Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы



бет1/9
Дата30.06.2020
өлшемі38,69 Kb.
#74726
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАЯНДАМА


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен қағидалары











2019 жыл

Орындаған: Сұлтанова А.А



Мазмұны
Кіріспе
1 Тәрбие жүйесі туралы түсінік және оның мәні
1.1 Тәрбие мақсатты бағытталған үрдіс ретінде
1.2 Тәрбие жүйесінің құрылымы, мазмұны
1.3 Тәрбие жүйесінің жалпы заңдылықтары
2 Мектептегі тәрбие жүйесі
2.1 Мектептің тәрбие жүйесі тұжырымдамасының жобасы
2.2 Мектептің тәрбие жүйесінің мақсаты мен міндеттері басқару нысаны


Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы

Тәрбие - педагогикалық жүйеде өзіндік бағыты, мазмұны,  ұйымдастырылу ерекшелігі, формалары, әдіс – тәсілдері бар өте маңызды процесс. Сол себепті педагогикада тәрбиені ұйымдастырудың негізгі жүйесін, жолдарын, бағыттары мен ұстанымдарын, заңдылықтарын белгілейтін, педагогтің тәрбиелік функцияларын айқындайтын – тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі қалыптасты.



Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекеттәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.

Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:

- үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;

- азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын

қалыптастыру

- оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық

құндылықка қатыстыру;

- қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;

- тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;

- оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру; тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру;

- тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.

Қазіргі тәрбие бағыттарының негізі:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет