І нұсқа
|
ІІ нұсқа
|
1
|
Д
|
Е
|
2
|
А
|
С
|
3
|
В
|
В
|
4
|
С
|
С
|
5
|
Д
|
В
|
6
|
Е
|
Д
|
7
|
С
|
Д
|
8
|
В
|
Д
|
9
|
А
|
Е
|
10
|
В
|
С
|
Бағалау критерийлері:
10 дұрыс жауап: «5»
8-9 дұрыс жауап: «4»
6-7 дұрыс жауап: «3»
5 және одан ↓ дұрыс жауап: «2»
Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін бағалау: бағалау жалпы топшаны бағалау түрінде жүргізіледі. Бағалау критерийлері толық аяқталмаған. Сабақ соңында толықтырылады.
№
|
Аты-жөні
|
Ауызша сұраққа жауап беру
|
Тест сұрақ-тарына жауап беру
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
6
|
|
|
|
7
|
|
|
|
8
|
|
|
|
9
|
|
|
|
10
|
|
|
|
IV Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (35 мин):
Жаңа сабақтың тақырыбы: Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,
буындардың шығуы.
Жұмсақ тіндердің жабық зақымдары: соғылу, шайқалу, қысылу, созылу, жыртылу.
Жабық жарақат-тері мен шырышты қабықтардың бүтіндігінің бұзылуынсыз болатын, ағза мен тіндердің зақымдалуы. Оған соғылу, созылу, жыртылу, шайқалу, және қысылу жатады.
Cоғылу (contusio).
Механикалық әсерден пайда болатын, анатомиясы өзгермеген, тіндер мен ағзалардың жабық зақымын соғылу деп атайды. Ол соққының немесе құлаудың әсерінен болады. Соғылудың патоморфологиясы алуан түрлі: реактивті қабынуды, экссудация мен лейкоциттердің шоғырлануын туңдыратын тқан құйылу байқалады. Уақыт өткен сайын, қанның сұйық бөлімі, кейін фибрин ұйымалары сорылады. Эритроциттердің жартысы лимфа түйінінде сіңірілсе, жартысы сол жерде ыдырайды. Гемоглобин жұмсақ тіндерге еніп, оларды әртүрлі түске бояйды. Гематома сіңірілгеннен кейін, дәнекер тін дамиды, сөйтіп тыртық пайда болады. Гематома қуысына инфекция түсуі мүмкін. Бұлшықеттегі қан құйылудың орнында пайда болған тыртық әктенсе, оссифицирленген миозит дамиды.
Соғылудың клиникалық белгілері: ауыру сезімі, домбығу, қан құйылу қызметінің бұзылуы. Қан құйылу жарақаттан кейін, 2-3 күні күшейеді және орнынды көк дақ (көгеру) пайда болады. Уақыт өте қан бөлшектеніп сорылады, гемоглобин айналасындағы тіндермен әсерлесіп, қан құйылу орнының түсі өзгереді. Ол көкшіл-қызғылт, жасыл, сары түсті болуы мүмкін. Көбінесе аяқ-қолдың қызметі бұзылады: буын қозғалысы шектеледі, контрактура мен анкилоз дамиды. Инфекция түскен жағдайда немесе гематоманың сорылу кезеңінде дене қызу 38ºС дейін көтерілуі мүмкін.
Шайқалу (cоmmotio).
Морфологиялық өзгерістері айқын емес, қызметінің бұзылуымен сипатталатын тіндер мен ағзалардың жабық механикалық зақымын шайқалу деп атайды. Ол жыртылу толқынының әсерінен, биіктіктен құлағанда пайда болуы мүмкін. Патоморфологиясы: щайқалу кезінде ұсақ тамырлардың тарылуы, содан кейін салдануы байқалады; тамырларда қанның тоқырауы, ұсақ ошақты қан құйылулар және өліеттенген тіндердің ошақтары анықталады. Шайқалуда болатын бұзылыстар ұзаққа созылмайды және өзінен кейін айқын, тұрақты өзгерістер қалдырмайды.
Шайқалудың жалпы клиникалық көрінісі шокқа ұқсайды. Бұл кезде науқаста АҚ төмендеуі, басының ауыруы, басының айналуы, жалпы әлсіздік, адинамия, салдану, неврит белгілері, сүйек және буындардың ауыруы, көру мен есту сезімдерінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы, ас-қорыту жолдарының дисфункциясы, ЭКГ өзгерістері байқалады. Егер тыныс алу мен тамыр орталықтарының рефлекторлы салдануы болса, адам өлуі мүмкін.
Шайқалудың негізгі емі науқасқа тыныштық беру және функционалді бұзылыстардың алдын-алу болып табылады. Жалпы шайқалуда шокқа қарсы ем жүргізіледі.
Қысылу (compressio).
Егер зақымдаушы фактор ұзақ және баяу әсер етсе қысылуға алып келеді. Терінің сыртқы анатомиялық бүтіндігі көзге көрінерліктей бұзылмағанымен, жұмсақ тіндер, нервтер мен қан тамырлары, әсіресе бұлшықеттер қатты зақымдалады. Қысылған бұлшықеттер әртүрлі дистрофиялық үрдістерге, тіпті өліеттенуге ұшырайды. Тамырлар қысылып онда тромбтар түзілуі мүмкін. Қысылудың салдарынан терең ишемия, үдемелі интоксикация, тіндердің ісінуі дамиды.
Дененің үлкен аумақты қысулулары спецификалық белгілердің кешенімен ерекшеленеді – «ұзақ қысылу синдромы».
Достарыңызбен бөлісу: |