Терапия және кардиология кафедрасы



бет11/65
Дата12.05.2022
өлшемі151,02 Kb.
#142886
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
Байланысты:
lektsiya kaz. ishki aurular negizderi-2

3. Дәріс тезисі: «Созылмалы гепатит» термині бауырдың диффузды қабыну ауруларын білдіреді, оларда клиникалық, лабораториялық және морфологиялық өзгерістер 6 ай немесе одан да көп уақытқа созылады.
Этиологиясы және патогенезі бойынша созылмалы гепатиттің келесі формалары бөлінеді:

  • Созылмалы вирусты гепатит В,

  • Созылмалы вирусты гепатит С,

  • Созылмалы вирусты гепатит D,

  • Аутоиммунды гепатит,

  • Дәрілік гепатит,

  • Криптогенді созылмалы гепатит.

Созылмалы вирустық В, С, D гепатиті – В (HBV), C (HCV) немесе D (HDV) гепатиті вирустық инфекциясынан туындаған, бауыр циррозына ұласатын бауырдың қабыну ауруы. Созылмалы В гепатиті жедел гепатиттің иктериялық түрі бар науқастардың шамамен 5% -ында дамиды. HCV инфекциясы бүкіл әлем бойынша созылмалы вирустық гепатит жағдайларының 70%, бауыр циррозының 40% және гепатоцеллюлярлық карциноманың 60% үшін жауапты. HBV, HCV және HDV инфекцияларының негізгі берілу жолдары парентеральды (қанмен немесе жұқтырған медициналық құралдармен байланыс), жыныстық, перинаталдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет