Теориялық сабаққа



бет8/13
Дата11.09.2023
өлшемі2,32 Mb.
#180739
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,буындардың шығуы
Фарм эталон 2022, Философия үнді философиясы2, VKFXGCUUFJDI05122023190128, Ш. Жумадилла Түркістан 2022-emirsaba.org
Буынның шығуы
Буынның шығуы (luxatio)бұл буын ұштарының, онымен байланысқан сүйектердің физиологиялық қозғалысынан тыс жылжуы және буын қызметінің бұзылуы болып табылады.
Буынның шығуы шыққан шеткі сүйектің атымен аталады. Бұғана сүйегі шыққанда, шыққан бөлігі көрсетіледі (төстік немесе акромиальді). Тек омыртқалар шыққанда ғана, омыртқа бағанасында жоғары орналасқан омыртқа шықты деп есептеледі.
Жіктелуі
Бір буын бетінен басқа буын бетінің жылжу дәрежесіне байланысты толық және толық емес немесе жартылай шығу деп бөлінеді.
Зақымдалу сипатына байланысты буынның шығуы жаңа (3 күнге дейін), ескі, (3-4 аптаға дейін), ескірген (1 айдан көп) болып бөлінеді.
Этиологиясына қарай туа біткен және жүре пайда болған (жарақаттық, патологиялық, үйреншікті) деп ажыратылады.
Туа біткен буын шығуы ұрықтың дамуында буын ұштарының және байланысқан сүйектердің дұрыс емес дамуынан болады. Жиі кездесетіні сан сүйегінің туа біткен шығуы (1000 нәрестеге 2-5 рет, қыздарда 5-7 рет жиі кездеседі). Жиі бір жақты, кейде екі жақты буынның шығуы болады. Көбінесе, бұл патология бала жүре бастағанда ғана анықталады. Бұл жағдайда аяқтың ақсауы, буынның ойнақтауы, буындағы ауыру сезімі және аяқ-қолдың қысқаруы байқалады. Екі жақты буынның шығуына «үйрек жүрісі» тән.
Жарақаттық буын шығуы иық сүйегі басының көлемі мен пішінінің жауырынның буын бетіне сәйкес келмеуімен түсіндіріледі.
Патологиялық буын шығуы әдетте, буын қуысы мен сүйектің буындық ұштарында дамитын, әртүрлі патологиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болады. Мұндай буын шығуы көбінесе сүйек-буын туберкулезінде, созылмалы остеомиелитте, моно- және полиартриттерде, артроздарда, полимиелит кезіндегі аяқ-қолдың әлсіз салдануында, неврогенді артропатиялардың кейбір түрлерінде, ісіктерде, остеодистрофияларда, остеохондропатияларда болуы мүмкін.
Үйреншікті буын шығуы әдетте, иық буынында дамиды және дұрыс емес емдеу нәтижесінде, яғни буынды жарақаттап салу кезінде, дұрыс бекітпегенде және бекіту уақыты аз болғанда пайда болады. Мұндай буын щығуы ешқандай күштің әсерінсіз, қалыпты қозғалыстың өзінде-ақ пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет