Терапия стандарттар жауабы №1



бет21/44
Дата02.05.2024
өлшемі133,08 Kb.
#201663
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
2022-23Стандартар Ішкі аурулар

Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.

  3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

  4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.

  5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

  6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

  7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.

  8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

  9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.

  10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.

  11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.
17. Бронхиалдық демікпенің тұншығу ұстамасында көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Тұншығу ұстамасын тоқтату.
Ресурстары: Бронхолитиктермен қалталы ингалятор, бронхолитикпен небулайзер, оттегі баллоны, залалсыздандырылған:бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резеңке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар: 120-180 мг преднизолон, 5000-10000 бірлік гепарин, бронхолитиктер (беротек, беродуал, сальбутамол), 0,9 % натрий хлорид ерітіндісі.
Алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандырып, таза ауа болуын қамтамасыз ету.
2.Ыңғайлы жағдай жасауына көмектесу.
3.Кеудесін қысатын киімдерді шешу.
4.Қалталы ингалятор қолдану.
5.Бронхолитикпен небулайзер қолдану (сальбутамол).
6.Дымқыл оттегіні маска арқылы беру .
7.2,4 % - 10 мл эуфиллин ерітіндісін 5-7 мин аралығында қан тамырға баяу енгізу.
8.90-120 мг преднизалон ерітіндісін қан тамырға тікелей енгізу.
9.0,9% натрий хлорид ерітіндісін 500,0 мл немесе 4 % гидрокорбанат ерітіндісін 500,0 мл
қан тамырға енгізу.
10.5000-10000 бірлік Гепарин қан тамырға енгізу
11.Науқастың жағдайын үнемі қадағалау – пульсін, қан қысымын, тыныс алу жиілігін,
қақырық түрін.
12.Науқасты реанимация бөліміне немесе интенсивті палатасы бар бөлімге жатқызу.
13.Науқасты зембілде отырғызып немесе басын көтеріп жатқызып тасымалдау.

18.Астмалық статусында көрсетілетін жедел көмек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет