2 Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың сан алуандығына қарамастан, әдістерді таңдау детерминантты, яғни себепті байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын таңдағаны.
Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын таңдау, Тиімді деп, қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.
Ж.Әбиев тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы шарттар деп, төмендегілерді атайды:
1. Тәрбие мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты тәсілі болу керек.
2. Тәрбие мазмұны.
3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбие үрдісінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады. Бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныпқа сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптар оны қабылдамауы мүмкін.
4. Ұжымның қалыптасу деңгейі.
5. Тәрбиеленушілердің даралық және тұлғалық ерекшеліктері. Шебер тәрбиеші өз әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік жағымды қасиеттерінің сақталуына, «мендік» белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттер жасайды.
6. тәрбиелік жағдайлар. Оған психологиялық- физиологиялық, санитарлық-гигиеналық, сонымен бірге сыныптағы қарым-қатынастар, ұжымның көңіл-күйі, педагогикалық жетекшілік стилі т.б. жатады.
7. Тәрбие құралдары. Әдістермен тығыз байланысты. Оларға көрнекі құралдар (көркемөнер шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары т.б.), әр түрлі іс-әрекет түрдері (ойын, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тіл, ым-ишара, қимыл т.б.) Бұлар мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекет жасауға көмектесетін қажетті құралдар болып табылады.
8. Педагогикалық дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, көп күш жұмсауды қажет етеді. Кейбір педагогтар бұлмәселені айналып өткісі келеді. Осыдан тәрбие жеткіліксіздігі болады.
9. Тәрбие уақыты.
10. Күтілетін қорытынды. Тәрбиеші әдістерді таңдай отырып, оның табысқа жеткізетіндігіне сенімді болуы қажет. Ол қолданған әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдын-ала білуі шарт.
Ю.К.Бабанский мен М.М.Поташник тәрбие әдістерін таңдауда төмендегілерді ескеруді ұсынады:
- міндеттер;
- баланың, сынып ұжымының ерекшеліктері, тәрбие ықпалдарын тиімді қабылдауға олардың даярлығы;
- тәрбие мазмұнының ерекшеліктері;
- пайдаланылатын тәрбие әдістерінің, формаларының тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы, әр құралдың мүмкіндігі мен оны қолданудың нәтижесі;
- сол немесе басқа құралдарджы пайдалану өлшеміне қарай, тәрбиеғ әдістері мен формаларының өзара байланысы;
- жағдаяттың ерекшелігі, басқа құралдардың жоқтығы;
- моральдік-психологиялық, материалдық, гигиеналық, эстетикалық т.б. жағдайлар;
- уақыт;
- тәрбие жұмысындағы сынып, мектеп дәстүрі,
- педагогтың өзіндік ерекшелігі мен мүмкіндігі, іскерлігі.
Сонымен, біріншіден тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеті ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершіліктік тәжірибесі баииды, екіншіден тәрбие әдістері арқылы оқушыларджың дүниеге көзқарастары қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты жүзеге асады.