Өлшеу әдістемесі
Құрғақ конус колбаларда жалпы көлемі 5мл екі компонент ерітінділері даярланады, А мен В компоненттері көлемдерінің арақатынастары мынадай болуы тиіс: 1:4, 2:3, 3:2, 4:1. Бірінші және соңғы колбаларда 5 мл-ден таза сұйықтықтар болуы тиіс. Содан кейін таза сұйықтықтар мен олардың қоспаларының сыну көрсеткіштерін өлшеп, алынған деректерді графикке түсіріп, құрам (моль.%) - сыну көрсеткіші координаталарында (7-сурет) калибрлеуші қисық деп аталатынды алады. Моль % берілген қоспа құрамы мына теңдеу бойынша есептеледі:
мұндағы:VА,Vв-компоненттер құрамы, dA, dB - меншікті салмақтары,
MA, MB – молекулалық салмақтары.
7-сурет.Сыну көрсеткішінің АВ жүйесінің сұйық фазасының құрамына тәуелділігі (калибрлеуші қисық)
Одан әрі таза сұйықтықты немесе әзірленген қоспаны термометр және кері тоңазытқышпен жабдықталған эбулиоскопқа аударып құйып, оның қайнау температурасын анықтайды. Қоспаның қайнау температурасын анықтағаннан кейін кері тоңазытқышты шлифі бар алдын ала әзірленген пробиркаға конденсаттың бірнеше тамшысын алуға болатындай етіп төмен бұрып, конденсаттың сыну көрсеткішін анықтайды (тек коспалар үшін). Бұл бу құрамын анықтау үшін жасалады. Содан кейін ордината осіне конденсаттың сыну көрсеткіші мәніне сәйкес келетін шаманы (m) салып, осы нүктеден калибрлеуші қисықпен қиылысканша абцисса осіне параллель түзу жүргізіп (n), қиылысу нүктесінен абцисса осіне перпендикуляр түсіріп, бу құрамын анықтаймыз. Сұйық фаза құрамы аз өзгергеніне көз жеткізу үшін үлгі (проба) алғаннан кейін қайтадан сұйыктықтың қайнау температурасын анықтау керек. Үлгіні алғанға дейінгі және одан кейінгі қайнау температураларының айырмасы 1-1,5° аспауы тиіс. Алынған деректерді мынадай таблицаға түсіреді.
Рет
|
А компо- нентінің көлемі, мл
|
Сұйық фазаның сыну көрсеткіші
|
Үлгі
алған-
ға де-
йінгі
қайнау
темп.
|
Конден-
саттың
сыну
көрсет-
кіші
|
Үлгі
алын-
ғаннан
кейінгі
қайнау
темп.
|
Сұйық фаза құрамы (А комп. мол.%)
|
Бу фаза құрамы (А комп. мол.%)
|
Орташа
қайнау
темп.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Одан әрі таблицаның 7,8,9 бағандарындағы деректер бойынша қайнау температурасы –құрам диаграммасын (8-сурет) сызады. Абцисса осіне моль.% (берілген құрам), ал ордината осіне таза сұйықтықтар мен олардың қоспаларының қайнау температуралары салынады. Әрбір температураға (таза сұйықтықтардың қайнау температурасынан басқа) сұйықтық пен онымен тепе-тең бу құрамына сәйкес келетін екі нүкте келеді. Ыңғайлы болу үшін сұйықтық пен будың құрамдарын әр түрлі тәсілмен белгілеуге болады (мәселен, сұйықтық құрамын кішкентай дөңгелекпен, ал бу құрамын кішкене крестпен белгілейміз). Одан кейін сұйық фаза құрамына сәйкес келетін барлық нүктелерді (дөңгелектерді) бір тегіс сызықпен (сұйықтық сызығы), бу фазасы құрамына сәйкес келетін нүктелерді (крестерді) басқа сызықпен (бу сызығы) қосып, зерттеліп отырған жүйенің күй диаграммасын аламыз.
8-сурет. АВ жүйесінің қайнау температурасы -
құрам диаграммасы
Достарыңызбен бөлісу: |