Ташкент теміржолы ол екі 1877 жылы салынған Кикель - Орынбор және 1906 жылы салынған, 1852 шақырымдық Орынбор -Ташкент бағытында болды.
Сол кезде ол Орынбор - Ташкент теміржолы деп аталатын жақын аудандардағы ірі станциялар, Новосергиевская (Ақбұлақ), Келес, Арыс. Қазақстан территориясындағы жалпы жол ұзындығы 1818 шақырым болды.
Батыс Сібір теміржолы – 1892-1896 жылдары тұрғызылған Транссібір магистралінің бір бөлігі, қоғамдық жол негізгі жүйелері, Челябинск Қорған(қозғалыс 1893 жылы ашылды), Қорған - Омбы (1894ж), Омбы - Объ өзені(1896ж). Орынбор, Тобыл, Ақмола, Томск, Иркутск губернияларынан өтті. 1899 жылы жалпы ұзындығы 1328 шақырымды құрады. Жол бір рельсті 1899 жылы Орта Сібір теміржолы мен Сібір теміржол құрамына енді.
Акционерлік қоғам құрамына енетін Алтай теміржолы 1913-1915 жылдары салынған. Қазақстандағы ең ірі станциялар:Ауыл, Семей болды. Осы жолдардың 1915 жылы іске қосылға, ұзындығы 654 шақырымдық Новониколаевск Семей және Барнаул - Бийск (1915ж, 162км) бағыттары болды. Бүкіл Қазақстан территориясы бойынша жолдың ұзындығы 106 шақырым.
Акционерлік қоғам құрамына енетін Троицк теміржолының ұзындығы 281 шақырымдық Полетаево - Золотая Сопка - Қостанай бағыты бойынша 1915 жылы салынған теміржолы болды. Қазақстандағы және жақын аймақтардағы ең ірі станциялар, Троицк, Қостанай, Саламат, Қазақстан бойынша жолдың ұзындығы 232 шақырым.
Покровская Слободадан (қазір Энгелс қаласы) Заволжьеге дейін салынған, Мәскеу - Рязань - Саратов торабының жалғасы болатын, Оралға дейінгі Қазақстан территориясындағы бірінші тар табанды жол Рязань - Орал теміржолы. Ол оңтүстік Оралды Волгамен және Ресейдің орталық аудандарымен байланыстырады. Орал облысының территориясы бойынша (120) өтеді және Иелпова, Дернул, Переметнья, Ростошный, Орал, Семиглавный Мар деген алты станциялардан тұрады.
Бұл жерде 250 тоннаға дейінгі состав тартатын шетел фирмаларының қуаты төмен паровоздары пайдаланылды.
1907 жылы Орал – Соль - Илецк бөлігі Оралдан Ангаты станциясына дейін, Соль Илецкіден Шыңғырлау станциясына дейін ұзартылды, Орал өзені арқылы көпір құрылысы басталды.
1905 жылы осы жолда бірінші Қазалы локомотив депосы ашылды.
Воскресенск тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына қарасты. Воскресенск теміржолы 1898-1900 жылдары салынды. Ұзындығы 106 шақырым. Қазақстандағы және жақын аудандардағы ең ірі станциялар, Екібастұз, Ермак, Қазақстан бойынша жолдың ұзындығы 93 шақырым.
Риддер тау кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына енетін Риддер теміржолы 1914-1916 жылдары салынды. Ұзындығы 90 шақырым. Қазақстандағы және жақын аудандардағы ең ірі станциялар, Риддер, Өскемен оның құрылысы 1925 жылы аяқталды.
Ағылшын тау кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына енетін Спасск теміржолы 1906-1908 жылдары салынды. Ұзындығы 38 шақырым. Қазақстандағы және жақын аудандардағы ең ірі станциялар, )Қарағанды, Спасск.
Акционерлік қоғамға енетін Ленгір теміржолы 1916 жылы салынды. Ұзындығы 19 шақырым. Қазақстандағы ең ірі станциялар, Шымкент, Ленгр.
Қазақстан территориясы бойынша 1918 жылға дейін 2575 шақырым теміржолдар есепте болды.
1913 жылы Қазақстан теміржолы бойынша 602 мың тонна келді, бұл 1980 жылғы Алматы теміржолының бір жарым күндік жұмыс көлемін құрайды.
Орынбор - Ташкент теміржолы ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығына, сонымен қатар, Сырдария, орал өзендерінде және Арал теңізінде балық аулаудың дамуына үлкен әсер етті.
1900-1906 жылдары Сырдария өзенінде және Арал теңізінде балық аулау жылына 400-700 мың пұтқа жетті. Бұл су қоймаларында балық аулау жылдан жылға өсе түсті. Осы және де басқа себептер Сібірмен Орта Азия жолдарының қосылғандығы, сондай ақ, Жетісу деп аталатын Түркістан Сібір теміржолының бөлігі Арыс Пішпек құрылысы мақсатқа сәйкес екендігіне көз жеткізді. 1917 жылы Бурное станциясына дейін жеткізілді.
1913 жылы Қазақстан территориясы арқылы өтетін жол көлік министрлігінің теміржолдарының іске кірістірілген ұзындығы облыстар бойынша, Ақтөбе -626, Орал -207, Солтүстік Қазақстан -190, Қызылорда -737, Шымкент 321 шақырым болды.
1913 жылы Қазақстанда барлығы 2081 шақырым теміржол тараптары болды. Кейінгі жылдары, яғни 1913 жылдан 1917 жылға дейін бірнеше жаңа тараптар, Золотая Сопка - Қостанай, Өскемен - Риддер және басқалары салынды.
Осылайша, 1917 жылы Қазақстанда 2674 шақырым теміржол тораптары есепте болды.
Соғысқа дейінгі 1913 жылдың өзінде 602 мың тонна жүк жіберілді (бұл еліміздің барлық теміржолдары арқылы жіберілген жалпы жүктің 0.5%), оның 259ы нан өнімдері, мұнай -1, орман ағаштары 3 мың тоннасын құрады. Ал келген жүк 512 мың тонна (еліміздің барлық жолдары арқылы келген жалпы жүктің 0.4%) оның ішінде нан өнімдері -60 мың тонна, көмір -6 және орман ағаштары 111 мың тонна болды. Осы кезеңде оң өзгеріс ретінде теміржол тараптарының құрылысы және олардың пайдалануға берілуі Қазақстан ішіндегі транспорттық байланысты жақсартты.
Теміржол транспортының бойында қалалар мен өндіріс орталықтары пайда болды, Ақтөбе, Орал, Түркістан, ызылорда,, Арыс, Қазалы және басқалар.
Сонымен қатар, қалалардағы тұрғындар саны өсті, мұны келесі сандық көрсеткіштер сипаттайды:
2 - кесте Темір жол тораптарының бойында орналасқан қалалардың тұрғындарының өсу қарқыны.(1897-1911ж.ж)
(адам)
Достарыңызбен бөлісу: |