Тəрбие жүйесі жəне оның негізгі компоненттері.
Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады
Үлгі жасау процесі кезінде шартты түрде 3 кезеңді бөліп алуға тұра келеді:
I кезең — мектеп бейнесін жасау.
II кезең – оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осы бейнесін ендіру.
III кезең — оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.
Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау — бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде, яғни келешекте де — оның қызметі мен даму сатыларында да, оның элементтері,байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.
Іс-әрекет түрлерін жинастыру маңызды іс ғана емес, сонымен бірге мектептің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға қызмет ететін олардың сатысы да болуы керек.Стиль, іскерлік, тұлға аралық қарым-қатынастың негізгі ережелері мен түрлері арнайы ойластыруды қажет етеді.
Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғааралық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.
Мүғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.
Мектептің тәрбие жүйесі – жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі.Тәрбие жүйесі – білім беру мекемесінің әлеуметтік, табиғи, мәдени орталықтармен өзара байланыс жасайтын бірден-бір ашық жүйе болып табылады.
Мектептің тәрбие жүйесінің әдістемелік ұйымдастыру негізі төмендегідей:
- мектептің бірыңғай даму тұжырымдамасы, оның Жарғысы.
- оқушылардың дамуына бағытталған мектепішілік басқарудың құрылымы
- жалпы мектепішілік дәстүрлі шаралар, мектеп ұйымдарын, бірлестіктерін қалыптастыр
- жоспарлау
- нәтижені талдау және оны болашақта практикаға енгізу
Тәрбие жүйесі қызметі тиімділігінің сапалық көрсеткіштері:
- Мұғалімнің, оқушының, ата-ананың түсінігіндегі мектеп бейнесі.
- Тәрбие жүйесінің өте жақсы нәтижесі – мектеп түлегі.
- Ұжымдағы психологиялық ахуал, мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасы
- Жүйенің әр түрлі субъектілерінің арасындағы өзара байланысы.
- қоғамдағы мектептің беделі.
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:
- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ;
- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);
- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.
Мектепте тәрбие жүйесін жүзеге асыру мақсатында мынадай тәрбие орталығы құрылады:
Мектептің тәрбие жүйесі-мектептің тұтас әлеуметтік педагогикалық құрылымын құрайтын және тәрбиенің күшті және ұдайы әрекет ететін факторы болып табылатын өзара байланысты компоненттердің (тәрбие мақсаттары, оларды іске асыратын адамдар, олардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы, басқа да қатынастар, өмірлік кеңістік) жиынтығыМектептегі тәрбие жүйесі –бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.
Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес, басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.
Тәрбие жүйесінде сынып жетекшісі мен мектеп өкілінің рөлі қалай өзгереді? Жаңарған мектептегі олардың функциялары қандай? Мұғалімдер, ата-аналар, мектептен тыс мекемелер қызметкерлері тәрбие процесін ұйымдастыра отырып нені ескеруі қажет? Міне, осы сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиешіге біріншіден, ортаның оқушыға әсер етер ықпалын, екіншіден, өзі істейтін әлеуметтік тәрбие институтының ерекшеліктерін,олардың тәрбие ісіндегі барлық мүмкіндіктері мен функцияларын білу өте маңызды.
Білім беру жүйесі мен тәрбиеге сұраныс беруші қоғам екенін есте ұстаған жөн. Бұл қоғам әрі отбасы, әрі мектеп, әрі үкіметтің мемлекеттік органдары болып табылады.
Қоғамдық-сұранысты іске асыру тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың атақаратын қызметі мен тәрбие процесін жүзеге асыратын оқу-тәрбие мекемесіне байланысты.
Балалар ұжымын ұйымдастырушы тәрбиешінің жұмысында негізгі екі бағытты бөліп алуға тура келеді: бірінші өзін-өзі басқару арқылы әр түрлі қызықты әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, екінші — ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін балалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру (эмоционалдық мазасыздану жағдайында моральдық қолдау жасау, ұжым ішілік қарым-қатынаста әрбір тәрбиеленушінің қолайлы бағытта болуы).
Балалар ұжымын дамыту процесінде тәрбиеші қызметінің мазмұны мен міндеттері өзгеріп отырады.
Жалпы білім беретін қазіргі мектептің даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негізгі блоктары болып саналатын: диагностикалық, мазмұндық-тұтастық, ұйымдастырушылық — іс-әрекеттік, технологаялық, нәтижелілік – бағалаушылық, өңдеушілік сияқты тәрбие процесінің логикасы мен құрылымын жақсы білу және дұрыс пайдалану қажет.
Тәрбие процесін басқару, сынып жетекшісі болу — күрделі іс. Педагог-тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиелеушілік және дамытушылық іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұруы керек. Сынып жетекшісі, тәрбиеші — бұл топтың шын мәніндегі жетекшісі, ұйымдастырушы, жасы үлкен жолдасы, дем беруші, кеңесші, көмекші, қамқоршы, қорғаушы, ой салушы, реттеуші, үйлестіруші, ақпаратшы, қызметкер, т.б. Ол оқушьшармен, ата-аналармен осы сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерімен бірлесе жұмыс тізе отырып, әр оқушының дене құрылысы мен адамгершілік тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді, оның интеллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін – өзі тануына, өзін-өзі жарата білуіне, өзін-өзі ұйымдастыра білуіне, өзін-өзі тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Сынып жетекшісі өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі керек, оларға өзгелерден өзгеше ғажайып рең беруге тырысқаны жөн (эмблема, айырым белгілері, көркем безендірілуі, қабырға газеті, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды, дәстүрлерді ұйымдастыру).
Сынып жетекшісінің екінші міндеті – психологиялық микроклимат жасау. Сынып оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы болуға тиісті, ал, сынып жетекшісі – ең алдымен ересектер мен балалардың сүйіспеншілігі мен бірлескен тірлігі үстемдік ететін тату, мейрімді, шығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болуы керек.
3. Тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:
1. жеке дара-топтық;
2. құндылық-бағдарлы
3. атқарымдық-әрекеттік
4. кеңістіктік-уақытты
5. диагностикалық-нәтижелілік.
Достарыңызбен бөлісу: |