Әдіс- көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі.
Әдістемелік құрал- оқу пәнінің, оның тармағының, бөлімінің оқу әдістемесі немесе тәрбие әдістемесі бойынша материалдар бар оқу басылымы.
Бедел- бір адамның беделі, абыройы арқылы шиеленісті шешуге, елде тұрақтылық, татулық орнатуға көпшілік мойындаған қасиеті.
Библиография- баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы.
Білім беру- тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп,адамның танымын,білімін,дағдысын,дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі
Білімді тексеру-мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті арқылы оқушылардың материалды қалай меңгергенін анықтау.(ауызша сұрау,жазбаша тексеру,практикалық әдіс,тест)
Педагогикалық стильдер-педагогтің өз шәкірттерімен араласуының дербес түрі. Педаогикалық стильдің 3 түрі бар:авторитарлық(мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды),либералдық(мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып,жауапкершілікті оқушыларға әріптестеріне ысырады),демократиялық(оқушы мен мұғалім педагогикалық қарым-қатынастың тең құқылы субьектілері ретінде қарастырылады
Дағды- әрекеттің сaнaлы түрде aвтомaттaнуы.
Даму- оргaнизмнің өсіп жетілуі (дене мүшелерінің, жоғaры нерв қызметінің, психикaсының дaмуы).
Оқыту-заман талабын ескере отырып, жеке тұлға қалыптастыру барысында олардың бойына білім, білік, дағды, іскерлікті мақсатты меңгерту мен дамыту процесі.
Педагогикалық шеберлік-мұғалімнің жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, сонымен қатар оны әр оқушыға жеткізе білуі, оларды толық қабыл алуы.
Педагогикалық процесс-тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі.Оны ұйымдастыратын педегог.
Педагогикалық технология-тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.