Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Жүк тарифтері мен өндіріс бағалары индексі



бет35/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

Жүк тарифтері мен өндіріс бағалары индексі

Импорттық жабдықтар мен материалдардың базистік индексі үш жыл ішінде 421,2% құрады, бұның өзінде теміржол тарифінің базистік индексі – 126,3% немесе 3,3 есе аз.

Бұл дегеніміз сала үшін кірістермен өтелінбейтін материалдық ресурстарды, ең бастысы республикада өндірісі жоқ импорттың ресурстарды сатып алуға арналған бағалар кірістерінің өсуі дегенді білдіреді.

2003 жыл ішінде жүргізілген тарифтерді өсіру саланың қажетті шығыстарын жабуды қамтамасыз етпеді және де шығыстарға бағасы үшін жыл ішіндегі тарифтің өсуінен екі есе асып кеткен дизель отыны әсер етеді, нәтижесінде отынға деген шығыстардың үлесі ағымдық шығыстар көлемінде 9%-дан 15%-ға дейін өсті.

Нәтижесінде соңғы он жыл ішінде жабдықтар мен технологияларды жаңартуға инвестициялардың тапшылығы туындады, ол локомотивтердің, вагондардың және жолдың тозуы жоғары болғанда тасымалдау қызметін ұйымдастыруды кемшіліктерге әкеліп соғып отыр.

Басты экспорттық жүктер (гликозем, мыс, мырыш) бойынша көлік шығындарын талдау оның көлемінің айтарлықтай емес екендігін көрсетіп отыр. Теміржол тарифі 2002 жылғы 1сәуірден бастап тасымалданатын жүктердің дүниежүзілік бағасыан артта қалды, 2003 жылдың сәуіріндегі тарифтерді көтеру осы алшақтықты уақытша жойды, бірақ содан кейін тағы да артта қалу басталды. Жүк тасымалдары тарифтерін тоқтатып қою есебінен және оларға бұл кезеңде жеңілдіктер беру арқылы республика өндірісіне демеу қаржы бөлу қазіргі уақытта республиканың темір жолдары бойынша жүк тасымалдарының дүние жүзіндегі ең төмен тарифіне әкеліп соқтырды. Мысалы, экономикалық және бағалық орта теңестірерлік болса да 2003 жылы Қазақстандағы тарифтердің орташа деңгейі Ресеймен салыстырғанда 21% төмен болды. (7 - кесте)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет