«Теміртау қаласы №9 мектеп лицейі» кмм


Оқушыларға кәсіби бағдар беруде кітапхананың атқарған жұмыстары



бет5/11
Дата18.02.2018
өлшемі2,43 Mb.
#38013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Оқушыларға кәсіби бағдар беруде кітапхананың атқарған жұмыстары.

Кәсіптік бағдар адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарды тудырудың басты факторы болады. Оқу бағдарламасы және кәсіптік бағдар тәрбие жұмыстары бағдарламаның жалпы бір мақсаты бар, ол тұлғаны тәрбиелеу, оны жан- жақты дамыту.

Кәсіптік бағдарламаның негізі, оның ішінде өндіріс процецінің барлық ғылыми негізі жатқан, еңбек дағдысын меңгеруге жағдай жасалатын, қарапайым еңбек құралын пайдаланудың іскерлігін, оқушыларды өнімді еңбекке тарту, яғни политехникалық оқу болып табылады. Оқушыларды мамандықты саналы таңдауға дамытуда жалпы білім беретін пәндердің үлкен мәні бар.

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Кітапхана мектебіміздің білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Бүгінгі ақпарат құралдары дамыған, жаңа технология заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы, ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсу жолында мектеп кітапханасы – халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.

Осы мақсатта кітапханада еңбек тәрбиесі, политехникалық білім  беру және мамандық таңдау мәселелеріне арналған көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектерін, еңбек жайындағы заңдарды, жастарды жұмысқа орналастыру жайындағы  әдебиеттерді, жоғары және арнайы орта оқу орындарына, кәсіптік-техникалық мектептерге түсу туралы анықтамалықтарды іріктеліліп алынады.

Оқушыларды кәсіпке баулуда кітапхананың алып барған негізгі жұмыстары:

Кәсіптік бағдар беру мәселелеріне байланысты әдебиеттердің картотекасын жасалынып, жаңа әдебиеттер жөнінде педагогикалық кеңесте, оқушылар алдында шолу жасалды;

мамандық жөніндегі кітаптардың, мақалалардың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттердің библиографияның тізімдерін жасалынды.

Кітапханада әр түрлі мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты оқушылар үшін оқырмандар конференциясы, пікірталастар, тақырыптық кештер ұйымдастырылып барылды.



Оқушылардың жас ерекшелктерін ескере отырып кітапхана қорындағы әдебиет-тер іріктеліп алынып, «ҰБТ,ОЖСБ-ға дайындық», «Сенің таңдауың-сенің болашағың» атты кітап көрмелері құрылды.

9-11 сынып оқушыларына кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу жасалынды. 9 сынып оқушыларымен «Мамандықтың бәрі жақсы!» атты тақырыппен сыныптарында әңгіме-сұхбат өткізілді.

Әңгіме-сұхбат барысында оқушыларға кітапханадағы кәсіби бағдар бойынша әдебиеттер ұсынылды. Сонымен қатар ҰБТ,ОЖСБ бойынша да келіп түскен анықтамалықтар,энциклопедияларға шолу жасалынды.

Кәсіби бағдар беру жұмысына кітапхана тарапынан әдебиеттермен,әдістемеліктерді ұсыну арқылы көмек көрсету жалғасын таба бермек.

Физика пәнін таңдаған 9-11-сынып оқушылары Рахатов Ө, Бекболат М. Бермуратов А,, «Күштің сыры неде?», «Экономикалық орысша-қазақша сөздік» кітаптарын пайдаланды. Биология пәнін таңдаған оқушылар Туремуратова А, Жанайдар А.т,б оқушылар «Табиғат ғажайыптары», «Сүт қоректілер», «Менің денем неден құралған?» кітаптарың пайдаланды.

2017 жыл 16 қараша мектеп кітапханасында оқушылардың қаржылық сауаттылық білімін жетілдіріп, экономикалық ой –өрісін дамыту, көз қарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу мақсатында «Қаржы жайлы не білеміз» тақырыбында 6 сынып оқушыларымен суқбат болып өтті.

Сухбатда «Қаржы жайлы не білеміз» тақырыбында оқушылырға лекция оқылды.

«Ақша жайлы әңгімелейік» атты кітаптан библиографиялық мәлімет жасалды. Сухбат соңында оқушылар жалпы қаржы туралы өз түсініктерін әңгімелеп берді.



Кәсіптік бағдар беру – көп салалы әрі қиын үрдіс. Кәсіптік – техникалық мектептерде ол жас жұмысшы маманын дайындап оларды өндірісте кездесетін қиындықтарды жеңе білуге үйретуге бағытталған. Шын мәнінде бұл – мектептен бастау алатын әлеуметтік кәсіптік бейімделу, кәсіптік тәрбие. Оның тиімділігін кәсіптік мектептегі оқу–тәрбие үрдісі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне байланысты.

Бұл мәселені шешу табандылықты, тиімді жұмыс әдістері мен түрлерін қолдануды қажет етеді.

«Ерте жастан кәсіптікке баулу- табысты жұмыстың кепілі» тақырыбында педагогикалық кеңес 5 қаңтар 2018 жылы өткізілді.Мектебіміз ««Ерте кәсіптендіру – табысты кәсіби бағдар»облыстық жобасында Теміртау индустриалды техникалық колледжбен біргелікте жұмыс бастадық.

Бұл Кәсіптік бағдар берудің жобасының негізгі мақсаты: оқушылардың мамандық таңдау үдерісінде тұлғаның қызығушылығы мен қабілетін, еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып оңтайландыру.

Міндеттері:

  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқудың барлық кезеңдерінде оқушыларды кәсіби ақпараттандырудың жүйелілігі.

  • Оқушылар саналы түрде таңдау жасау үшін оқу бағыты мен болашақ мамандығының қызметі аясында жағдай жасау.

Педагогикалық кеңес мынадай бөлімдермен өткізілді.

  1. «Мамандықтар тізбегі» психологиялық ойын жаттығу жасалды.

Ерте жастан кәсіптікке баулу- табысты жұмыстың кепілі бойынша

Директордың БОЖ орынбасары Болбаева П.А,педагог –психолог Абдрасилова С.Н. әлеументтік педагог Досмуратова Г.А. мұғалімдермен пікірталас өткізді.

    1. Мамандық таңдау уәждері

    2. Мамандықтар картасы

    3. Кәсіптік қызметтер аясы

    4. Қажетті мамандықтар рейтингісі

    5. Мамандық таңдауда салмақты шешімге келудің қадамдары.

    6. Мамандық таңдаудағы қателіктер

    7. «Навигатум – мамандықтар әлемімен» таныстырылды.

Педагогикалық кеңестің кәсіби бағдар бойынша мынадай нәтиже жасады:

  • Кәсіби дайындық жайлы мәлімет: мамандықты алу жолдары, оқуға түсу шарттары, оқу уақыты, негізгі оқылатын пәндер, төлем-ақысы, кәсіби өсудің перспективасы арқылы ойландырға сұрақтарына жауаптарды берілген сайттардан алу.

  • Ерте кәсіптендіруге бағытталған «Навигатум» сайтынан бастауыш сынып және 5-7 сынып оқушыларына арналған мультсериял, видеоларды сабақ барысында және таңдау курстарында, тәрбие сағаттарында жүйелі түрде қолдану.

  • Педагог – психологтар 8-11 сынып оқушыларына жекелеме кеңес беру /диагностика қорытындысы бойынша, ата-ана ұсынысы бойынша немесе оқушының сұранысы бойынша/.

  • Кәсіби бағыт-бағдар беру апталығына және ОӨК, қалалық, облыстық,республикалық сайыстарға қатысуы бойынша мониторинг жасау.



Кәсіптік бағдар беру апталығы аясында өткізілген іс-шаралар.

Мектебімізде 14-21 -қараша 2017 ж аралығында кәсіптік бағдар беру апталығы ұйымдасытырылып, 1-11 сынып оқушылары арасында іс-шаралар өткізілді . Мектептегі сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және психолог, әлеуметтік педагог , кітапханашылар, тәлімгерлердің жауапкершіліктерімен жекеленген сыныптармен кеңес беру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Жоспарға сәйкес әрбір сейсенбі ұйымдастырылатын оқушылар жиынында мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушыларының дайындауымен үгіт –насихат тобы «Мамандық - өмір таңдауы» атты апталықтың ашылуын ұйымдастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет