Теория дәрілік препараттар өндірісін мемлекеттік нормалаудың негізгі бағыттары. Рецепт,анықтамасы,маңызы,құрылымы. 89 Дәрілік препараттар өндірісін нормалау



бет15/39
Дата25.05.2024
өлшемі97,1 Kb.
#202902
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
ОФТ ПОЛНАЯ ВЕРСИЯ

Фармацевтикалық сыйымсыздық бұл дәрілік әсер етуші заттар бір- бірімен , қосымша материалдармен жанасып араласуы есебінен дәрілік препараттың химиялық, физикалық, терапевтік өзгеріске ұшырауы. Сыйымсыздықтың негізгі 3 түрі болады . Олар физика-химиялық, химиялық , фармакологиялық.
Физикалық , физика- химиялық сыйымсыздықтардың себептері :

  • Дәрілік әсер көрстетін заттардың ерімеуі, ерімеу әсерінен тұнба немесе ірі дисперсті орта пайда болуы

  • ЖМҚ ерітінділерінің , коллоидты ерітінділердің коагуляциясы

  • Күрделі ұнтақтардың ылғалданып кетуі және де сусымалығын жоғалтып балқуы

  • Қатты дене бетіне ерітінділер мен газдардың сіңіп кетуі яғни дәрілік заттар адсорбциясы

  • Консистенциясы, агрегаттық күйлері бөлек заттарды араластыру, гидрофобты болып табылатын мысалы өсімдіктер майлары, глицерин, этанолдарға сұйықтықтар қоссақ олардың араласпауы сыйымсыздықты тудырады.

Химиялық сыйымсыздықтардың себептері:

  • Органикалық қышқылдар мен әлсіз негіздердің, ауыр және сілтілі жер металдардың қоспаларының тұнбалар түзуі .

  • Газдардың бөлінуі. Мысалы әлсіз ұшқыш қышқыл тұзы + күшті қышқылмен әрекеттессе бұндай тұздарынан газ бөлінетін әлсіз қышқылдарға азотты, көмір және тиокүкірт жатады. Сондай ақ әлсіз ұшқыш негіз + күшті негізбен әрекеттессе бұндай тұздарынан газ бөлінетін әлсіз негіздерге аммиак және гексаметилентетраминді жатқыза аламыз .

  • Тотығу- тотықсыздану реакциялары. Инъекционды препараттар ерітінділерін , сулы ерітінділерді, көз тамшыларын дайындау технологиясында қажет емес жанама тотығу тотықсыздану реакциялары жүруі мүмкін.

Фармацевтикалық сыйымсыздықтарды жеңу тәсілдері:
+Рецепттегі кейбір дәрілік заттарды алмастыру. Мысалы кодеинді кодеин фосфатымен , натрий тетраборатын бор қышқылымен, калий бромидін натрий бромидімен, эуфиллинді теофиллинмен алмастырсақ сыйымсыздықты жеңуге болады.
+ Рецепт құрамын өзгертпей технологиялық әдістерді пайдалану . Бұл әдіс рецептке енген ингредиенттерді белгілі бір ретпен ерітуге негізделген. Мысалы алкалоид негіздерінің препараттарын дайындағанда РН мәнінің өсу ретімен қосу арқылы араластырып еріту. Сондай ақ ұнтақ , жағар майлар , түрлі ерітінділер технологиясында еріткіште негізгі дәрілік затты бір бөлек , басқа компоненттерді бір бөлек ерітіп алып содан соң араластыру сыйымсыздықты жоюға мүмкіндік береді
+ Дәрілік түрді өзгерту алмастыру. Мысалы микстураларды ұнтақпен немесе керсінше ұнтақтарды микстурамен , тамшыларды микстуралармен ауыстыру.
+Компоненттердің біреуін бөлу. Ұнтақтар, сұйық препараттар технологиясында жиі қолданылатын тәсіл . Жазылымда жазылған ингредиенттерің сыйымсыздық тудыратынын препараттан бөлек босату. Дегенмен бұл тәсілді пайданалу үшін дәрігердің рұқсаты керек , себебі улы заттарды күшті әсер ететін заттарды бөлек босатуға рұқсат етілмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет