Терапия стандарттар жауабы №1


Кардиогенді шок кезіндегі көрсетілетін жедел көмек



бет39/44
Дата02.05.2024
өлшемі133,08 Kb.
#201663
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
2022-23Стандартар Ішкі аурулар

27.Кардиогенді шок кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Қан қысымының көтеру.
Ресурстары:тонометр, фонендоскоп, оттегі балоны , бетперде,марлі салфетка, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері 70 % этил спирті ,резенке жгут, қолғаптар , дез. ерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик ,лоток , дәрілік препараттар : 2-5 мг морфин немесе фентанил , 5000 бірлік гепарин , 0,25 мг аспирин , 0,9% 200 мл натрий хлориді ерітіндісі , 200мг дофамин, 5% 400 мл глюкоза ерітіндісі.
Алгоритмі :
1.Науқасты 20 градусқа аяғын көтеріп жатқызу.
2.Дымқылданған оттегі беру.
3. 2-5мг морфин көк тамырға егу , 30 мин. сон қайталаймыз немесе 0,005 % - 1-2 мл фентанил ерітіндісін көк тамырға егу.
4.5000 бірлік гепаринді тікелей көк тамырға енгізу.
5.0,25 гр аспиринді шайнап жұтқызу.
6. 0,9 % - 200 мл натрий хлорид ерітіндісін көк тамырға 10 мин ішінде тамшылатып енгізу.
7.200 мг дофамин ерітіндісін 5% -400 мл глюкоза ерітіндісімен көк тамырға тамшылатып енгізу.
8.Науқасты стационардың реанимациялық бөліміне немесе кардиологиялық бөлімінің интенсивті терапия палатасына жаткызу
9.Науқастын зембілге басын көтеріп жатқызып тасымалдау.
28. Жүрек астмасы кезіндегі көрсетілетін жедел көмек.
Мақсаты: Өкпе қан тамырларындағы қысымды төмендету және қан іркілісін азайту, оттегі тапшылығын жою, өкпе капиллярларының өткізгіштігін төмендету, қан қысымын қалыптастыру.
Ресурстар :тонометр,фонендаскоп, оттегі баллоны , бетперде,марлі салфетка,резенке жгут, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер,көк тамырға дәрі егуге арналған система ,мақта шариктері, 70 % этил спирт, резенке жгут, қолғаптар, дез . ерітіндідегі пинцет,клеенкалы валик, лоток, дәрілік препараттар : 2 мл лазик ,
нитроглицерин
Алгоритмі :
1.Науқасты жартылай отырғызып, аяғын төмен түсіріп отырғызу.
2.Аяқ-қолына таңғыш қою.
3.Дымқылданған оттегі беру.
4. 2мл лазикс ерітіндісін көк тамырға енгізу .
5.Нитроглицерин таблеткасын тіл астына беру.
6.5000 бірлік гепаринді 0,9 % -10 мл физ.ерітіндіде ерітіп көк тамырға енгізу .
7.1 %-1 мл морфин ертітіндісін к/т немесе б/е енгізу
8.Гипертониялық криз кезінде қосымша 1 мл клофелин еретіндісін натрий хлорид ертіндісімен к/т енгізу .
9.Бронхоспазм кезінде 2,4 % - 5 -10 мл эуфилин ерітіндісін к/т енгізу
Ескерту : Миокард инфарктісі кезінде жүрек гликозиттері қолдануға болмайды,себебі некроз аймағын үлкейтеді және миокардтың жиырылу қызметін жоғарлатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет