Тәрбие жұмысының жоспары


"Еңбек және экономикалық тәрбие" бағытында 2 сынып сағаты



бет5/10
Дата22.10.2022
өлшемі117,39 Kb.
#154506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тәрбие жұмысының жоспары

"Еңбек және экономикалық тәрбие" бағытында 2 сынып сағаты: "Еңбек –қуаныш,жалқаулық азап», "Еңбек бәрін жеңбек" атты сынып сағаттары танымдық,жобалық ойын түрінде өтеді.
"Кәсіби -шығармашылық тәрбие" бағытында 2сынып сағаты: "Кәсіп түбі-береке" өнеге сағат, «Мамандықтар әлемінде» сынып сағаты интерактивті тақтамен, көрнекіліктер пайдалану арқылы әңгіме сағаты түрінде өткізіледі. Оқушылар әр түрлі мамандық иелері туралы өздеріне керекті ақпарат алады. АКТ технологиясы қолданылады.
"Интеллекуалдық мәдениетті дамыту" бағытында 3 сынып сағаты: "Ұшқыр ой мен шешен тіл"атты сайыс сағаты, "Тапқыр достар"топтық сайыс «Сынып білімдісі»атты сынып сағаттары сайыс түрінде өткізіледі.
"Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі" бағытында шаралар өткізілді: "Жол жүру ережесін білеміз бе?" сауалнама,, "Жол тәртібі-өмір қауіпсіздігі" тақырыбында тәрбие сағаты,"Өрт қауіпсіздігі ережелері»" тәрбие сағаты, «Оттан сақтан!»өртке қарсы сақтық шаралары сынып жиналыстарында өткізіліп, ақпараттар жазылады.
Оқушымен жұмыс бағытында: Сынып белсенділері сайланып,жұмыстары есебі тоқсандық жиналыстарда тыңдалынады.Сынып жиналыстары түрлендіріліп ұйымдастырылып,уақытылы өткізіліп, хаттамаланады.Жыл бойына жоспар бойынша үлгерімі нашар және қабілетті оқушылармен жұмыстар жүргізіледі.Сынып жиналыстарында тазалық,ұқыптылық сыйластық туралы түсіндіріледі.Оқу жылы соңында оқушыларға «Ақ гүлдер»тренингі өтеді.Оқушылар жазғы демалыста бір-біріне сәттілік тілейді.
Ата-анаман жұмыс бағытында: Жыл бойы ата-аналармен жұмыстар жүргізіледі.Әртүрлі тақырыптық жиналыстар оздырылады.«Ата-аналарға арналған іскерлік ойындар», тренингтер топтамасы, ата-аналарға арналған семинар, пікір алмасу, іс-шаралар өткізіледі.Ата-аналарға ашық есік күндері сабаққа қатысады. Ата –аналар жиналысының қорытынды отырысында жыл бойы сынып жетекшімен,сыныппен байланыста болған бір қатар ата-аналарға алғыс хаттар табысталады.Уақытылы ата-аналар жиналысы түрлендіріп өткізіліп,хаттамаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет