Аутоиммунды гепатит – белгісіз этиологиялы бауырдағы созылмалы процесс, оның даму механизмі бауыр тінінің компоненттеріне меншікті иммундық жүйенің агрессиясымен байланысты.
Дәрілік гепатит– бауыр тінінде дәрілік әсерден туындаған патологиялық өзгерістер. Бұл жағдайда бауырдың зақымдану түрі препараттың қасиеттеріне, оның дозасына және науқастың бастапқы күйіне байланысты. Изониазидті, фибратты (клофибрат), миноциклинді, нитрофуранды қолданғанда пайда болады.
Созылмалы криптогенді гепатит (анықталмаған) – созылмалы, этиологиясы анықталмаған, бауырда 6 айдан астам уақытқа созылатын қабыну-деструктивтік процесс.