«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Дәріс 13. Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары



бет26/39
Дата22.04.2020
өлшемі482,5 Kb.
#64202
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
2f8f04ad-086a-11e7-bfa7-a692e7d05c5eТМВР умкд(1)

Дәріс 13. Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары

Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата–аналарға балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстарының түрлерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1.Балалар бірлестігі тәрбиелелеу мен әлеуметтендіру институты.

2.Балалар бірлестігінің түрлері. Балалар мен жастардың формальды емес бірлестіктері
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытң алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.

Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.

Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.

Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.

Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.

Оқушылардың оқу- тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.

Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.

Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.

Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.

Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жаууапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.

Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету- сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл- кеңес беріп отырады.

Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды.Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін- өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.

Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:


  • оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;

  • дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

  • сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

  • ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп, және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін- өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:

  • «өзіміз шараны ойластырамыз»;

  • «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;

  • «өзіміз қорытынды жасаймыз қағидаларын жатқызуға болады».

А. С. Макаренконың көзқарасынша «Өзін –өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес». Олай болса, өзін- өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін- өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:



  1. Сынып жағдайында өзін –өзі басқару оқу, еңбек, көпшілік- мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.

  2. Мектеп оқушыларының өзін –өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін –өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін- өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады. Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөнінідегі орынбасары жетекшілік етеді.

  3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін –өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комисссиялардың бағытына байланысты шамамен- 7 оқушы), кеңесші мұғалімдер- 5, ата- аналар- 2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.

Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесі қоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді.

Бүгінде оқушылардың өзін –өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.

Оқушылар ұжымындағы өзін –өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады:


  1. Әрекеттің мақсатын анықтау.

  2. Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау) .

  3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).

  4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе бір нұсқасын таңдау).

  5. Шешімді қабылдау( жобаны бағалау).

  6. Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

  7. Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау).

Өзін –өзі басқару процесінің қозғаушы күші- ондағы мотивтің болуы. Сондықтан, өзін- өзі басқарудың жоғарыда әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.

Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат- оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан- жақты қалыптасуын және күш- жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін- өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.

Жеке оқушымен жұмыс барысында мұғалімдермен оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс:


  • Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін, көңіл- күйін , ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі, бала үшін барлық мәселе маңызды.

  • Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сынып жетекшісі белгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде тек өзімнің айтқаным ғана болады деген көзқараста емес, баланың көзқарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс.

  • Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы атқаратын қызметі- баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу.

  • Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, қиын- қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, оралман отбасына т.с.с.

Іс – әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол- адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатын мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.

Олай болса, балалардың және жас жеткіншектердің дамуында маңызды фактор- құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым- қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады,әлуметтік мінез- құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын- тұлғаны дамытудың

маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7- 18 деп қарастырылған.

Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол- дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалысы болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.

Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті, өзін- өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болуда. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары- олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.

Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткінщектер қозғалысын 20 ғасырдың бастапқы кезеңінде скауттер деген атпен тұңғыш рет дүниеге келеді. Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Баден- Поуэелл болды.

Скаутизм ағылшын тілінде SCOT , яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат- балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.

Ал 19 мамыр 1922 жылы КСРО-да пионерлер ұйымы құрылды. Оның алдына қойған мақсаты- жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу болды.

Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қажет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға- олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағыты қамтиды:


  1. Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік, шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.

  2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.

  3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудырыды көздейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет