Тәрбие мақсаты, оның әлеуметтік қамтамасыз етілуі. Тәрбие мақсаты мен міндеттерінің өзара байланысы



бет4/9
Дата04.12.2023
өлшемі46,04 Kb.
#195013
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лек пед

Тәрбие мақсаты туралы шетел ағартушы, педагогтарының ой-пікірлері:
- Я.А.Коменский тәрбие күшіне шексіз сенген, тәрбие үш мақсатқа бағытталуы тиіс, олар: өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі), өзін-өзі және қоршаған әлемді тану (ақыл-ой тәрбиесі), құдайға сену (діни тәрбие);
- Ағылшын философы және педагогы Дж. Локк тәрбиенің мақсаты нағыз жігітті тәрбиелеу дейді;
- Француз ағартушысы, философы Ж-Ж Руссо тәрбие мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру деп тұжырымдайды;
- Швейцар педагогы И.Г.Пестолоцци тәрбие мақсаты адамның қабілеті мен мүмкіншілігін дамыту, табиғи берілген қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыру деген;
- Атақты неміс философы Э.Кант тәрбие мақсаты тәрбиеленушіні ертеңгі күнге даярлау деп анықтайды;
- Неміс педагогы И.Гербарт тәрбие мақсаты – адамды жан-жақты тәрбиелеу деп тұжырымдаған.
Тәрбие мақсаты туралы отандық ағартушылардың тұжырымдамалары:
- Ы.Алтынсарин «өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі» - деген.
- Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.
- М.Жұмабаев «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» - деп жазды.
- М.М. Тілеужанов өзінің «Қазақ тағылымы» атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берік болу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты «жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет