«Теміртау қаласы №9 мектеп лицейі» кмм



бет1/11
Дата18.02.2018
өлшемі2,43 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
«Теміртау қаласы № 9 мектеп – лицейі» КММ

2017-2018 оқу жылындағы бейіналды және кәсіби бағдар бойынша жүргізілген

жұмысының жарты жылдық есебі

Мақсаты:


  • Оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құру.

  • Кәсіпке бағдарлау.

  • Жоғары оқу орындарына дайындау.

Міндеттері:

  • Бейінді оқытуды басқаруды ұйымдастыру.

  • Мамандық таңдауға бағыт беру.

  • Таңдау курстары көмегімен негізгі пәндердің сапа көрсеткішін арттыру.

  • Жетістіктер портфолиосын дамыту.

Кәсіби бағдар жұмысының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.

Әдістемелік Ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 маусымындағы №319-ІІІ «Білім туралы» заңының /29.09.2014ж Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген/, 2011 жылдың 18-шілдесіндесіндегі «жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» №815-қаулының 5-тармағына сәйкес, 2014 жылдың 14 мамырдағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіби бағдар беру жұмысын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар», Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» атты бекітілген № 636 қаулысы және 2014 жылдың 15 қазанындағы «Жол картасындағы дуальдік жүйенің бекітілгендігі туралы» №1093 қаулысы негізінде әзірленген құжаттарға сүйеніп жүргізіледі.

Кәсіби бағдар жұмысы бойынша мұғалімдермен әдістемелік жұмыс.

Қазіргі таңдағы 12 жылдық бейіндік оқытуға көшу кезінде мектептегі әдістемелік жұмыс статусы едәуір көтерілуде. Жеке тұлғаға бағытталған жеке адамның эмоционалдық құндылығын дамыту, оның өмірге деген жеке көзқарасы, іс-әрекеті, өзі, жеке тұлғалық ұстанымы негізгі мәнге ие. Жаңа әдістемелер мен технологиялар, оқыту мен тәрбиелеудегі әдіс формаларын өз дәрежесінде қолдану талабы туындап отыр. Кәсіби бағдар жұмысының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.

Оқыту мен білім берудің сапасын жақсарту, халықаралық білім беру кеңістігіне сәйкестену, сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде білім саласында өзгеріс қажет деген ғалымдардың еңбегімен танысу, сыни тұрғыдан ойлайтын кәсиби қарым –қатынастағы мәдени орта құру, сын тұрғысынан ойлау бойынша дамыту семинарлар, коучингтер өткізу арқылы оқушының өз іздене отырып дамуына мүмкіндік туғызу.

Мектебімізде 5-11 сыныптарында жаратылыстану-математика бағытындағы бейін бойынша жұмыс жүргізу мақсатында таңдау курстарынның бағдарламалары бекітілді. Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты - оқушының өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіру. Бейін алды және бейіндік оқытуды жүзеге асыруда төмендегідей:«ІТ технологиясы»,«Биохимия және тіршілік»,«Нанотехнология»10-11 сынып биологиядан,Сөз маржан,Математика және логика 5-9 сынып, «Математикалық сауаттылық» 5-11 сынып, «География кеңістігінде» 5 сынып, «Мехатроника» 8 сынып, «Ғылымтану» 5,9 сынып, «Өлкетану» 7 сынып, «Роботатехника» 5-9 сынып, «Үш өлемді модельдеу техникасы» 8 сынып, «Болашық инженерлер» т.б. вариатив және лицей курстары оқушылардың және ата-аналардың тілектері бойынша ұйымдастырылды. Әрбір курстардың өзіне сай ерекшіліктері мен мамандық таңдауға бағытталған. Мысалы: «Математика және логика, математикалық сауаттылық» курстары мазмұнын ашуда бейінді дайындық жұмысын жүргізуде, болашақта шағын бизнес, программист мамандығына баулуда.«Биология және денсаулық» 8 сынып өтілетін курстың мақсаты оқушылардың: дәрігер, бояушылар,суретші,көркемдеуші т,б мамандық иесін таңдауға көмектеседі. Сонымен біргелікте мынадай үйірмелер: «Оқу шаттығы», «Жас натуралистер», «Физика және 3D моделдеу», «Өмірлік кеңістіктегі геометрия», «Болашақ инженерлер» жұмыс жасауда.

Үйірме жұмыстарының маңыздылығына тоқталсақ:

«Өмірлік кеңістіктегі геометрия» үйірменсінің мақсат, міндеттері: жазықтықтағы және кеңістіктегі геометриялық формулалармен таныса отырып, геометриялық есептерді шығара білуге, фигураларды практика жүзінде зерттеу нәтижесінде фигуралардың қыр-сырын толық меңгерту, фигуралардың өмірмен байланысы және фигураларды өз бетінше жасай білуге үйрету болып табылады.Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға өз бетінше ұмтылу. Сапалы таңдап алынған аз мөлшердегі өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау шығармашылық ізденіс жұмыстарына баулып, ғылыми ізденіске ұштастыру. Ұқыптылық, ұжыммен жұмыс істей білу, өзінің және жолдастары алдында жауапкершілік, достық т.б. қасиеттерін арттыру.Нәтижеде:белгілі ғалымдардың тарихымен танысып мәліметтер жинақтады, тарихи мағлұматтарды өз бетінше іздене отырып қажетті мағұлматтар алды;әр түрлі тарихи есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептерді шығарды;өз жұмысының нәтижесін талдап, қорытынды жасап, шешім қабылдайтын болды;архитектор,сылақщы т.б мамандықты таңдауға үлес қосады.



Кәсіби бағдар беру бойынша №9 мектеп–лицейінің жылдық жоспарының мақсаты: оқушылардың қызығушылықтары мен мамандық таңдауда, кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Жоспар МОӨК директоры Е.П.Сатаевамен біргелікте жасалып бекітілді. Мынадай бөлімдерді қамтыды: Педагог мамандармен жұмыс, Оқушылармен жұмыс, Ата- аналармен жұмыс, Оқушыларға психологиялық қолдау, Мектепаралық оқу –өңдірістік комбинатымен бірлескен жұмыс.

Әлеуметтік педагогтің кәсіби бағдар бойынша жасаған жұмысы

Мектептегі 9, 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мектепішілік тізімде тұрған және сырттай бақылаудағы бітіруші түлектердің ата-аналарымен кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

«Қиын» оқушылармен жұмыс мектеп психологы, мектеп инспекторы, сынып жетекшілерімен бірлесіп, пән мұғалімдерін қатыстырып олардың психологиялық жас ерекшеліктері зерттелді.



Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр жыл сайын айлық іс-шара жоспары жасалынып бекітіледі. Жоспар бойынша ай сайын және айлық жоспар бойынша түрлі әдістер мен іс-шаралар өткізіледі. Олар: дөңгелек үстел, пікірталас, тәрбие сағаттары, құқық бұзушылық қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп отырады. Осы жоспар бойынша тек құқық бұзушылық қана емес, сонымен қатар патриоттық, адамгершілік, талғамдық тәрбиеге қатысты жұмыстар атқарылды.Тәрбие ісінде қиындық тудыратын 9 сынып оқушылармен мамандық таңдауға байланысты кеңестер жүргізіліп жарнамалар таратылды.

Сонымен қатар оқушылардың ортада өздерінің әркімнің көшбасшылыққа бейім екендігі анықталды. Жоспарға сай әлеуметтік педагог,сынып жетекшілері үнемі мектептегі оралман оқушылармен үнемі жұмыс жүргізеді. Сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагог және директордың ТЖ орынбасарлары әр сыныптағы оралман оқушылармен жоспарға сай жұмыстар өткізілді. Сонымен қатар «Мамандық таңдаудан жаңылма?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында еліміздің еңбек саласында жетіспейтін мамандықтар және қазіргі заманның жаңадан пайда болған мамандықтар бойынша слайд көрсетіліп статистикалық мәліметтер берілді.



Ата-аналармен жекелеме кеңестер беріліп, «Мамандық таңдауда кездесетін қателіктер» туралы ата-аналарға ескертіліп өтті.

1 қателік: мамандық таңдауға көзқарасы өмірде ылғи және өмірлік теңіздегі кішкентай арал сияқты. Сіз өмірде біртіндеп арнай тәжірибе жинақтап, кез келген іс-әрекет аумағында біліктілігіңізді жетілдіре аласыз. Үздік инженер болып, жұмысшы сатысынан өтіп, кім бригадир, мастер т.б. сатыдан өтсе, ал, жақсы банк басқарушысы болып, кім контролер, кассир, бухгалтер жұмысын атқарса ғана жететінін ескерген жөн.

2 қателік. Кейбір мамандық түрлерінің «қажетсіз», қоғамда белгілі бір алатын орны жоқ деген тек сөз жүзінде ғана, ал шын мәнінде қоғамда ең қажетті болуы мүмкін. Мамандық түрлерін «қызықты» не «қызықсыз», «жеңіл» не «ауыр», «жоғары» не «төмен» деп бөлінуі кейбір отбасында осылай жіктеуі кездесетіндігі шындық.

3 қателік Тура мағынасында «топтан қалмай» мамандық таңдау, достарының ықпалына еріп мамандық таңдау бұлда бір қатарынан қалмау деген жалған түсініктен туындаған.

4 қателік Белгілі бір адамға деген қарым-қатынасынан /мұғалім, танысы және т.б./ қызығушылықтан не соған өз дегенін дәлелдегісі келгендіктен сол кісінің мамандығын таңдау. Осы жағдайда өзінің қызығушылығымен, өмірлік ұстанымы ескерілмейді.

5 қателік Бір мамандық иесінің сыртқы келбеті немесе белгілі бір жағы қызығушылық танытқандықтан, сол мамандықтың басқа көпжақтылығын ескермегендіктен.

6 қателік Өзінің сүйікті пәніне деген қызығушылықтан мамандық таңдау. Ал өмірде мамандық салалары мыңдап саналады. Сондықтан мектептегі 12-15 оқу пәндерінен қарағанда әлемдегі мамандық бағыттарына үңіле білу жетімсіздігі.

7 қателік Сол мамандықтың ескірген мінездемесіне сәйкес , қазіргі таңдағы техникалық прогресс заманындағы алға жылжуды ескермегендіктен

8 қателік Өзіңе іштей талдау жасай алмағандықтан, әрекетке не себептен барғанына мән бермегендіктен.

9 қателік Өзінің физикалық мүмкіндігі мен денсаулығын ескермегендіктен, бағалай алмағандықтан. Кез келген мамандық өзінше әртүрлі деңгейде адамның ішкі ағзасына кері әсерін тигізетіні медицинада ескерілген, мұны тек дәрігер ғана сізге айтатын жағдайлар болады. Олар Пропатолог не профконсультант.

10 қателік Мамандық таңдаудағы негізгі әрекеттерді дұрыс білмегендіктен және ретін анықтап алмағандықтан өзіндік маманданған бағытының болмауы. Уақытты үнемдеп, нақты шешім қабылдауда бос сатылардың кездесуі.

Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар бойынша жұмыстар жүргізілуде.



Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр жыл сайын айлық іс-шара жоспары жасалынып бекітіледі. Жоспар бойынша ай сайын және айлық жоспар бойынша түрлі әдістер мен іс-шаралар өткізіледі. Олар: дөңгелек үстел, пікірталас, тәрбие сағаттары, құқық бұзушылық қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп отырады. Осы жоспар бойынша тек құқық бұзушылық қана емес, сонымен қатар патриоттық, адамгершілік, талғамдық тәрбиеге қатысты жұмыстар атқарылды.Тәрбие ісінде қиындық тудыратын 9 сынып оқушылармен мамандық таңдауға байланысты кеңестер жүргізіліп жарнамалар таратылды.

Сонымен қатар «Мамандық таңдау-келешекті таңдау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты оқушыларды мамандық иелерімен таныстырып, мамандықтар туралы кеңестер беру арқылы қолдау көрсету. Жоспарларын анықтап, психологиялық, патриоттық  күш беріп, кәсіптік бағдар көрсету.



2017-2018 оқу жылында 9 сыныптар арасында өтетін «Кәсіптік бағдар беру олимпиадасы» Абдикаримова Асем және Қожамуратов Нұрсұлтан алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ жетекшісі С.Н Абдрасиловаға оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хат берілді. «Өзіндік маркетинг құпиялары» тақырыбында шеберлек сағатына қатысқаны үшін Г.А Досмуратоваға сертификат берілді.
Әр оқу жылында дәстүрлі ОӨК бірлескен жоспары негізінде мектеп-лицейімізде қараша айында «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» атты кәсіптік бағдар беру апталығы өткізіледі. Сол апталық аясында оқушыларға мамандық тақырыбына сәйкес «Анам, әкем жұмыста» бастауыш сыныптар арасында қолдан жасалған суреттер, фотосурет байқауы, қабырға газеттері, шығарма байқауы, колллаж байқаулары ұйымдастырылды. Солардың ішінен ең үздік орындалған жұмыстарды қалалық ОӨК өтетін жарыстарға жіберілу жоспарланып отыр.

Мамандықты дұрыс таңдау бойынша бірнеше интернет сайттармен педагогикалық кеңесте таныстырылды. Атап айтсақ:

 http://www.ucheba.ru/prof/

http://www.e-xecutive.ru/career/trades/

http://www.vde.infobus.ru/dictionary.html 

 http://naviobraz.tsu.ru/slov_prd.htm 

 http://www.estrabota.ru/index.phtml?go=slov http://job.informika.ru/smi/jfy59.htm 

http://www.zarplata.ru/

http://www.job-today.ru/issue/st29_03.htm

http://www.vakansii.com.ua/showArticleNames.html?id=24 

Бастауыш сыныптарға және 5-7 сыныптарға арналған «Навигатум» сайтында ұсынылған мультсериялдар топтамасын ұсындық. Әрине бұл мултьсериялдар орыс тілінде болғанымен оқушыларға өте қызықты және әр мамандық туралы нақты түрде түсіндірілген.



Сонымен қатар бітіруші 9 сыныптармен қаламызда колледжадар өткізген ашық есік күндеріне қатыстық. Мамандық таңдауға байланысты кеңестер жүргізіліп жарнамалар таратылды.

Бейіндік оқытуға дайындық және кәсіби бағдар бойынша психологтың жүргізілген жұмысы.

2017-2018 оқу жылында Бейіналды дайындық және Кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

9 сынып оқушыларымен «Мен қаладым» мамандыққа қабілетін анықтау сауалнамасы жүргізілді.


Оқушыларға кәсіби бағдар беруде кітапхананың атқарған жұмыстары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет