33. Асқазаннан қан кеткен кезіндегі жедел көмек көрсету.
Мақсаты:Қан кетуді тоқтауы
Ресурстары: тонометр,фонендоскоп, мұзды мұйық,стерилді:1 рет қолданатын шприц, мақта шариктері, 70% этил спирті, резенкелі жгут, қолғаптар, дез.ерітіндідегі пинцет,лоток, дәрілік препараттар: дәрілік препараттар :10%- 10 мл кальций хлорид ,4 мл викасол, 12,5 %- 2,0-4,0 мл дицинон, 5%-50,0 мл аминокапрон қышқылы.
Алгоритмі:
1.науқасқа физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету,қатал төсек режимі.
2.Науқастың басын көтеріп жатқызу.
3.Эпигастрия аймағына мұзды мұйық қою.
4.10%-10,0 мл кальций хлорид ерітіндісін қан тамырға енгізу.
5.4 мл викосол ертіндісін қан тамырға енгізу.
6.12,5 %- 2,0-4,0 мл дицинон ерітіндісін немесе 5% -50,0 мл аминокапрон қышқылы ертіндісін қан тамырға енгізу
7.науқастың жағдайын бақылау (қан қысымын өлшеу,пульсін санау)
8.хирургиялық бөлімге жатқызу.
9.науқастың басын көтеріп, зембілге жатқызып тасымалдау.
34. Қышқылдармен және сілтілермен уланғанда жедел көмек көрсету:
Мақсаты: организмге удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Ресурстар:тонометр, фонендоскоп,бетперде, шара, клеенка,су, залалсыздандырылған асқазан зонды, оймыш, вазелин майы, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері,70 % этил спирті, жгут, қолғаптар, дез.ерітіндідегі пинцет , лоток,дәрілік препараттар:1,0 мл фентанил,120 мг преднизолон, 0,1% -1,0 мл атропин ерітдісі, 1% -1,0 мл димедрол ерітіндісі, 10% -10 мл кальций глюконат ерітіндісі, 2,4% -10 мл эуфиллин ерітіндісі, 4% -400,0 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісі, 20% -2 мл кофеин ерітіндісі, 400,0 мл реополиглюкин ерітіндісі.
Алгоритмі:
1.Асқазанды жуу.
2.1мл фентанил ертіндісін бұлшық етке енгізу (ауырсыну синдромы кезінде)
3.120мг. преднизолон ерітіндісін көк тамырға енгізу
4.0,1% -1,0 мл атропин ерітіндісі тері астына енгізу
5.1% -1,0 мл димедрол ерітіндісі бұлшық етке енгізу.
6.10% -10,0 мл кальцииглюконат ерітіндсі көк тамырға енгізу
7.2,4% -10,0 мл эуфиллин ерітіндісі көк тамырға енгізу
8.4% -400 ,0 мл натрий гидрокарбонат ерітіндісі тамшылатып көк тамырға енгізу
9.20% -2,0 мл кофеин ерітіндісі тері астына енгізу
10.400,0 мл реополиглюкин ерітіндісін тамшылатып көк тамырға енгізу
11.Науқасты тез арада токсикологиялық бөлімге жатқызу.
12.Науқасты бір бүйірімен зембілге жатқызып тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |