Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері


«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы



бет6/14
Дата25.02.2023
өлшемі97,61 Kb.
#170084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
410180.pptx
Найманның шығу тарихы през.

 

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы

  • Қандай да бір ғылымның саласы, ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, міндетті түрде ғылымның басқа да салаларымен бірлікте, өзара байланыста, бірінің бірі сол саладағы жетістіктерін пайдаланып, ары қарай жетіледі, дамиды.
  • 1.Педагогика ғылымымен байланысы – бұл тәрбие теориясының іс жүзінде қолданылатын практикалық (прикладной) саласы ретінде мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтайды, зерттейді және тәрбиешілерге оны меңгертуде нақтылы көмек көрсетеді. Соған сәйкес тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі педагогиканың тәрбие теориясына негізделіп оқытылады.
  • 2.Психология ғылымымен байланысы: психология ғылымы адамның психикалық процестерін зерттейтін ғылым саласы болғандықтан тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әртүрлі жастағы балалардың психикалық процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері танып білмей тұрып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мұмкін емес. Сол үшін де ол психология ғылымымен өте тығыз байланыста болып келеді.

3.Этнопедагогика ғылымымен байланысы – бала тәрбиесі тікелей ұлттық құндылықтарға бағытталса, оның мазмұны тәрбие жұмысын ұйымдастыруда міндетті түрде басшылыққа алынады.

  • 3.Этнопедагогика ғылымымен байланысы – бала тәрбиесі тікелей ұлттық құндылықтарға бағытталса, оның мазмұны тәрбие жұмысын ұйымдастыруда міндетті түрде басшылыққа алынады.
  • 4.Әлеуметтану ғылымымен байланысы: әлеуметтiк ортаның адамға ықпалын, адамның қоғамдағы жағдайын, әлеуметтiк мiнез-құлқын зерттейтiн ғылым ретiнде ол тәрбиеге байланысты әртүрлі әлеуметтiк құбылыстардың, ортаның мәнiн, ықпалын, заңдылықтарын жете түсінбей тұрып балалармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес.
  • 5.Педагогика тарихымен байланысы: педагогика тарихы әртүрлі тарихи дәуiрлердегi педагогикалық идеялар, пiкiрлер, көзқарастар мен тәрбиенiң даму тарихын зерттейтін ғылым саласы болғандықтан, сол дәуірлердегі бала тәрбиесіне қатысты озық тәжірибелермен таныса отыра, оның жетістіктерін бүгінгі таңда өзінде қарастыруды көздейді.
  • 6.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясымен байланысы – бұл әртүрлі жастағы балаларды тәрбиелеуде оның жетекші заңдылықтары, принциптері мен ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, соған сәйкес тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет