Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


-кесте Қазақстан Республикасының көлік саласындағы орташа айлық жалақысы



бет37/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

8-кесте Қазақстан Республикасының көлік саласындағы орташа айлық жалақысы

(теңге)


Көрсеткіштің атауы

Жылдар

1998ж

1999ж

2000ж

2001ж

2002ж

2003ж

2003жыл 1998жылға

пайызбен (%)

Көлік барлығы

11929

14696

18788

24412

28556

29412

246,6%

Теміржол

11679

13930

18481

25098

29753

24860

255,7%

Автомобиль

10392

13671

17344

21774

24010

24410

233,9%

Су

12976

8537

10057

10386

38754

39347

303,9%

Авиация

19489

20468

25172

33292

45719

52412

268,9%

•Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі мәлеметтері


Жүмыс орындарының ел аумағында орналасу ерекшелігіне байланысты теміржол саласын қайта құрылымдаудың жалпы алғанда қоғамға ықпалы айтарлықтай болады. Темір жол негізгі қала құрастырушы элемент болып табылатын шағын станциялар мен айрыспалардың қызметкерлері, сондай ақ экономикасы депресивті аудандарда орналасқан кәсіпорындардың қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан әсіресе осал болып келеді де, қосымша адрестік көмекті қажет етеді.

Депрссивті аудандардың карталы негізінен еліміздің батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарын қамтиды бұл аймақтарда «Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ тың 4 мыңнан астам қызметкерлері тұрады әрі жұмыс істейді. Аталған аудандар жұмыссыздықтың (кей жерлерде 40 пайызға дейін), кедейшіліктің жоғары деңгейімен, экология проблемалары мен және ауыз су тапшылығымен сипатталады.

Темір жол саласы мүлкінің негізінде құрылған өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестерінде өнімдер мен қызыметтердің мына түрлерін шығару көздеп отыр


      • жол машиналары қос дөңгелектерін зауыттық жөндеу (Алматы)

      • стандарттық бұйымдар мен метиздер

      • жүк вагондары үшін тежегіш табантіректер (Арыс)

      • жұмысыз бос тұрған вагондарды жөндеу (Арыс, Қумұрын, Балқаш және т.б)

      • электр машиналарына арналғанграфитті щеткалар

      • локомотивтерге арналған сілтілі батареяларды қалпына келтіру және арнаулы вагондарды күрделі жөндеу (Екібастұз)

      • оппер дозаторлар мен платформаларды күрделі жөндеу (Орал)

      • қар тазалағыш техниканы жөндеу, жетілдіру және жинау (Орал)

      • ауыр жол техникасын жөндеу және жетілдіру (Алматы)

      • Дрезиналар жинауды ұйымдастыру (Ерейментау)

Өз бетімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кейбір босатылатын қызметкерлер мүмкін сауда, қызмет көрсету немесе тағам өнімдерін шығару саласында жеке бизнесін ұйымдастыруға тілек білдірер. Бұл мақсатқа оларға консультациялар, оқыту, шағын кредиттер беру түрінде қолдау қажет болады.

Еңбек рессурстарының ішкі қайта бөлінуіне байланысты қызметкерлердің жұмыс күні артық аудандардан жұмыс күні жетіспейтін аудандарға қоныс аударуы. Осылайша, қызметкердің жаңа жұмыс орнына қоныс аудару қажеттілігі немесе вахталық әдіспен жұмыс істеу қажеттілігі туды. Мысалы Алматы Локомотив депосында 45 жөндеуші жетіспейді, ал Жамбыл локомотив депосында 35 жөндеуші артық болып отыр. Қызметкердің тілегі бойынша жаңа нарықтық мамандықтарға қайта оқыту.

Босатылған қызметкерлердің басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылуына жәрдемдесу.

Темір жолды одан әрі қайта құрылымдау Қазақстандағы қоғамның түрлі топтарына тікелей және жанама түрде әлеуметтік ықпал көрсетеді. Қайта құрылымдаудың әлеуметтік зардаптарын жұмсартудың тиімді механизімін әзірлеу және жүзеге асыру қажеттілігі туындайды, ол өтемақы төлеу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін айтарлықтай қаржылық шығындармен байланысты болады.

Әлеуметтік қорғау жөнінде дайындалатын кез келген схемаға темір жол саласының қысқартылған қызметкерлерінің бүгінгі күнгі кіріс деңгейін сақталып қалуына қандай да болмасын кепілдікпен қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Қазақстан темір жолы ҰК ЖАҚ масштаптарын ескере отырып, теріс әсерді уақыт ішінде біршама

мақсатында саланы реформалауды біртіндеп жүргізу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет