кейіннен акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншікке беріледі.
«Локомотив» акционерлік қоғамы магистралдық және моневрлік локомотивтер паркін күтіп ұстайды. Маневрлік локомотив паркі Магистралдық желі операторына (“Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ) станциялық жұмысты жүргізу үшін жалға беріледі. Магистралдық желі операторына шаруашылық тасымалдарын жүзеге асыру үшін сондай ақ магистралдық локомотивтер паркі жалға беріледі.
Мемлекетаралық және арнайы тасымалдарды қамтамасыз ету үшін “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ мүкәммал вагондар паркі негізінде жүк тасымалдары бойынша қызмет көрсететін Ұлттық тасымалдаушы болып табылатын «Қазтеміржолкөлік» акционерлік қоғамы құрылды. Бұл ретте, «Қазтеміржолкөлік» акционерлік қоғамы өзінің басы артық вагондар паркін басқа тасымалдаушыларға жалға бере алады немесе сата алады. Жылжымалы құрамға ағымдық қызмет көрсетуге және тоқтатып қоюға арналған жөндеу базасымен қамтамасыз ету мақсатында оған Арыс, Балқаш, Құсмұрын, Орал станцияларындағы жөндеу деполары беріледі.
Оңтайлы паркке кірмеген вагондар және локомотивтер паркі «Көліктік сервис орталығы» АҚ беріледі, оның акциялар пакеті 2005 жылдың басында қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда саттықта сатылады.
«Қазкөліксервис» АҚ акцияларының 74% сату «Каскоркөліксервис» АҚ акцияларының 25,5 %-ын «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-тың меншігіне берілген соң жүзеге асырылады.
“Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ тиесілі «Кеденкөліксервис» АҚ акциялары (33%) контейнерлік және терминалдық шаруашылықтың жұмысына бақылау жасалуын қамтамасыз ету үшін 2005 жылға дейін “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ жарғылық капиталында сақталады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап акциялардың 33% кейіннен акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар миистрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншікке беріледі.
2006 жылдың соңында темір жол көлігінің құрылымы мынадай болады:
9.Сызба Қайта құрылымдаудан кейінгі темір жол көлігің құрылымы
“Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ ұсынатын магистралдық теміржол желісінің қызметтеріне ақыны табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ барлық тасымалдаушылардың магистралдық темір жол желісіне бірдей және тең құқықты қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Клиенттер үшін тасымалдарға ақы төлеу магистралдық темір жол желісінің қызметтері үшін ақыдан және темір жол көлігінің өзге де қызмет түрлеріне арналған бағадан тұратын болады.
Жалпы экономикалық тиімділікті арттыруға бағдарланған жолаушылар тасымалын реформалаудың міндеттері:
жолаушылар тасымалын жүк тасымалынан қаржылық және ұйымдық бөлу;
қаржы ағындарының толық айқындылығына қол жеткізу, шығындарды қысқарту және демеу қаржыны азайту, жеке меншік сектордың ролін күшейту;
жолаушылар тасымалында бәсекелестікті енгізуден тұрады.
Жолаушылар тасымалы қызметін функционалдық белгілері бойынша екі блокқа бөлуге болады:
Негізгі қызмет – жолаушылар тасымалы, багаж тасымалы;
Қамтамасыз ету және сервистік қызметті – жолаушылар вагондарын жөндеу (Алматы вагон жөндеу зауыты- АВЗ), пайдалану жолаушылар вагон деполары (ЛВЧД) жүзеге асыратын жолаушы вагондарға техникалық қызмет көрсету, ЛВЧД теңгеріміндегі кір жуу комбинаттарының көрсететін қызметтері және жолаушыларға вагон мейрамханаларда қызмет көрсету, вокзалдар.
Достарыңызбен бөлісу: |