Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді



Дата07.02.2022
өлшемі9,01 Mb.
#89997
Байланысты:
минез


Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.

«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.

Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.

Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.

Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.
Ұлттық мінез - әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі, оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық мінез - тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономиялық және саяси жағдайларға сәйкес қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп тұрады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан шығармада ұлттық мінез жасау үшін оның дүниетанымын, психологиясын, әдет-ғұрыптарын, т.б. қасиеттерін білу керек. Бұл жөнінде Н.В. Гоголь: "Ақын өмірге өз халқының көзқарасымен қарап, әр нәрсені ұлттық психологияға сәйкес құбылыстай сезініп, толғанғанда ғана ұлттық сипатты бейнелеп беруі мүмкін", - деген ой айтады. Бұл дұрыс та. Мысалы, "Игорь полкі туралы жыр" орыстардың, "Махабкарата" Үндістан халқының, "Нибелунга туралы жыр" немістердің, "Манас" қырғыздардың, "Ер Тарғын" қазақтардың дүниетанымын, мінез-болмысын айқындайтын шығармалар.












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет