V Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (15 минут)
Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтауда «Insert» әдісіндегі «Нені
білдім?» бөліміне жауап беру үшін студенттерге пысықтау сұрақтары есептер беріледі.
Пысықтау сұрақтары
1. Жабық зақымданулар.
2. Жұмсақ тіндердің зақымданулары: соғылу, созылу, жыртылу.
3. Алғашқа көмек көрсету.
Ситуациялық есептер
Есеп № 1. Науқас Е. 7 жаста мектепте аткеншек ойнап жүрген кезд құлап бастың маңдай аймағын жарақаттап алған, көргенде маңдайдың орта аймағындағы тері қабаттары қызарып ісінген, тер асты қанды ісік бар ұстағанда кеуде ауырсынады.
Сіздің диагнозыңыз?
Ем жоспары?
Есеп № 2. Науқас Б. 26 жаста күреспен шұғылданады жаттығу жасап жатқан кезде оқыс қимылан соң буыны ауырсынып қалған. Буын айналасындағы жұмсақ ұлпалар ісініп қызарған. Тер асты қанды ісік бар. Буынның пішіні өзгерген.
Сіздің диагнозыңыз?
Ем жоспары?
Есеп № 3. Науқас Д. 22 жаста зілтемір (штанга) көтерумен шұғылданады. Кезекті жаттығу кезінде зілтемір көтерген соң сол қолының екі басты бұлшық еті ауырсынып қалған. Көрген кезде бұлшық еттің орта аймағында ойық пайда болған қызметі төмендеген.
Сіздің диагнозыңыз?
Ем жоспары?
Есеп № 4. Науқас Б. 34 жаста жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілді. Шағымы он жақ жамбас ортан жілік буын аймағы ауырғанына, ауырсыну қимылдаған кезде күшейіп түсетініне көрген кезде аяқ бүгіліп сырта кетіп және айналма тәрізді қозғалған.
Сіздің диагнозыңыз?
Ем жоспары?
Ситуациялық есептер жауаптары
Есеп № 1. Диагноз: Маңдайдың соғылған жарақаты.
Ем жоспары: 1) мұзды мұйық басу;
2) ауырсынуды басу үшін анальгетиктер қолдану;
3) басқыш таңғыш орнату;
4) троксевазин, спасатель майларын қолдану;
5) 2-3 күн өткен соң жылумен емдеу (УВЧ, солюкс).
Есеп № 2. Диагноз: Иық буын байламдарының созылуы.
Ем жоспары: 1) мұзды мұйық басу;
2) ауырсынуды басу үшін анальгетиктер қолдану;
3) иммобилизация жасау (крамер шинасы немесе гипсті лонгета);
4) троксевазин, спасатель майларын қолдану;
5) 2-3 күн өткен соң жылумен емдеу (УВЧ, солюкс).
Есеп № 3. Диагноз: Сол қолының екі басты бұлшық етінің созылуы.
Ем жоспары: 1) мұзды мұйық орнату;
2) ауырсынуды басу үшін анальгетиктер қолдану;
3) иммобилизация жасау;
4) басқыш таңгыш салу;
5) толық жыртылу кезінде операция жасалады;
6) гипсті лонгета салу.
Есеп № 4. Диагноз: Ортан жіліктің шығуы.
Ем жоспары: 1) Науқасқа жалпы жансыздандыру (миорелаксанттар) немесе жұлын анестезиясы қолданып шығуын орнына салу жүргізіледі;
2) салған соң Белер жақтауы салынады;
3) емдік шынығу жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |