23.Астмалық статусында көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты:Тұншығу ұстамасын түсіру.
Ресурстары: Оттегі баллоны, маска, мәрлі салфетка, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері,70 % этил спирті, резенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар:1000 мл реополиглюкин, 2,4 % эуфиллин ерітіндісі, 90 гр преднизолон немесе 250 мг гидокартизон, 1000 бірлік гепарин.
Алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы жағдай жасауына көмектесу, кудесін қысатын киімдерді шешу, таза ауа болуын, физикалық және психикалық тыныштық болуын қамтамасыз ету;
2.Қалталы ингалятор қолдану.
3.5-10 мин аралығында бронхолитикпен небулайзер қолдану (100 мкг/доза сальбутамол).
4.Дымқыл оттегіні маска арқылы беру .
5.Алғашқы 5-7 мин ішінде 2,4 % - 10-15 мл эуфиллин ерітіндісін, содан кейін 2,4 % - 3-5 мл эуфиллин ерітіндісін инфузион ерітіндісімен қан тамырға тамшылатып енгізу.
6. 90-150 мг преднизалон ерітіндісін қан тамырға тікелей енгізу.
7.5000-10000 бірлік гепарин ерітіндісін қан тамырға енгізу.
8.0,9%- 500,0 мл натрий хлорид ерітіндісін немесе 4 % -500,0 мл гидрокорбанат натрий ерітіндісін қан тамырға енгізу.
9.Науқастың жағдайын үнемі қадағалау – пульсін, қан қысымын, тыныс алу жиілігін,
қақырық түрін.
10.Науқасты реанимациялық бөліміне немесе интенсивті палатасы бар бөлімшеге жатқызу.
11.Науқасты зембілде отырғызып немесе басын жоғары көтеріп жатқызып тасымалдау.
24. Өкпеден қан кеткенде көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты:Қан кетуді тоқтату.
Ресурстары: Мұзды мұйық, тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, резенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар:12,5% дицинон ерітіндісінен1-2 мл, 1% кальций хлорид ерітіндісінен 10 мл, 5% аминокапрон қышқылынан 100 мл, 1% викасол ерітіндісінен 1-2 мл.
Алгоритмі:
1.Науқасты тыныштандырып, жартылай отыруға көмектесу (қақырық тастауды жеңілдету үшін), сөйлеуге және тұруға тиым салу.
2.Кеуде қуысына мұзды мұйық немесе суық компресс қою.
3.Науқасқа салқын сұйықтық беру: ас тұзы ерітіндісі (1 ас қасық тұзды 200 мл суға), крапива қайнатпасы
4. 12,5% -1-2 мл дицинон ерітіндісін қан тамырға немесе бұлшық етке енгізу.
5. 1% -10 мл кальций хлорид ерітіндісін қан тамырға енгізу.
6. 5% -100 мл аминокапрон қышқылын қан тамырға тамшылатып енгізу.
7. 1% -1-2 мл викасол ерітіндісін бұлшық етке енгізу.
8.Науқасты хирургиялық бөлімге жатқызу.
9.Науқасты зембілде жартылай отырғызып тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |