Ресурстары: тонометр,фонендоскоп, стерилді: 1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез. ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар:0,9% физиологиялық ертінді, инсулин.
Алгоритмі:
1.Науқасты дұрыстап басын бір қырына қаратып жатқызу.
2.0,1-0,2 бірлік /кг (дене салмағына) инсулин ертіндісін қан тамырға немесе тері астына енгізу.
3.0,9 %- 400 мл натрий хлорид ерітіндісі көктамырға тамшылатып енгізу
(тез регидратацияда мидың ісінуінің даму қауіпі бар)
4.қан қысымын және пульсін қадағалау.
5. Көп профильді стационарға жедел реанимациа бөлімшесіне жеткізу, қабылдау бөлімшесінен тыс (қабылдау бқлімшесіне науқасты апармауға да болады)
6. тасымалдау зембілге жатқызып жүргізіледі.
31. Гипогликемиялық комада жедел көмек көрсету.
Мақсаты: қан құрамындағы қанттың көтеру.
Ресурстары: тонометр, фонендоскоп, стерилді: 1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез. ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар :40%- 40 – 60 мл глюкоза ертіндісі
Алгоритмі:
1. 40%- 40 – 60 мл глюкоза ертіндісі тікелей енгізу.
2. нәтежиесіз кезіде 40%- 40 мл глюкоза ертіндісі қайта көк тамырға тамшылатып енгізу.
3.науқастың жағдайына жақсаруына байланысты нан мен тәтті сусын беру.
4.науқастың жағдайына байланысты зембілге жатқызып немесе өздігімен стационарға жету.
32. Квинке ісігі кезіндегі жедел көмек көрсету.
Мақсаты: қанайналым қызметінің өзгерісін және тысын жетіспеушілігін қалыптастыру,дәрі- аллергендердің қанға түсуіне тосқауыл қою,өмірлік маңызды мүшелердің қызметін тұрақтандыру,калыптастыру.
Ресурстары: тонометр,фонендоскоп,оттегі баллоны, стерилді: 1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез. ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар:0,1%-1,0 мл адреналин, 0,9 %-200 мл физиологиялық ертінді, 90-120 мг преднизолон, 2% -2-4 мл супрастин немесе тавигил, 2,0 мл лазикс.
Алгоритмі:
1.аллергенді ағзаға түсуін тоқтату,егерде жәндік шаққан болса немесе инъекция егілсе, онда сол жерден жоғары міндетті түрде жгут (егерде инъекция және жәндік аяғынан шақса) салу.Егерде жәндік ененің басқа жерлерінен шақса, онда суық компресс қою.
2.науқастың аяқ жағына жоғары көтеру.
3.дымқылданған оттегі беру.
4.0,1 %- 0,5 мл адреналин ертіндісін тері астына енгізу.
5.90- 120 мг преднизалон ертіндісін 0,9 % -10,0 мл натрий хлорид ертіндісімен қан тамырға енгізу.
6. 2%- 2,0 мл супрастин немесе тавигил ерітіндісін бұлшық етке енгізу
7. 10%-10,0 мл кальций хлориді қан тамырға енгіу.
8. 2,0 мл лазикс ертіндісін 0,9 % 10 мл натрий хлорид ертіндісімен қан тамырға енгізу.
9.тез арада реанимациалық бөлімшеге тез арада жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |