Буын шығуының үш механизмі бар:
а) тікелей сыртқы күштің әсерінен;
б) жанама сыртқы күштің әсерінен;
в) бұлшықеттердің шектен тыс жиырылуының салдарынан.
Буынның шығуының клиникасы мен диагностикасы
Негізгі шағымдарының бірі – зақымдалған буындағы ауыру сезімі. Дәрігер науқасты шешіндіріп, симметриялы дене бөліктерін қарайды: сау және зақымдалған аяқ-қолдарын салыстырады. Көзбен қарағанда буын аймағындағы деформация анықталады. Көбінесе аяқ-қолдың жалған, мәжбүрлік қалпы байқалады. Сау және зақымдалған аяқ-қолды өлшеу арқылы олардың ұзындығының ара қатынастық айырмашылығы анықталады. Әдетте зақымдалған шеткі мүше ұзарады. Буын аймағының пальпациясы буынның деформациясы туралы визуальды мәліметтерді дәлелдейді. Зақымдалған буындағы белсенді қимылдар мүлдем жоғалады. Енжар қимылдар шектелген және ауыру сезімін тудырады. Серіппелі қарсыласу байқалады: аяқ-қолды тұрған қалпынан шығару кезінде олар бастапқы қалпына қайта оралады. Буынның шығуы рентгенологиялық зерттеу әдісімен дәлелденеді.
Буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек: анальгетиктерді енгізу, иммобилизация жасау, ашық буын шығуында асептикалық таңғыш салу.
Стационарда шыққан буынды орнына салу жергілікті және жалпы жансыздандырумен жүзеге асырылады. Буынның шығуы жаңа болса, жергілікті жансыздандыруды қолданады: Sol. Novocaini 2%-40 мл-ін зақымдалған буынға енгізеді. Сан сүйегі шыққанда, асқынған және ескірген буын шығуында жалпы жансыздандыруды пайдаланады.
Емдеу кезінде үш міндет орындалады: шыққан буынды орнына салу, салынған сүйекті қалыпты жағдайда ұстап бекіту, еңбекке жарамдылығын тездету.
Ашық жарақаттар.
Тереңірек жатқан тканьдардың бұзылу мүмкіншілігі мен қабаттарының немесе былжыр қабықтың механикалық жарақаттануын жара деп атайды.
Жаралардың топталуы. Жарақаттаушы заттардың түрлеріне қарай жаралар төмендегіше бөлінеді.
Кесілген жаралар қандай да бір кесуші заттың (пышақтың, шынының, темірдің және т.б.) тканьдарға әсерін тигізу салдарынан пайда болады. Жара терісінің шеттері тегіс болады, тереңдегі тканьдер әдетте аз жарақаттанады, жара ашылып тұрады, қан ағады. Жазылуы басқа жараларға қарағанда едәуір жылдамырақ болады.
Сылынған жаралар -кесілген жаралардың бір түрі болып, бұнда тері және тері асты шелінің астыңғы тканьдардан сырылып кетуі. Бұндай жара жантайып тиген кесуші заттан пайда болған жарақат немесе терінің, тері асты шел қабаты жұлынуы салдарынан пайда болады.
Шабылған жаралар өткір ауыр затпенен (балта, қылыш т.б.) ұрылғанда пайда болады. Жазылуы көпке созылады.
Тесілген жаралар өткір тесуші заттардан (біз, шеге, найза, және т.б.) пайда болады. Бұл жаралар терінің азырақ жарақаттануы және тереңде жатқан мүшелердің және тканьдардың (ірі қан тамырларының, өкпенің, жүректің, бауырдың және т.б.) айтарлықтай жарақаттануымен сипатталады. Сыртқа онша көп қан ақпайды, бірақ ол тереңде жатқан тканьдарда айтарлықтай көп болуы мүмкін. Бұңдай жаралар өте қауіпті. Емдеуде, ішкі мүшелердің жарақаттануларын анықтау мақсатында жара кең тексеруді талап етіледі.
Тесіліп-кесілген жаралар-тесілген және кесілген жаралардың ұқсастығы. Айтарлықтай сыртқа және ішке қан ағумен сипатталады. Емдеу тәсілі тесілген жарадағы сияқты орындалады.
Жаншылған жаралар қандай да бір өтпейтін заттардың (таяқтың, тастың т.б.) әсерінен пайда болады. Тканьдардың қатты езілуінен жараның шеттерінің жансыздануы байқалады. Инфекция жеңіл кіреді, іріңдеу пайда болады. Жараны хирургиялық өңдеуде жансызданған тканьдарды толық алып тастау қажет.
Жыртылған жаралар жаншылған жараларға жақын болады. Бұл әдетте машиналардың және механизмдердің жүріп тұрған бөлшектерінің әсерімен пайда болады. Айтарлықтай үлкен болады. Шеттері жыртылған, инфекция жеңіл кіреді. Жазылулары әртүрлі асқынулармен көп уақытқа созылады.
Тістелген жаралар адамның немесе айуандардың тістеуінен пайда болады. Тері, оның астындағы тканьдар айтарлықтай жарақаттанады. Жараларда ылғи да инфекция болады. Көп асқынулар пайда болып тез жазылмайды.
Ату құралынан пайда болған жаралар-ату құралы мен жарақаттанудың нәтижесіне байланысты болады. Олар оқтан, бытырадан, снаряд сынығынан және т.б. пайда болады. Жарақаттаушы снарядқа, аралыққа (расстояние) т.б. байланысты, олар әртүрлі болады. Снаряд сынықтарынан пайда болған жаралар күрделі болады. Бұл жаралар тесігі өткен жаралар болуы мүмкін, бұнда жарақаттаушы зат денені тесіп өтеді және оның кіргендігі және шыққандағы тесіктері болады (кіргендегі тесік шыққандағы тесіктен кіші, тар болады), және бітеу жаралар болуы мүмкін, бұнда тек кірген тесігі болып, ал жарақаттаушы зат тканьдардың арасында қалып қояды.
Ату құралдарынан пайда болған жарада: 1) жара өзегі аймағы, бұл жерде өлі тканьдар, снаряд сынықтары, киім қиындылары және т.б, болады; 2) тканьдардың механикалық немесе температурадан жарақаттану салдарынан пайда болатын өліеттік аймағы; 3) молекулалық қозғалыс аймағына бөлінеді. Бұңда көзге көрінерлік өзгерістер байқалмайды, бірақ бұл жерде тканьдардың қарсы тұрушылығын бәсеңдетуші некро-биологиялық өзгерістер кездеседі.
Уланған жаралар-уландырушы заттар (иприт, люизит т.б.) жараға түсуінен бола-ды. Емдеуі-жуу, уға қарсы дәрілерді қолдану, жараның бірінші хирургиялық өңдеуі болып есептеледі.
Қуыстарға өтуі не өтпеуі бойынша жаралар: 1) қуыстарға өтпеген жаралар, бұнда қоршау тосқауыл (барьер) жарақаттанбайды; 2) қуыстарға өткен жаралар, бұнда (іш қуысы, кеуде қуысы, жүрек үлпершегі, буынның синовиаль қабығы) қоршау тосқауыл-дары (париетальдық, брюшина, париетальдық плевра т.б.) жарақаттанады.
Барлық тосыннан болған жаралар, соның ішінде ату құралынан болған жаралар бірден инфекцияланған жаралар болып есептеледі. Ату құралынан болған жаралар тканьдарды көп жарақаттаңдырып, олардың жазылуына қолайсыз жағдайлар туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |