3 Тәрбие әдістеріне сипаттама.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің негізгі үш тобын бөлуге болады:
1. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
2. Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері.
3. Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталандыру әдістері.
1. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін, тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері қолданылады. Оған: әңгімелеу, түсіндіру, этикалық сұхбат, диспут, өнеге жатады.
Әңгіме – бұл адамгершіліктік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоцианалды, айқын көрінісі. Әңгіме тәрбиеленушілерді моральді жайттарды бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Қызметі: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершіліктік тәжірибесін байытуға бағыттау.
Әңгімені өткізуде ескерілетін жағдайлар:
- әңгіме оқушының әлеуметтік деңгейіне сай келуі керек;
- әңгіме көрнекі құралдармен бірге жүргізілсе дұрыс болады;
- қоршаған ортаның эмоцияналдық әсері әңгіменің мәні мен мазмұнына сай болуы керек,
- әңгіме профессионалды дәрежеде өткенде ғана тартымды болады;
- әңгіме тыңдаушыны толғандыруы міндет.
Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоцианалды-сөзді әсер ету әдісі. Бұл әдісті қолданғанда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне, сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бұд әдісті мына жағдайларда қолданады:
- мінез-құлық формасын немесе жаңа моральдық сапаны қалыптастыру және бекіту үшін;
- болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін.
Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс-әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететін сендіруге сүйенеді. Сендірудің тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында пайдаланылады.
Этикалық сұхбат – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің пікір алыфсуға екіжақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұхбаттың әңгімеден айырмашылығы – сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұнджай әңгіме моральды, этикалық, тәрбиелік мәні бар тақырыптардан тұрады. Мақсаты: адамгершіліктік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершіліктік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Этикалық сұхбаттың нәтижелілігі төмендегілерге байланысты:
- сұхбаттың проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін сұрақ қоюға ынталандырады, оған жауапты өздерінің табуына көмектеседі;
- этикалық сұхбат алдын-ала дайындалған, жауаптары айтылып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалардың ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқараспен қарауға үйрету керек;
- сұхбаттасу құралдары тәрбиеленушінің эмоцианалды тәжірибесіне жақын болғаны дұрыс;
- сұхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстырудың маңызы зор;
- сұхбатты дәріс-баянға айналдыруға болмайды;
- Этикалық сұхбатқа дұрыс жетекшілік – тәрбиеленушінің оң шешімге өз бетінше келуіне негіз болады.
Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әр түрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Пікірталастың негізі – бұл пікір сайысы, ой күресі, ол арнайы дайындықты талап етеді. Пікірталас мақсаты – белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы – балаларды процеске қосу, әрі оны басқара жүргізу. Педагог балаларды ойды жинақтауға, локальды дәлелдерге сүйенуге,ғ өз ұстанған бағытын ашып көрсетуге көмектеседі. Пікірталас қиын әдістердің бірі және ол жоғары дәрежелі кәсіби шеберлікті қажет етеді.
Өнеге - өте күшті тәрбие әдісі. Келесі заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданған құбылыстар тез, әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Кітаптардағы, кинофильмдердегі бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Бұл жағдайдың психологилық негізі ретінде еліктеуді айтуға болады. Еліктеу негізінде адамдар әлеуметтік және адамгершіліктік тәжірибе жинақтайды. Өмірде жақсы да, жаман да үлгі бар. Оқушылардың назарын адамдар өміріндегі теріс қылықтарға аударып, оларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау керек. Тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушіге қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басыың қадірін мысал етуі тәрбиенің дұрыс жүруіне әсерін тигізеді.
2. Іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері.
Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті іс-әрекетті ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе қалыптастыру әдістері тәрбие процесінің түбірі деп қарастырылады.
Оларға: жаттықтыру. Талап, үйрету, тапсырма беру әдістері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |