Теориялық сабаққа



бет11/13
Дата11.09.2023
өлшемі2,32 Mb.
#180739
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу,буындардың шығуы
Фарм эталон 2022, Философия үнді философиясы2, VKFXGCUUFJDI05122023190128, Ш. Жумадилла Түркістан 2022-emirsaba.org, Лесбеков Досжан қорғау
Дайындық: 3 пиндет, Бильрот қысқышы, жара кеңейткіштер, шприцтер, кесуші инелер, Гегар ине ұштағышы, тігіс жіптері, қайшы, таңба салу заттары, дәрі-дәрмектер;- жараны фурацилин ерітіндісімен немесе сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісіне малынған майлықпен (салфетка) аспаппен (пинцет, корнцанг) ұсталып жара ішінен сыртына қарай тазартылады; йодонат ерітіндісіне батырылған майлықпен аспаппен ұстап 2 рет сүртіледі.
Жараны алғашқы хирургаялық өңдеудің негізгі жаншылған жиектері және түбі сау тканьдарға дейін (1,5-2 см) кесіп алынып, жара асептикалық жараға айналады.
Алғашқы хирургиялық өңдеу жараның орналасуына және жарақаттың ауырлы-ғына байланысты, жергілікті немесе жалпы жансыздандыру шаралары жүргізіледі. Жараны тазалау уақытында қан ағу біржолаға тоқтатылады. Шеттерін жақындату үшін тері астына кетгут жіптерді және жібек жіптер теріге салынады. Жараның шетіне анти-биотиктер жіберуге болады. Жараларды алғашқы хирургиялық өңдеу жарақаттанғаннан кейінгі бірінші сағаттарда істелінеді. Антибиотиктерді асқазаннан, ішектен тыс қолдану, оны едәуір кеш уақыттарда (бір тәулікке дейін) істеуге мүмкіншілік бар. Жараның ішінде қалта пайда болғанда және инфекцияның өсіп-өну қаупі болса, онда жара түбіле резеңкелі түтік қойылады, шетін жақындататын тігістер қойылады немесе жара кешірек тігіледі, жараға асептикалық салфетка салынады. Ісіну құбылыстары жоқ болса, жараны тігу 3-5 тәуліктен кейін (бірінші кешіктірілген тігіс) салынады. Жараның іріңдеу жағдайларында, оны қабыну өзгерістері басылғаннан кейін тігуге болады. Осы уақытта жас тамырлар (грануляция) пайда болады. Олар кесіп алынады және жара тігіледі, бұны екінші кешіктірілгеп тігіс деп атайды.
Беттің, тілдің, қолдардың қан мен жақсы қамтамасыз етілуіне байланысты жараның шеттері аз ғана етіп кесіледі, жіппен тігіледі және керек болса қозғалтпау құрсаулары салынады. Жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жасалғаннан кейін, ондағы жара жақсы жазылса 7-8 тәулікте жіптер шешіліп алынады.
Іріңдеген жараны өңдеу. Жараларды хирургиялық өңдеу аз уақытында жаса-лынбаса немесе толық жүргізілмесе, онда жарада іріңдеу пайда болады. Оның кли-никалық белгілері: жараның шеттерінің қызаруы, жергілікті және жалпы температура-ның жоғарылауы, науқастың әлсіреуі жара бар жердің қатты ауыруымен сипатталады (гидратация кезеңі). Бұл жағдайларда жараны жақсылап дренаждау үшін шаралар жасалынады.

Жараны екінші хирургиялық өңдеу. Бүл үшін жара тігілген болса, олар алынады және жиналған ірің сыртқа шығарылады. Керекті жағдайда іріңнің шығуын жақсарту үшін қосымша қарсы жатқан тесу (контрапертура) жасалынады. Бұл кезеңде (гидратация кезеңі) үлкендігіне қарай резеңке түтіктер, жолақтар және жараның ішін-дегілерді сорып алу үшін тұзды суға малынған дәкелер пайдаланылады. Антибиотик-терді, ферменттерді, антисептикалық дәрілерді жіберу жүргізіледі. Уланумен күресу, дененің қорғаушы иммундыбиологиялық күштерін нығайту үшін көп мөлшерде сұйықтар жіберіледі, витаминдерге бай жоғары калориялық тағамдар беріледі, қанды аз-аздан бөліп-бөліп құю жасалынады. Өткір өзгерістер тоқтағаннан кейін, майлы таңғыштар колданылады, таңулар сирек жасалынады, физиотерапиялық шаралар беріледі (дегидратация кезеңі). Жараларды емдеуде қозғалтпау үшін құрсаулар салынуы қажет.


Жараланғандарды күтудің өзгешеліктері. Негізгі қауіп жараға инфекцияның түсуі болып есептелінеді. Көрпе-төсектерді және тері қабаттарын гигиеналық тазалықта ұстау инфекцияның екінші рет түсуінің алдын алу шарасы болып табылады. Таңғыштың құрғақ болуы және жараны қоршаушы орталықтан оңашалау қажет. Таңғышқа зәрдің, үлкен дәреттің, резеңке жылытқыштағы судың төгілуі жараның іріңдеуіне себепкер болуы мүмкін. Операцияның түріне және таңғыштың операциядан кейінгі 2 күнгі жағдайына қарамастан ол қайта байланады. Қан сіңген салфеткалар алып тасталынады. Жараның шеттеріне 5% йод ерітіндісі жағылады және таза асептикалық таңба қойылады. Егер жара тігілмеген болса, оңда терінің шетіне йод ерітіндісі жағылады, тампондар, қажет болса, дренаждар да алмастырылады және асептикалық таңғыш қойылады. Операциядан кейінгі кезеңде, ашық жарақаттануларда негізгі емдеу мәселесі жараның операциядан кейін іріңдеуіне жол бермеу болып табылады. Таңғыштар айтарлықтай былғанбаса, оларды жиі-жиі алмастырудың қажеті жоқ. Салфетканың үстіне зарарсыздандырылған мақта салынып ол бинтпен бекітіледі. Іріңдеген жараларды таңу күн сайын жүргізіледі, ал науқастың жағдайы көтерсе жиі-жиі байланады. Емдеу гимнастикасын, тазалық режимін жүргізуге, жоғары калориялы тамақпен тамақтандыруға үлкен мән беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет