Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау


Жіктелуі: Алынуына байланысты



бет10/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Жіктелуі:

  • Алынуына байланысты:

Табиғи ЖМҚ- ақ уыздар, ферменттер және полисахаридттер.
Синтетикалық немесе жартылай синтетикалық ЖМҚ – целлюлоза туындылары.

  • ЖМҚ қолданылуына байланысты:

Дәрілік заттар және көмекші заттар

  • ЖМҚ ісіну қабілетіне байланысты:

Шексіз ісінетін және шекті ісінетін
ЖМҚ еруі алдын ала жүретін ісіну процесімен анықталады. Ісіну – төмен молекула еріткішті сіңіріп, жоғары молекулалы заттың көлемі ұлғаюымен аяқталатын процесс. Ісіну процесі 2 сатыдан тұрады 1. Сальвотация – гидратация(жылу бөледі). 2. Ісіну (жылу бөлусіз сұйықтық жұту) Еріткіш ЖМҚ макромолекуланың арасына өтіп, бос жерлерді толықтырады. Әрі қарай байланыстары босап, пайда болған бос кеңістіктер еріткіштің жаңа молекулаларымен толтырылады. Кейін еріткіш молекуласы ЖМЗ диффузия түрінде еніп, көлемін ұлғайтады. Кейінен макромолекулалар жай еріткішке диффузиялана бастайды.


13. Коллоидты ерітінділердің сипаттамасы. Колларгол, протаргол, ихтиол ерітінділері технологиясының ерекшеліктері. Уникальность 100

Коллоиды ерітінділер – құрылымы мицелла деп аталатын молекулалар мен атомдардан тұратын ультрамикрогетерогенді дәрілік түрлер. Олар дисперстік фаза мен дисперстік ортадан тұрады. Дисперстік фаза бөлшектірінің өлшемі 1нм – 100нм аралығында болады.


Ерекшелігі:

  • Агрегаттық және термодинамикалық жағынан тұрақсыз болып келеді (құрамына тұрақтандырғыш компонентін енгізгенде ғана тұрақты болады)

  • Кері қайту қасиеттері жоқ.

  • Бөлшектері кәдімгі микроскопта емес, ультрамикроскопта көрінеді

  • Осмостық қысымы төмен болады

  • Әлсіз диффузияланады, бөлшектері фильтрленеді

  • Сезімталдығы жоғары (лабильді)

  • Сақталу мерзімдері шектеулі

Тұрақсыздығы мен технологиясының киындығы фармацияда коллоиды ерітінділерді қолдану шеклеулі. Осыған байланысты фармацияда қорғалған коллоиды ерітінділер қолданылады.
Қорғалған коллоиды ерітінділер – гидрофильді қасиеті бар ЖМҚ мен гидрофобты коллоиды заттардан тұратын жасанды препараттар.
Медицинада үш коллоиды ерітінділер қолданылады:

  1. Колларгол (жасанды түрде алынған коллоиды заттар) – коллоиды қорғалған препарат. Жасылдау немесе көкшіл-қара пластинкалар, суда ериді, металдық жылтырлары бар.

Құрамы: күміс тотығы – 70%, лизальбин мен протальбин натрий тұздары – 30%-ға дейін.
Технологиясы: Фарфор келіге колларголды салып, тазартылған судың жартысын қосады оны келсаппен араластыра отырып судың қалған бөлігін қосады. Ерітіндіні мақта арқылы қоңыр түсті ыдысқа сүзеді. Тығындап, безендіреді: негізгі этикетка “Сырт тәнге”, ескерту этикеткасы “Балалардан сақтау”, “Жарықтан қорғалған жерде сақтау”.

  1. Протаргол (жасанды түрде алынған коллоиды заттар) – ақ уыздардың сілтілік гидролиз өнімдерімен Na альбуминаттары және қорғалған күміс тотығының коллоиды заты. Қоңыр немесе қоңыр-сары түсті, иіссіз, әлсіз ащы дәмді жеңіл ұнтақ. Суда жақсы ериді. Эфирде, спиртте ерімейді.Гигроскопиялық зат.

Құрамы: күміс тотығы – 8%, қалғаны – ЖМҚ қорғанысы.
Протарголдың еріту сатысы, колларголдағы ісіну сатысына қарағанда ұзақ жүреді.
Технологиясы: Ыдысқа тазартылған суды кұйып, судың бетіне жұқалап протарголды себеді. Еруі үшін 10-15мин тыныштықта тұрады. Судың жан жағында бөлшектер ісіне бастайды, еріген препарат төменгі қабатқа өтеді. Осы кезде оны шайқаға болмайды, себебі протаргол бөлшектері бір бірі мен жабысып қалады. Ерітіндіні мақтамен немесе шыны фильтрмен сүзіп алады. Ол қоңыр түсті ыдыста босатылады, себебі жарықтың әсерінен ерітінді металдық күміске айналып қарайып кетеді. Тығындап, босатады: негізгі этикетка “Сырт тәнге”, ескерту этикеткасы “Балалардан сақтау”, “Жарықтан қорғалған жерде сақтау”.

  1. Ихтиол (табиғм қорғалған коллоид) – битуминозды сланецтардың құрғақ айдалған өнімдері. Коллоиды гидрофобты бөлігі – тиофен, сульфоихтиол қышқылының аммоний тұзымен қорғалған. Қара түсті, тұтқыр сұйықтық, гицеринде және суда жеңіл араласады.

Техноологиясы: Ихтиолды фарфор табақшада келсаппен судың аз мөлшерінде ерітіп, оны араластыра отырып үстіне суды қосып ерітінді көлемін белгеле дәрежеге жеткізеді. Ерітіндігі дәке арқылы сүзіп, босататын ыдысқа құйып, тығындап, безендіреді.


  1. Суспензияның дәрілік қалып ретінде сипаттамасы. Гидрофильді және гидрофобты заттардан алынған суспензия технологиясы. Олардың сапасын бағалау, сатылымға рәсімдеу, сақтау, жетілдіру жолдары. Уникальность 95

Суспензия – қатты фазадан тұратын, сұйық фазада ерімейтін сыртқа, ішуге, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр. Ол официналды дәрілік түр. Осмыстық қысымы жоқ. Сүзу, фильтрлеу процесі жүргізілмейді. Кенетикалық тұрақсыз. ҚР ДСМ 15.12.04ж №142 бұйрығының 1 бөлімінің 8 тармағы бойынша дайындалады.


Артықшылығы:

  • Еріткіштерде ерімейтін дәрілік заттарды босатады

  • Әсер етуі бойынша ерітінділер мен ұнтақтардан қалыспайды

  • Суспензия бөлшектері терапевтік әсерлерін тез көрсетеді

  • Сулы дәрілік заттар ағзадан тез шығарылатын болса, суспензиялар ұзағынан әсер етеді

Кемшіліктері:

  • Дәл дозаланбайды (осы себепті улы және күшті әсер ететін дәрілік заттарды босату мүмкін емес)

  • Тұрақсыз болып келеді

  • Технологиясы қиындау

  • Сақтау мерзімі қысқа

Суда ерімейтін суспензия түзетін заттар:

  1. Гидрофильді – сумен шылатындар, тұрақты суспензия түзеді, су қабаттары түзіліп, бөлшектері бір-бірімен жабыспайды. (магний негізгі карбоонаты, магний тотығы, мырыш тотығы, висмуттың негізгі нитраты)

Технологиясы: Келіге магний тотығын өлшеп алып, тазартылған сумен Дерягин ережесі бойынша аралстырамыз да қоспаны пульпа түзілгенше ысқылаймыз. Жұқа пульпаға су қоса араластырамыз да оны 1-2мин тыныштыққа қоямыз. Бетіндегі ерітіндіні босататын ыдысқа құйып алып, осы процессті тұнба толық лайланғанша қайталаймыз. Босататын ыдыстағы дайын болған суспензияға қант шырынын қосамыз. Босатуға безендіреміз: негізгі этикетка “Ішуге” , ескерту этикетка “Қолданар алдында шайқа”, “Балалардан сақта”.



  1. Гидрофобты – сумен шыланбайтындар, су қабаттары түзілмейді, бөлшектері бір-бірімен жабысады. Үлпектер түзіледі және оларда флокуляция процесі жүреді.(үлпектердің тез тұнуы немесе су бетіне шығуы)

Қасиеті айқын байқалмайтын: фенилсалицилат, бензонафтол, терпингидрат, сульфодиметоксин, сульомонометоксин.


Технологиясы: Қосымша ыдысқа тазартылған суды өлшеп алып, натрий гидрокарбонатын ерітіп, сүзеді. Келіде терпингидратты ысқылап, оған желатозаны қосады (тұрақтандырғыш ретінде). Содан соң натрий гидрокарбонаты ерітіндісінің аз мөлшерін қосып, пульпа түзілгенше келсаппен ысқылайды. Үстіне қайта натрий гидрокарбонаты ерітіндісін қосып, араластырып, 1-2мин тыныштыққа қоямыз. Кейінен бетіндегі дисперсті ерітіндіні босататын ыдысқа құйып аламыз. Тұнбаға осы операцияны қайта қайталап, соңында ерітіндімен келіні шаямыз. Құтыны тығындап, босатуға безендіреміз: негізгі этикетка “Ішуге” , ескерту этикетка “Қолданар алдында шайқа”.

Қасиеті айқын байқалатын: ментол, камфора, тимол, күкірт.



  • Салмақ көлемдік әдіспен дайындалады.

  • Майдалануы 90% этил спиртін қосу арқылы жүргізіледі.

  • Тұрақтандыруды талап етеді.

Технологиясы Дерягин ережесі бойынша пульпа алу және лайлау процесін қолданып жүргізіледі. Тұрақтардырғыш ретінде желатозаны 1:1 қатысында алады.

Сапасын бағалау:



  • Сыртқы түрі мен органолептік қасиеттері

  • Дұрыс орамдалуы мен безендірілуі

  • Біпкелкілігі – микроскоп арқылы анықталады, ірі бөлшектер болмау керек.

  • Тұну уакыты – тұрақтылығын анықтайды.

  • Ресуспендирленуі – суспензияны қатты шайқау арқылы анықтайды.

  • Құрғақ қалдық – дозалану дәлдігін тексеру үшін анықтайды.

Сатылымға рәсімдеу:



  • Суспензияларды түссіз флаконда босатады

  • Флакондыы полиэтилен тығынмен жабады

  • Флаконды негізгі және ескерту этикеткамен безендіру: “Қолданар алдында шайқа”, “Салқын жерде сақта”.

Технологиясын жетілдіру жолдары:



  • Электірлік араластырғыштар

  • Суспензия сапасын жақсарту

  • Тұрақтандырғыштар ассортиментін кеңейту

  • Өнімділігі төмен қол енбегін жеңілдету

  • Суспензия сапасын бағалауда инструменталды әдістер енгізу

  • Дәрілік заттар тұрақтылығын жоғарлату



  1. Эмульсиялар дәрілік қалып ретінде. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Эмульсияларды дайындау ережесі. Әртүрлі физикохимиялық қасиеттері бар дәрілік заттарды эмульсияға енгізу ережесі. Эмульсиялардың сапасын бағалау. Уникальность 100

Эмульсиялар – дисперстік фаза мен дисперстік ортасы бір бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын микрогетерогенді жүйе. Ішуге арналған эмульсиялар официналды дәрілік түр. Бөлшектерінің өлшемдері 1-50мкм аралығында болады.
Дисперстік фазаны түзетін сұйықтықтың табиғаты бойынша:

  • Фазасы май, ортасы су – М/С ішуге қолданылады

  • Фазасы су, ортасы май – С/М сырт тәнге қолданылады

Артықшылығы:

  • Ағзаға енгізілген дәрілік заттардың терапевтік әсері тез

  • Майлардың иісін жасыру мүмкіндігі

  • Балаларға қолдану тиімділігі

  • Шырышты қабаттағы тітіркендіргішті жұмсарту

  • Бір бірінде арласпайтын сұйықтықтарды біріктіру мүмкіндігі

Кемшіліктері:

  • Агрегаттық тұрақсыз

  • Дәріхана жағдайында технологиясының қиындығы

Эмульсиялардың дайындау ережесі:

  1. Дәндерден жасалынған эмульсия: майдаланға тұқымдардан, майларды сығындылау арқылы дайындалады.

  • Фарфор келіге салып, біртекті масса болғанша ысқылайды. Біртіндеп қалған суды қосады. Эмульсияны екі қабат дәкемен сүзеді (салмақпен дозаланады). Тұрақтандырғыш қосылмайды.

  1. Майлардан эмульсиялардың технологиясы:

  • Майдың аты жазылмаса эмульсия бадам немесе шабдалы майы қолданылады.

  • Рецептіде майдың мөлшері көрсетілмесе 100г эмульсияға 10г май алынады

  • Келі ыдыста эмульгаторды сумен немесе маймен ысқылап дайындалады

  • Эмульсия дайындау кезінде келсап бір бағытта қозғалу керек(бір қалыпты қозғалмаса эмульсия процесін баялатады)

Әртүрлі физикохимиялық қасиеттері бар дәрілік бөлшектерді эмульсияға енгізу ережесі.



  • Эмульсияның құрамына енгізілетін дәрілік заттар полярлы және полярсыз орталарда еруіне байланысты енгізіледі

  • Су еритін дәрілік бөлшектер эмульсияны еріткенде еріген бөлігіне енеді

  • Майда еритін заттарды енгізбей жатып майда ерітіп алады

  • Суда, майда ерімейтін дәрілік бөлшектерді эмульсияға ұнтақ түрінде енгізіледі

  • Фенилсалицилат пен бензонафтол майда еритіндігене қарамастан ұнттақ түрінде енеді

  • Спирттер, шырындар, тұндырмалар эмульсияға сұйық күйінде қосылады

  • Эмульсия құрамына эфир майлар енсе, онда эмульгаторлар екі есе мөлшерінде алынады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет