Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалық-әкімшілік механизмдерін жетілдіру



бет44/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
8 кл СОР 1 вариант (1), СРО1 Русский copy, Қабылдау және қарым қатынас
3.2 Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалық-әкімшілік механизмдерін жетілдіру

Көлік саясаты саланың күрделенген ішкі ұйымдастырылуына және темір жол көлігінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және мемлекеттің функциялары мен жауапкершіліктерін айқын шектеуге барабар және сапалы деңгейге көтерілуі тиіс.

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына қатысы бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі болып табылады, бұдан басқа мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүиесінің күшіне қарай уәкілетті орган функцияларының бір бөлігін тарифтік реттеу саласында Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі және мемлекеттік мүлікке иелік еті бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті атқарады.

Темір жол көлігінде тереңдетілген реформаларды жүзеге асыру уәкілетті мемлекеттік органның саланы мемлекеттік ретеуді күшейтуді табанды түрде талап етеді.

Тек сло орган темір жол көлігі саласындағы мемлекетаралық келісімдер мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру, көлік саясатын іске асыру және қауіпсіздікті, лицнезиялауды инспекциялау және бақылау, техникалық стандарттарды, нормативтер мен талаптарды әзірлеу мен бекіту мәселелерімен қоса, темір жол саласындағы мемлекеттің құзыретті реттеуші органының функцияларын жүзеге асыру үшін жауапты болуы тиіс.

Уәкілетті орган Темір жол көлігінің орталвқ кеңесінде (ТКОК) және темір жолдар ынтымақтастығы ұйымында (ТЖЫҰ) Қазақстан Республикасының темір жол көлігін танытатын, лицензиялауды және қауыпсіздікті бақылауды, локомотив пен вагон жасаудың жоғары технологиялық салаларындағы импорт алмастыруды дамытуды жүзеге асыратын болады.

Тасымалдауға арналған тарифті мемлекеттік реттеуді өзгерту қажеттілігі пісіп жетілді.

Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін пайдаланғаны үшін тасымалдаушылар енгізген төлем бағалық мемлекеттік реттеуге жатады. Оны табиғи монополия аясында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган анықтайтын болады.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәикес локомотивтік тартым мен темір жол тасымалдарын ұсыну жөніндегі қызметтері табиғи монополиялық қызмет түрлеріне жатпайды. Локомотиатік тартым мен темір жол тасымалдарын ұсыну жөніндегі қызметтеріне арналған бағалар қажет болған жағдайда монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттелетін болады.

Осылайша, темір жол көлігінде бірнеше тасымалдаушылардың тең құқықты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы жүрген 10-01 баға көрсеткішінің орнына тәжірибеге магистралдық темір жол желісінің қызметіне ғана тариф белгілейтін жаңа тарифтік басшылықты қабылдау және енгізу қажет етіледі.

1994-2003 жылдар аралығында темір жол саласының қызметінде 50-ден астам нормативтік құқықтық кесім қабылданған.

Қолданыстағы заңнамада жүргізіліп жатқан темір жол саласын қайта құрылымдау, атап айтқанда темір жол көлігі субъектілерін және табиғи монополия субъектілерін реттеу, ескерілген.

Темір жол көлігін қайта құрылымдау процесін көрсететін мынадай нормативтік құқықтық актілерді атап өту қажет.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанындағы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);


Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1шілдедегі Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);

«Қазақстан Республикасының көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21қыркүйектегі заңы;

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы 8 желтоқсанындағы заңы;

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы;

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы;

Бүгінгі күні темір жол көлігі саласындағы қолданыстағы заңнамада кездесетін елеулі кемшіліктерді толтыруға арналған «Қазақстан Республикасының темір жол көлігі мәселелер жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленген. Заң жобасы темір жол көлігін қайта құрылымдауды ескеретін қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» және «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізуді көздейді.

Осы заң жобасын қабылдау:

Бәсекелестіктің дамуын, көлік нарығының барлық субъектілерінің темір жол көлігінң қызметтерін алуға еркін және ұиымды қол жеткізуді;

Магистральдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтауды;

Ұлттық нарық субъектілерінің экономикалық мүдделерін қорғауды;

Ұлттық темір жол компаниясы мен Ұлттық темір жол тасымалдаушысының мәртебесін анықтауды қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы Заңда жолаушы тасымалдарын республикалық бюджеттен субсидиялау көзделмеген. Осыған орай Заңға заң жобасымен тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп отыр.

Сонымен қатар, «Темір жол көліігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар темір жол көлігіндегі нарықтық қатынастардың дамуын қамтамасыз ететін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленуі және қабылдануы тиіс.

Қазақстан Республикасының темір жол көлігің қайта құрылымдауда көзделген іс-шаралар “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ өз қаражаты және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен іске асырылады. Бұл ретте мемлекеттік бюджет қаражаттары келесі кестеде көрсетілген жолаушы тасымалдарын субсидиялауға жіберіледі.


10- кесте 2004-2006 жылдарға жолаушы тасымалдарын субсидиялауға жіберлетін жоспарлы қаражаттар


Кезең

Сома

Ескерту

2004 жыл

19,9 млрд. теңге

“ҚТЖ”ҰК”ЖАҚ меншікті қаражаттары

2005 жыл

19,9 млрд. теңге

Республикалық бюджеттен

1,25 млрд. теңге

Жергілікті бюджеттерден

2006 жыл

21,3 млрд. теңге

Республикалық бюджеттен

1,3 млрд. теңге

Жергілікті бюджеттерден

Темір жол көлігін қайта құрылымдау мынадай оң қорытындыларға жеткізеді:

- қамтамасыз етуші сектор ұйымдарының, вагон және локомотив шаруашылықтарының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

- жүк, контейнерлік және жолаушылар тасымалдарының тиімділігі мен сапасын арттыру;

- қамтамасыз етуші қызметте бәсекестік ортаны қалыптастыру;

- темір жол көлік қызметтері рыногын қалыптастыру;

- темір жол көлігіндегі тарифтік саясатты жетілдіру;

- жеке кәсіпкерлік қызмет пен капиталдың аясын кеңейту;

- тасымалдау қызметімен байланысты емес объектілерді жекешелендіруді және коммуналдық меншікке беруді аяқтау;

- тасымалдау қызметіндегі бәсекелестікті дамыту;

- тасымалдаушылар қызметінің бағасын нарықтық негізде қалыптастыру;

- жеке вагон паркінің магистралдық темір жол желісіне қол жеткізуін кеңейту және вагон паркіне жаңа меншік иелерінің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әлеуетті барынша пайдалану.

Қайта құрылымдау бағдарламасын енгізуден, бағалау бойынша бәсекуелес секторға бөліп шығарылған вагон паркіне он жыл бойы 200-300 млн. АҚШ доллары мөлшерінде жеке инвестициялар ағыны есебінен экономикалық тиімділікке қол жеткізіледі, сондай-ақ, шығындарды қысқарту және жолаушылар тасымалдарына демеушілік қаржыны азайту “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ-тың қаржылық нәтижелерін жыл сайын 100 млн. АҚШ долларына жақсартады. Бұл жүк тасымалдарына тариф белгілеуді жақсартуға айтарлықтай әсер етеді және республикалық бюджетке темір жол көлігі қызметтерін пайдаланушылардың қаржылай қаражаттың түсуін арттырады.

Сонымен қатар, темір жол көлігінің барлық субъектілерінің қаржылық айқын болуына қол жеткізіледі.

Қайта құрылымдаудың ұсынылып отырған жолы темір жол көлігі ұйымдарының табыстарын молайтуға сонысымен Қазақстанның дамуымен гүлденуіне лайықты үлес қосуына мүмкіндік береді.


11- кесте “Қазақстан темір жолы” ҰК” ЖАҚ бойынша 2004-2006 жылға болжанып отырған негізгі көрсеткіштер:


Көрсеткіштер

Өшем бірлігі

2004 жылға

2005 жылға

2006 жылға

Жүк айналымы

Млн.т.-км

152754

156075

160300

Экспорт

Млн.т.-км

61620

62138

62660

Импорт

Млн.т.-км

9570

10126

10715

Жолаушы айнамалы

Млн. жол.-км

10384

11384

11400

Табыстар

Млн.теңге

208361

234270

259442

Шығындар, оның ішінде:

Млн.теңге

195346

214625

238026

“ҚТЖ”ҰК” ЖАҚ шығындары

Млн.теңге

106659

117185

129962

“Қазтеміржолкөлік” АҚ шығындары

Млн.теңге

23637

25970

28801

“Локомотив”АҚ шығындары

Млн.теңге

65050

71470

79263

Сатылған өнімнің (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны

Млн.теңге

177010

195373

217907




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет