Терапия стандарттар жауабы №1


Наркотикалық дәрілермен улануда жедел көмек көрсету



бет43/44
Дата02.05.2024
өлшемі133,08 Kb.
#201663
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
2022-23Стандартар Ішкі аурулар

35.Наркотикалық дәрілермен улануда жедел көмек көрсету:
Мақсаты: организмге удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Ресурстар:тонометр, фонендоскоп, оттегі баллоны, бетперде, марлі салфетка, шара, клеенка, су, залалсыздандырылған асқазан зонды, оймыш, залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері,70 % этил спирті, жгут, қолғаптар,дез. ерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік препараттар: 20 %- 4,0-6,0 мл кофеин ерітіндісі, физиологиялық ерітіндісі, 2,0 мл кордиамин ерітіндісі, 0,05%-4,0 мл налоксон ерітіндісі, 5% 400,0 мл глюкоза ерітдісі, 400 мл реополиглюкин ерітдісі, 4%-300 мл натрий гидрокорбонаты.
Алгоритмі:
1.Асқазанды жуу.
2. Дымқылданған оттегі беру.
3.20 -4,0-6,0 мл кофеин ерітіндісін физиологиялық ерітіндісімен қан тамырға енгізу.

    1. мл кордиамин ерітіндісі қан тамырға енгізу.

5.Антидот енгізу: 0,05 %-4,0 мл налоксон ерітіндісін тынысын жақсарғанға дейін қан тамырға енгізу.
6.5%- 400,0 мл глюкоза ерітіндісін қан тамырға тамшылатып енгізу.
7.400,0 мл реополиглюкин ерітіндісін қан тамырға тамшылатып енгізу.
8.4% 300мл натрий гидрокорбонат ертіндісін қан тамырға тамшылатып енгізу
9.науқасты тез арада токсикологиялық бөлімге жатқызу.
10.Науқасты бір бүйірімен жатқызып зембілмен тасымалдау.
Ескерту: налаксон әсер етпеген жағдайда қолдан дем беру шараларын жүргізу.


36.Фосфоорганикалық қосылыстармен улануда жедел көмек көрсету.
Мақсаты: организмге удың түсуін тоқтату, ағзадан уды шығару.
Ресурстар: тонометр, фонендаскоп, оттегі балоны ,бетперде, марлі салфетка, шара, клеенка,су,залалсыздандырылған асқазан зонды, вазелин майы, залалсыздандырылған : бір рет қолданылатын шприцтер, мақта шариктері, 70 % этил спирті, жгут, қолғаптар , дез. ерітіндідегі пинцет, клеенкалы валик, лоток , дәрілік препараттар : 0,1% -3,0 мл атропин ерітіндісі, 5% - 400,0 мл глюкоза ерітіндісі, 0.9% -400,0 мл натрий хлорид ерітіндісі,120 мг преднизолон , 25% -10,0 мл магний сульфат ерітіндісі
Алгоритмі:

  1. Асқазанды жуу.

  2. Дымқылданған оттегі беру

  3. Антидот енгізу : 0,1% -3,0 мл атропин ерітіндісін әр 5 минут аралығында көз қарашығының кеңейгенге дейін.

  4. 5% - 400,0 мл глюкоза ерітіндісін тамшылатып көк тамырға енгізу

  5. 0.9% -400,0 мл натрий хлорид ерітіндісін тамшылатып көк тамырға енгізу

  6. 120 мг преднизолон ерітіндісін көк тамырға енгізу

  7. Тырысу синдромында 25% -10,0 мл магний сульфат ерітіндісін енгізу

  8. Науқасты тез арада токсикологиялық бөлімге жатқызу.

  9. Науқасты бір бүйірімен зембілге жатқызып тасымалдау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет