тәрбиенің мақсаттылығы – тәрбие үрдісіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді;
тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы – мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т.б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру;
еңбек арқылы тәрбиелеу – баланы еңбек ете білуге, қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттілктерінен туындайды;
жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі – бұл принциптің көздейтін мақсаты: оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы турде меңгертүді, жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;
балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу - әрбір жеке бала, ол өзінше бір өмір. Оның түсінігі, сенімі, көзқарасы, ақыл-ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әр түрлі. Сондықтан тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор;
тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіңдеп жүйелі түрде жүргізуді талап етеді;
жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделген;
тәрбте процесінде мектеп, жаңұя, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы – тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды.