Теория Жер тобындағы планеталар



бет5/19
Дата26.12.2023
өлшемі8,25 Mb.
#199403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
АСТР ОТВЕТ
HTML гипермәтіндік тілі, HTML гипермәтіндік тілі
Ай туралы айтыңыз

Ай (лат. Luna) — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 км.
Айға “Луна”, “Зонд”, “Рейнджер”, “Сервейер”, “Лунар Орбитер” және адам басқаратын “Аполло” планетааралық автоматты кемелер арқылы зерттеулер жүргізілді. Ай бетіне алғашқы адам 1969 жылы 21 шілдеде қадам басты (Н.Армстронг, Америка Құрама Штаты). Айда 1969-1972 жылдары 12 астронавт ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізді.

  1. Гравитациялық өрістегі қозғалысын сипаттаңыз

Гравитациялық өріс, тартылыс өрісі – кез келген физикалық объектінің айналасында болатын физикалық өріс. Денелер гравитациялық өріс арқылы өзара әсерлеседі.
Гравитациялық өріс – гравитациялық өзара әсерлесуді жүзеге асыруға керекті күш өрісі.

  1. Галактика түрлерін айтыңыз

Галактикалар — ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байқалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады.
Галактика түрлері – өткен ғасырдың 20-жылдары Э.Хаббл галактикаларды пішіні бойынша бөлген үш топ. Жұлдыздары спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар, эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар және белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар. Біздің галактика спиральдық галактикалар қатарына жатады.

  1. 4 ші сұрақ қайталанып тұр. Бүкіләлемдік тартылыс заңы сипаттаңыз

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 ж. Шыққан “Натурал философияның математикалық негіздері” деген еңбегінде баяндалған. Бұл заң былай тұжырымдалады: кез келген материялық екі бөлшек бір-біріне өздерінің массаларының (m1, m2) көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына (r2) кері пропорционал күшпен (F) тартылады: , мұндағы G — гравитациялық тұрақты. Гравитациялық тұрақтының (G) сан мәнін 1798 ж. Ағылшын ғалымы Г. Кавендиш анықтаған. Қазіргі дерек бойынша G=6,67*10^-11
F=G m1*m2/r^2



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет