Вирус түрлеріне және олардың әрекеттеріне тоқталуды да жөн көрдік. «Cabir. A». 2004 жылы маусымда жария болды. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». «Bluetooth» арқылы тарайды. Ешқандай зияны жоқ.
«Skulls.A». 2004 жылы қарашада пайда болды. «Symbian» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». Интернет арқылы тарайды. Зияны: телефонның барлық функцияларын, әсіресе, қоңыраулардың түсуі мен сыртқа хабарласуды шектейді.
«Commwarrior. A». 2005 жылы қаңтарда пайда болды. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». MMS арқылы тарайды. Зияны: қымбат ММS-тер тарату арқылы мобильді телефондағы «жазбалар кітапшасына» нұқсан келтіреді.
«Locknut.B». 2005 жылы наурызда шықты. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». Интернет арқылы тарайды. Зияны: ROМ-жадысын бүлдіреді, телефонның барлық әрекеттерін шектейді, керісінше, зиянды бағдарламалардың белсенділігін күшейтеді.
«Fontal.A». 2005 жылы сәуірде шықты. «Symbian 60» операциялық жүйесіне «шабуылдайды». Интернет арқылы таралады. Зияны: мобильді телефонды істен шығарады.
Байқасаңыз, тәжірибе үшін шығарылған алғашқы «Cabir» вирусынан кейін құрастырылған вирустардың қауіптілігі уақыт өте күш алуда. Бірақ білікті бағдарламашылар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Олар да вирустарды анықтап, қарсы әрекет ететін бағдарламалар ойластырып жатыр.