Темирханова Шынар Мухтархановна
«Бақыршық орта мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі,
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті
Тарих пәнінің мұғалімі
Академик М.Қозыбаевтың Абылай –алып тұлға атты тарихи көзқарасы.
« Ғалымның Отандық тарих ғылымы
саласындағы сіңірген еңбегі мен артында
қалған мол мұрасы, шығармалары халықтың
игілігі мен қазынасы болып қала береді».
Н. Назарбаев
Ғалымдар арасында «Тарихты тарихшы емес,тарихты түсіндіруші жасайды» деген сөз бар. Манаш Қабашұлы Қозыбаев – ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымының докторы (1969), профессор (1970), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (1989), еңбек сіңірген қайраткері біраз жылдар бойы негізгі тарихтың салалы маселелерімен шұғылданып, көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелерді шешуге, оның астарына үңілуге тырысты. Сондай тарихи көзқарастың бірі алып тұлға-Абылай жайлы ой-толғауынның төңірегінде болмақ.
Бүгінгі демократиялық пен жариялықты паш еткен қайта құрудың нәтижесінде қазақ даласы да оңдған жылдарға соғылған марқау ұйқысынан сел етіп оянып, бұйығы бодандықтан бұғауын үзіп, дүр сілкінгендей, сананы сүрлеп,сезімді сарғайтқан сыңаржақ саясаттың сеңін бұзып, бір серпілгендей, өзінің құдіреті мен ұлылығын жаңа ғана танығандай күйге енді. Тарихымыздың тұл етіп, өткеніміздің өшіре жаздағанымызды да енді ұққандаймыз. Елдің ерлігін,ұлттың болашағын киелі бойтұмардай қастерлеу ,олардың рухы алдында тағзым ету орнына,хан десе қарадай қорқып,батырларымыздың бағын жандырудан бүгежектеп,жетпіс жыл бойы жақ аша алмай келдік. Ұлтың туралы үн көтеру ұлтылдық саналып, ұлтсыздыққа ұрынуға шақ қалды.
Бірақ «ештен кеш жақсы »демекші,ел еңсесін көтеріп,халқымыз өз қадір-қасиетін жоғалтпағанын, ұлттық ар-абыройын әрқашан ардақ тұта білетін, кеудесінде жаны, бойында қаны бар екенін таныта бастады. Соның бір куәсі қаншама уақыт қаскөй озбырлықтың теперішін тартып,тұмшаланған тарихымыздың жарқын беттері енді ғана ашылып, ел басы үшін қалтықсыз қызмет етіп, отызыншы жылдар ойранында жазықсыз құрбан болған абзал азаматтарымыздың туған жұртымен қайта қауышып, өз ортамызға оралуы дер едік. [1].
Абылай заманы, оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі және ХҮІІІ ғасырдағы ортақ мемлекетке бірігуіндегі,тарихындағы,сондай-ақ қазақ хандықтарының халықаралық байланысын дамыту мен нығайтудағы ролі мен орны жайында Манаш Қозыбаевтың тарихи көзқарасы осындай: Абылай хан!Бұл есімді атағанда барша қазақ атаулының жадына бостандық,егеменді ел,қазақ халқы,туған же,Отан,кл бірлігі,ел ынтымағы сияқты қасиетті ұғымдар оралады.Айбынды да,айдынды,әруакты Абылай бабамыздың есімі,рухы өсіп-өнудің ұрығы емес деп ешкім де айта алмас!Өйткені Абылай ханның,ғажайып батырдың,ұлы дипломаттың,жоғары дәрежедегі мемлекет қайреткерінің,көреген ұлы қолбасшының өмірі бір ғасырға жуық қазақ халқының тағдырымен,оның ата тарихымен сабақтас.Бұқар бабамыздың:"Аттан әруақ",ел болсайшы қайран қазақ!"деген айбынды үндері,ұлы әжелеріміздің жоқтаулары,халық аңыздары мен жырлары,адам қаны жосып сай-салалардың арналары,киелі Ұлытау мен қайғылы Қаратау,дабылды"Аңырақай",ежелден қасиетті Түркістан мен құдіретті Көкшетау,қалмақ қырылған обалар сол Абылай заманының куәгерлері емес деп кім айта алар. [3].
Қазақ халқын талай хандар билеген."Қайырымсыз болса ханнан без,өткелсіз болса судан без,асусыз болса таудан без,панасыз болса сайдан без"деп халық ханның қайырымды болуын қалаған.Бірақ ХVIII ғасырда Шыңғыс әулетінен тараған ханзадаларының құны құлдыраған кез еді.Ел басына күн туған кезде қазақ жерінің ханзадалары тақта емес,ұрыс алаңында сынға түсті.Халықтың ары мен намысын қорғар ер,күрес стратегиясын болжар көреген,тұрмыс қаракетін,көңіл күйін айтпай білетін қажырлы қайраткер ғана сүрбелең де дүрбелең,от жалынды, дауылды да дабылды кезеңнен,сыңнан өте алды.Құлаш бойым құласа да,тіккен туым құламасын деп,ту көтерген ұлы Шыңғыстың ата дәстүрінің шын мәніндегі мұрагерлері азайған шағы еді бұл.Малды,дәулетті феодалар болса 150 жылдан астам жаугершілік кезінде бір жұрттық. Малды, дәулетті феодалдар болса 150 жылдан астам жаугершілік кезінде бір жұттық емес, бір шабідан қалмайтын. << Байтал түгіл бас қайғы >> деген мәтел сол кезде шыққан-ды. Бұқар жырау өзінің атақты жетінші толғауында айтқандай, << Арғымақ жалсыз,ел малсыз >> болатын. Міне, осы сәтте желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, қазақ еліне жау ойран салғанда << қиядан қиқу төгілсе, атының басын тартпаған, қисапсыз жау көрінсе, түршігіп беті қайтпаған батыр шыққан халқыңнан, қазақ атты халқыңнан >> деп, Бұқар баба жырға қосқандай, Абылай осы батырлар легінің батыры болып қана қоймай, қолбасшы дәрежесіне көтерілді. Ол басқа атақты батырлардай қатарларынан суырылып шықты. Ол кезеңде болашақ Абылайды Сабалақ деп таныған шақ-ты.
Қалтылдай жүріп күнелткен
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің, -
деп Бұқар жырау Абылай ханның алдына талай рет көсілдіре, бетіне салық қылған-ды. Ендеше Абылай түп атасы Шыңғыс әулетінен бола тұра қарадан шығып, хан атанды. Қарадан шыққан әскери элита, елге билік айтқан шешендер мен көсемдер оның тірегіне айналды. Хандық билік пен ақыл-күштің тетігі - баитырлар мен билер билігіне ұстатты. Билер мен батырлар әкелген қара халықтың рухы хандық өктемдікті шектей білді. Сонау Ұлытау мен Көкшетау, Сайрам мен Түркістанда, қазақтың киелі жерлерінде бүкіл қазақтық құрылтайлар шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен сауда мен дипломатиялық қарым-қатынас мәселелері көп талқысынан өтіліп, шешіліп жатты. Жиындарда тайпалардың , жүздердің көкейтесті ой-тілектері барша халықтық мүддеге қабысатын. Үш жүз біртұтас халық болып қауышып, ынтымақ бірлік туы астында табысатын.
Шын мәнінде осындай барша халықтық жиындар сол заманға лайық парламент болатын. Абылай ханның даналығы мен көрегендігі осы бір дала демократиясын, хандық диктатураны бір жүйеге сала білді. Ерлік - ұранымызға, білік - құранымызға осылай айналды. Бөгенбай бастаған, Қабанбай қостаған жаужүрек батырлар Абылайдың семсер ұстаған қолы болса, Бұқар дана мен Төле би бастаған шешендер мен көрегендер тоы Абылайдың Сезімтал жүрегі болды.
Абылай қазақ смахарасының даналығын, күш-қайратын бойына сіңірді. Аңыздағы кей батырдай, сол елмен, халықпен біте қайнасты. Оның сырын да, мұңын да түсінді. Ол ұлттық сананы оята алатын,ұлттық мақсатты асқар шынға көтеріп, халықтың тірлігі мен бірлігін қорғай алатынқайраткер болып ерте қалыптасты. Соның нәтижесінде ол сұлтан күнінде бүкілхалықтық хан дәрежесіне көтерілді.
Ұзақ зерттеулер нәтижесінде Шоқан былай деп жазады: << Как бы то ни было в 1739 годы мы находим его самым сильным и владельцем Средней орды и русское правительство по преимуществу сносится в Абылаем>>. Басқаша айтқанда, кешегі жетімек, кісі есігіндегі құл бүкілхалықтық қайраткер болып танылғанда 28 жаста еді. Ал ресми хан болып таққа отырған кезде ол іргелі мемлекетті қалыптастырды. XVIII ғасырда Евроазиялық сахарада Петр бірінші, Екатерина екінші, Ғалдан Церен сияқты есімі әлемге әйгілі мемлекет қайраткері қатарына қазақ жұртынан тек қана Абылай көтерілді. Көп ғасырлық тарихы бар халқымыздың шежіресіне Абылай есімі осылай енд. [2].
Абылай хан тұлғасы жалаң-жадағай идеологияландырылған тақырыптарға сыймайды. Ол өте алып та, тұңғиық терең тұлға. Оны тудырған сол ғажайып қайшылықтарға, қиындықтарға толы заманасы. Оның есімі XVIII ғасырдағы Евроазиялық континентте Орта Азия ғана емес, барша әлемдік тарихқа өзіндік құбылыс болып енді деп атап өткен – Манаш Қабашұлы Қозыбаев ғалым қоғам алдында саяси қайраткерлікпен танылып,артынан тамаша еңбектерін қалдырғандығын мақтанышпен айта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қозыбаев М.Қ. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 192 б.
2.// Ақиқат 1991ж №11
3. Салықов К. // http: // kaztrk.kz/kaz /news/kultura/ Manash_Kozibaev ulttik tarihti kajta zhangirtushi.html
Достарыңызбен бөлісу: |