Терапия стандарттар жауабы №1


Мақсаты: Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету. Ресурстары



бет38/44
Дата02.05.2024
өлшемі133,08 Kb.
#201663
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
2022-23Стандартар Ішкі аурулар

Мақсаты: Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету.
Ресурстары: тонометр, фонендоскоп, дәрілік заттар: нитроглицерин, валидол, нифедипин (10 мг), 325 -500 мг аспирин, ыстық су, қыша қағазы.
1.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық орнату.
2.Науқасты ыңғайлы отырғызу немесе жатқызу, таза ауамен қамтамасыз ету.
3.Тіл астына нитроглицирин таб. немесе валидол беру. Егерде жүрек тұсында ауырсыну сезімі басылмаса, нитроглицерин таблеткасын әр 5 мин (2-3 рет) беру.
4.Нитроглицерин таб. болмаған жағдайда, нифедипин 10 мг 1 таблеткасын беру. Қан қысымын бақылау.
5.325-500 мг аспирин таблеткасын ішкізу.
6. Жүрек аймағына қыша қағазын қою немесе науқасқа ыстық суды ұрттатып ішкізу.
7.Науқастың жағдайын жиі қадағалау, қан қысымын өлшеу және пульсін санау.
8.Ауырсыну синдромы кезінде қандай көмек көрсетілгендігі жайлы сұрастыру.
Ескерту:
Нитроглицерин таблеткасын 3 реттен аса көп қолданбау.


26. Жедел коронарлық жетіспеушілік синдромы. ST – сегментінің жоғарлауымен науқасқа жедел көмек көрсету. (Миокард инфарктісінде көрсетілетін жедел көмек.)
Мақсаты:Ауырсыну синдромын басу, миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендету.
Ресурстары: тонометр, фонендоскоп,оттегі баллон, маска, дәке салфеткасы, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, дәрілерді тамшылатып енгізгенге арналған система, мақта шариктері, 70 % этил спирті, рәзенке жгут, қолғап, дезерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік заттар: нитроглицерин, изокет-спрей, 325-500 мг аспирин, клопидогрел немесе плавикс, 2-4 мг морфин ерітіндісі, 5000 бірлік гепарин, актелизе, 1500000 бірлік стрептокиназа, 60 гр преднизолон, 10 мл физиологиялық ерітінді.
Алгоритмі:
1.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық орнату. Науқасты жатқызып, кеудесін қысатын киімдерді шешу, таза ауа болуын қамтамасыз ету.
2.Тіл астына нитроглицирин таб. немесе 1-2 доза изокет-спрейді (3 реттен көп емес) 5 мин аралықта беру.
3.325-500 мг аспирин таб. шайнату немесе клопидогрел немесе плавикс ішкізу.
4.Дымқылданған оттегі беру.
5.2-4 мг морфинді қан тамырға енгізу.
6. Систоликалық қан қысымы 100 мм сын.бағ төмен болса, 60 мг преднизолон ерітіндісін 10 мл физиологиялық ерітіндісімен араластырып, көк тамырға енгізу
7.1500000 бірлік стрептокиназаны 30 мин аралығында қан тамырға тамшылатып енгізу.
8.5000 бірлік гепаринді көк тамырға тікелей және актелизе 3 деңгейлі 90мин аралығында енгізу;

  • 15мг қан тамырына тікелей ,

  • 50 мг қан тамырына тамшылатып 35 мин ішінде,

  • 35 мг қан тамырына 60мин ішінде тамшылатып енгізу;

9.Қан қысымын,жүрек соғу жиілігін,дем алу жиілігін есептеу, науқастың жағдайын бақылау .
10.Науқасты стационарға зембілге жатқызып тасымалдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет