Теория Жер тобындағы планеталар



бет2/19
Дата26.12.2023
өлшемі8,25 Mb.
#199403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
АСТР ОТВЕТ

Алып планеталарды атаңыз

Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы аз (ең азы – Сатурнда 0.7 г/cm3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас: планетаның ішінде өте күшті гравитацияның нәтижесінде пайда болған онша үлкен емес қатты аумақ болады. Одан кейін сұйық газ тәріздес қабат келеді, ол бірте-бірте атмосфераға ауысады. Алып планеталардың атмосфералары олардың өздерімен бірге пайда болған. Алып планеталарда қатты беткі қабат жоқ.
Барлық алып планеталар серіктермен қоршалған. Қазір олардың біріне-бірі ұқсамайтын алпысы белгілі. Мысалы, Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, Нептунда 8 серігі бар.

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңы сипаттаңыз

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Ньютонның тартылыс заңы — кез келген материялық бөлшектер арасындағы тартылыс күшінің шамасын анықтайтын заң. Ол И. Ньютонның 1666 ж. Шыққан “Натурал философияның математикалық негіздері” деген еңбегінде баяндалған. Бұл заң былай тұжырымдалады: кез келген материялық екі бөлшек бір-біріне өздерінің массаларының (m1, m2) көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына (r2) кері пропорционал күшпен (F) тартылады: , мұндағы G — гравитациялық тұрақты. Гравитациялық тұрақтының (G) сан мәнін 1798 ж. Ағылшын ғалымы Г. Кавендиш анықтаған. Қазіргі дерек бойынша G=6,67*10^-11
F=G m1*m2/r^2

  1. Кометалар анықтамасын айтыңыз

Комета (гр. Kometes – құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты), яғни ірі құйрықты жұлдыздың Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір немесе бірнеше жарқыраған құйрықтары болады
Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқакезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет