//e.profkiosk.ru/media/e930f162-70b2-4519-a5f0-1a51b76ea3f0/slider.html
Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу туралы, құқықтық тәрбие туралы
Рухани-адамгершілік тәрбие туралы
Ұлттық тәрбие туралы
Отбасылық тәрбие туралы
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие туралы
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие туралы
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу туралы
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты туралы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымдарында Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінен күтілетін нәтиже
Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас қазақстандықтарды тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру
жан-жақты дамыған жеке тұлғаны, Қазақстан Республикасының лайықты азаматын тәрбиелеу, өз Отанына азаматтық және рухани қызмет ету қажеттілігін қалыптастыру, оның материалдық және рухани мәдениетін дамыту;
Бала құқықтары туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалар мен жастардың азаматтық қоғамының, жас қазақстандықтардың қоғамдық қозғалысының қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
балалар мен жастардың патриоттық санасы мен сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті, өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру;
ұлттық мәдениетті игеру және ұлттық кодқа ұқыпты қарауға, басқа халықтарға және олардың мәдениеттеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және олармен жемісті өзара іс-қимыл жасай білу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
баланы әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғау бойынша ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге дайындығы мен жауапкершілік деңгейін арттыру, әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын дамыту және қолдау;
оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту, тәрбиені басым дамыту
білім мазмұнында;
ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау: балалар мен жастардың ақыл-ой, эмоционалдық, әлеуметтік дамуы, әрбір тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және өзін-өзі таныту;
экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, еңбектің жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгеру, экологиялық мәдениетті, табиғатпен қарым-қатынас үйлесімін тәрбиелеу;
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін күшейту, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
балалар мен жастарды тәрбиелеудің өзекті проблемаларын ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
Интернеттегі балалардың қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Осылайша, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, дамыған рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекеттесуге қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталған.
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование»
https://vip-edu.mcfr.kz
Дата копирования: 09.03.2021
Достарыңызбен бөлісу: |