Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері



бет27/49
Дата15.01.2022
өлшемі0,7 Mb.
#112047
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49
Байланысты:
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері

Орта Азия теміржолы. Оның құрамына Красноярск, Самарқанд (1896ж- 1511км) Самарқант - Ташкент (1899ж,1510км ),Черняево - Андижан (337км), Қоқмет – Джалалабад (1915ж ,224км) енді.

Орынбордан Ташкентке дейін жол салу жөнінде жылы арнайы комиссия пікірін айтқан болатын. Стратегиялық пайымдау бойынша Каспидің шығыс жағалауынан Қызыл Арбат, Ашхабад және одан әрі қарай теміржол жүргізу шешілген болатын. Каспий жағалауы теміржолы құрылысы 1880 жылы қарашадан басталады. Бес жылдан кейін ол Ашхабадқа, 1886 жылы Чарджоуға, 1888 жылы жол Ташкентке дейін жеткізіледі. Сәл кейінірек Каспий теміржолының атын Орта Азия теміржолы деп өзгертеді. Ол Сырдария, Самарқант, Ферғана, Каспий жағалауы, Бұхара хандықтарының территориясынан өтеді. Осылайша, теміржол Орта азия мен Ресейдің орталық бөлігін жалғастырады. Бұл жолдың алғашқы басшысы М.И.Хильков болды. XIX ғасырдың аяғында оны Ташкент Орынбор арнайы торабымен жалпы теміржол жүйесімен қосу жөніндегі мәселе туады. Бұл жердің құрылысына олар 1890 жылы кіріседі. Ал, 1901 жылы Ташкенттенде, Орынбордан да бірдей теміржол жұмысы жүргізіле бастайды. 1905 жылы теміржол тарабы бойындағы ең ірі станцияның бірі Қандыағаш станциясы салынды.

1906 жылдың басында Ташкент -Орынбор жүйесі іске қосылып, Орта Азияға Ресейдің Орталық сауда өнеркәсіп қалаларына жол ашады. Орта азиядағы барлық теміржол желісінің ұзындығы 2740 км. болды. Амудария - Термез (1925ж), Сырдария - Жизақ (1962ж) және т.б бағыттарда жаңа жолдар салынды.

Маңызды теміржол жүйесінің бірі 1972 жылы Орта Азия Еуропа елдеріне шығу мүмкіндігін туғызған Қоңырат - Бейнеу (408ж) желісі болып табылады. 1971жылы Шенгелді–Келес-Ташкент және тағы басқа аймақтар электрлендірілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет