Тәрбие сағаты Киіз үйді жіліктей білесің бе?


ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен



бет8/26
Дата15.09.2017
өлшемі4,46 Mb.
#32746
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен. Мұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы кесілген күннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан-ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне ең құрығанда бұзауға бас жіп болар ма деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам кезіксе, кесіп құртуға тырыс дегені.

Тұсау кесер сәті алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы бала-шағаға арналған дастарқан маңына, қызық тамашаға жиналады. Дастарқан жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қояды. Тойдың негізгі жанкүйерлері – балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, озып келгені арқанды қиып, дастарқандағы бар дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық беріледі.



Бұдан соң, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектерді айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүгіреді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры шырқалады:

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Қаз-қаз, балам, қаз балам.

Тақымыңды жаз балам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін,

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық,

Қаз-қаз, балам, жүре ғой...

Балтырыңды түре ғой.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың!

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Жүгіре қойшы, құлыным,

Желбіресін тұлымың.

Елгезек бол, ерінбе,

Ілгері бас, шегінбе.



Міне, осыдан бастап шынашақтай қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды, қиындығы мен қызығы мол жаңа өмірі басталады. «Тұсаукесер» – баланың осы өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, Құдайға деген құлшылығы.



Бесікке салу

Бесік деген сөз Отан деген сөздің алғашқы ұғымы. Отан қауіп-қатерден аулақ, тыныштықта болса, онда өмір сүрген халық та алаңсыз, қорқынышсыз өмір сүреді. Сол сияқты бесікте жайбарақат қауіпсіз жатады. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген тамаша сөз бесіктің тек қауіпсіздігі емес, оның баланы бастан тәрбиелеудің де негізгі екенін анықтайды. Бесік – тәрбинің басы. Бөленген бала мезгілімен жатып, мезгілімен оянуға, шылқылап зәрінің үстінде бірнеше сағат жатпай, құрғақтыққа, тазалыққа дағдыланады. Қол аяғы бос нәресте үлкенді-кішілі дәретіне былғанып, ұйқысы бұзылып, ал, анасы құшақ-құшақ жөргек жуып, әлі қата қоймаған белі қақсап, діңкесі құрып, ұйқысы таңға жуық қарны ашқанда ғана оянады. Сондықтан, бірінші күннен бастап ана мен баланың денсаулығын ойлағандар баласын бесікке бөлеу керек. Медицина ғылымының докторы Естөре Оразақов: «Бесіксіз құндақталған бала жаялықтарды ауыстырғанша суда, ылғалда жатады да, қайта ауыстырғанша денесі салқындап ауырады, ал бесікте жатса, таза әрі жылы, тыпыршымай жақсы ұйықтайды», – дейді. Бесік деген қасиетті дүние біздің көшпелі ата-бабаларымызды аптаған ыстық та да, қарлы борандарда да, көшкенде де не суық тигізбей, не күн өткізбей нәрестені өсіруде анадан кейінгі көмекші болған. Көшкенде бесігімен түйеге теңгерілген бала, бетіндегі жұқа жамылғының астында көк жусанның жұпар иісіне балқып, тербеліп бір түстік жер шыдаған. Бесікке салар той тек әйелдердің мерекесі. Бесікке салуға да жас жағынан үлкен, парасатты, үлгілі мінез-қылығы бар, бала-шағалы, ауылда қадірі бар әйел таңдалынады. Сол әйел әуелі бесікті ортаға әкеліп, бесіктің түбек тұратын тесігінен құрт, ірімшік, бауырсақ, қант, күміс тиындар тастап, оны қалған әйелдер шашу ретінде жинап алады. Бұл – бала кәсіпті болсын, ержеткенде туған туыс соның еңбегінің табысын жеп, қуансын деген ырым. Кей жерде мұны «Тышты ма?» деп те айтады. Сонан кейін әжесі бесікті алып, «Құдай, пәле-жаладан, тіл-көзден сақта!» деп адыраспанмен аластап, бесіктің арқалығын әр жерден ыстық көсеумен қариды (күйдіреді). Бұл да ауру-сырқаудан аулақ болсын деген ырым. Бесікті құралдан болған соң бала шошымау үшін жастықтың астына пышақ қойып, бас жағына болса үкінің қанатын, қасқырдың тісін, бүркіттің тырнағын іліп қояды. Бірінші бөлеген күні (әрине, бетін жаппайды) бесіктің үстіне халықшыл болсын деген атасының шапанын, ел қорғайтын ер болсын деп жүген, қамшы, оқымысты болсын деп кітап, қыз болса дана болсын әжесінің орамал жаулығын, іскер болсын деп ине-жіп, кесте және т.б. бәрі жеті нәрсе жабады. Бесікке салып болған соң, ет желініп, ән айтылып, той басталып, әркім еткен еңбегіне сай сыйлығын алып тарасады. Ал, енді «Бесіктегі бала бес түлейді», «Бесік баласы сылаумен өседі» деген мақалдар өмірге жәйден-жәй келмеген. Енді бесіктегі баланы қалай тәрбиелейді деген сұраққа жауап. Баяғы кезде қазірдегідей неше түрлі крем дайын болмағандықтан баланы сылауға мынандай әдіс қолданған: қойдың құйрық майын шыжғырып, оны шыжығынан бөліп алып, майын ыстықтай баж еткізіп астаудағы суық суға құйған. Ол жиналған соң су бетінен жинап алып, суы кеткенше қайнатқан. Суытып, сол маймен баланың денесін сылаған. Ол майды «шыны май» дейді. «Шыны май» – өте таза, денеге пайдалы. Баланы бесіктен шешіп алған соң, тойдырмай ғана емізіп, тоғы басылған соң жаялыққа жатқызып баланың бүкіл денесін маймен сылайды. Сыланған балаға суық тимейді. Май қорғайды суықтан. Осыдан соң денені шынықтыруға кіріседі. «Бисмилла» деп әуелі оң қолы мен сол аяғын алма кезек созып, сол сияқты бүкіл қол аяғын, әр саусағына дейін тартып, аударып-төңкеріп, жеке-жеке сипап, уқалап, неше түрлі массаж жасайды. Маңдайы жазық болсын деп қасынан жоғары қарай керіп, қасы-көзін, басын, құлағын, бетін түгел сипалап, пұшық болмасын деп мұрнын тартып, баланың мүсінін түзеген. Бала қырқынан шыққанша әлі сүйегі қатпайтындықтан, илеуге көніп, сылау (массаж жасау) арқылы дененің кем-кетігін түзеуге болады екен. Бесікте шалқасынан, қолын қимылдатпай жатқандықтан баланың жауырыны жабыспау үшін, (бала жауырыны жабысса жылауық келеді), баланы етпетінен жатқызып сылап, қолын қозғалтып, жауырынын көтерген. Кешінде баланы сабынмен шомылдырып таза сумен шайған соң, күнара тұзды суға тағы бір жуындырып алған. Тұзға шомылдырылған баланың терісі ширақ, жарақаты тез жазылатын болған. Сонан соң қайтадан маймен сыланып, тоя емізіп бөленген бөпе таңға бір-ақ оянған. Бесіктің тағы бір ыңғайлы жері, сәби жыласа, оны 5-6 жасар бала да тербетіп жұбатқан. Көбіне жасы келген ата-әжелер келін-қыздары үй шаруасымен, малмен айналысып жүргенде үйде баланы тербетіп, жұбатып, жастарға көмегін тигізген. Біздің бір ауыз ән салмайтын домбыра десе жаны шалқымайтын қазақ жоқ. Өйткені, сол ата-әжелердің арқасында және ана құрсағында жатып-ақ ән-күйді тыңдаумен өскен, тербей отыра әженің жайлап айтқан әнін естіп, туа сала әннен нәр алған нәрестенің жан дүниесінің кеңдігі қазақтың байтақ жеріндей ұшан-теңіз болып, өскенде ән айтқысы келіп тұратындығы да бесіктегі кезінен пайда болған сезім. Баяғы заманда және қазірде ауылды жерде кешкі малды жайғау кезінде баланы үйде жалғыз қалдырмайды. Қырқынан шыққанша түнде шырақ жағып қояды. Бала еңбектегенше бесікте жатады. Бесіктен шыққаннан кейін бесікке тұмар тағып, үстін жауып, жоғарыға іліп, сақтап қояды. Бұл – келесі балаға тілеулес болып тұрсын деген тілек. Қазақтың бесікті құрметтегені соншама, кейде әкесі жатқан бесікке баласы да жатады. Көшпелі қазақта бала үшін бесік жау ала алмайтын қамалға тең болған. Бесікпен байланысты халықтың мақал-мәтелері: «Туған жер – алтын бесік», «Ел іші – алтын бесік». Тек бесікке бөлегенде тартпай, кеудесін қатты қыспай, өте теңсеп тербетпей, қатты жыласа шешіп алып, аяқ-қолын созып, емізіп қайта бөлеу керек. Қазақ тәрбие діңгегінің бастауын құрсақ тәрбиесінен бастап, бесік тәрбиесіне негіздеген. Бесік – сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспеттес. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен, елдегі тәрбиелі, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға бесікке салар, яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын айқын көреміз:
1) ол екі жаққа қарай тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, сәби есейе келе қаншама бұлқынса да аударылып кетпейді;
2) тербеткенде адам қолы шаршамайды, баланың басы ерсілі-қарсылы шайқалмайды;
3) жылы әрі таза. Бесік тек қазаққа тән емес, ол Орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Бесік иіп кептірілген талдан, ағаштан жасалады. Себебі, тал басқа ағаштай емес, иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді, жат иіс болмайды. Бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау, тартбау, т.б. Бесікке бөленген баланың кіші дәреті шүмек арқылы, үлкен дәреті түбекке жиналады. Жылы болсын деп түбекті бұрынырақ киізден жасап, ішіне күл салып, ол дымданған сайын ауыстырып отыратын болған. Қазір қалаған ыдыстарын орналастырып жүр ғой. Шүмек қойдың асықты жілігінен ұл мен қызға екі түрлі етіп жасалады. Академик Мәлік Ғабдуллин қазақ халқының бесік жырларының тәрбиелік маңызы мен мәні туралы былай деген: «Бесік жырларынан» халықтың бала тәрбиесі жайындағы арман-тілегі, көзқарасы, мақсат-мүддесі айқын көрінетінін байқаймыз. Онда баланы жас кезінен еңбекқор, еңбексүйгіш етіп тәрбиелеу, оны адал кәсіпке, халыққа қызмет етуге даярлау ата-ананың ең басты борышы делінеді. Мұның өзі қазақ халқының бала тәрбиесін баланың есейген кезінен емес, тіпті оның бесікте жатқан кезінен қолға алғанын, баланы еңбекке баулу ісін ерте бастағанын аңғартады. Баланың есту сезімін бесік жырымен тәрбиелеу арқылы ұлттық тәрбиенің құнды жақтарын пайымдауымызға болады. Ата-ана бала тәрбиесіне мәнді де, мағыналы кеңестерін беру арқылы, бала жанының «бай» болуын ән, жыр, күй, музыкамен байланыстырады. М.Жұмабаевтың бала болмысындағы көру, есту, іскерлік, қиял, ойлау туралы ой-тұжырымдарындағы рухани астарларды зерделей отырып, тағылымдық мәнін түсінудің маңызы зор. «Көру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе – балаға сурет салғызу. Баланың есту сезімін ілгерілету үшін біраздан балаға музыка құралдарының үнін естірте беру керек. Баланың есту сезіміне әсер беретін – бесік жыры» деп ой түйеді. Қорыта келгенде, біріншіден, баланың іштегі қалпын оң ұстанымға бағыттау, алғашқы тәлімнің негізі ананың ішкі болмысына мән беру секілді іс-әрекеттерге сауаттылықпен қарағанда, бала өмірге дұрыс келеді. Одан кейінгі мәселе – баланың дене тәрбиесі. Бесікте тәрбиеленуі. Ол кезде оның демалуына, тамырының соғуына, жататын орнына, тамақтануына тән тазалығына ерекше көңіл бөлініп, өмір қажеттіліктері мен заңдылықтарына сәйкес іс-қимыл жасауды қажет етеді». Бесік арқылы берілген тәрбие дұрыс болса, онда болашақ азаматтың да қалыптасуына жағдай жасалды деген сөз. Олай болса, қазақта бала тәрбиесінің ана құрсағынан, отбасы, ошақ қасынан басталатындығын ұмытпауымыз керек. Ұлттық дәстүрімізді, оның ішінде де бесікке салып тәрбиелеуді, бесік жырын айтып өсіруді қолға алып, дәстүрді ары қарай жалғастыруға жағдай жасауымыз керек. Бүгін ел болып қолға алмасақ, онда келешек ұрпақ алдындағы парызымызды ұмытқанымыз.

Мақал - мәтелдер

Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер


Сабақтың мақсаты: 1. Мақал - мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы түсінік беру.
2. Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу
3. Тілдерін, сөздік қорларын дамыту
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

- Балалар сендер кішкене кездеріңізден бері мақал - мәтелдер естіп, жаттап келесіздер. Олай болса, кәне кім қандай мақал - мәтел біледі екен тыңдап көрелік.. (оқушылардың мақал мәтелдерін тыңдау)


- Бәрекелді, балалар, өте көп мақал біледі екенсіз, ендеше бүгінгі сабағымызда мақал - мәтелдердің анықтамасымен сонымен қатар, айырмашылығына тоқталатын боламыз. Кәне, бәріміз тақтаға зер саламыз
Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайды, яғни айтар ой түсінікті болады.
Мәтелдерде ой - пікір бейнелі, тұспалдап айтылған ишара түрінде болады, яғни оны оқығанда бірден түсіне қоймайсың, әбден ойланып, тұжырым жасайсың.

Мақалбай атайдың сұрақтарына жауап берейік ( жауап мақал - мәтел түрінде болуы керек)


• Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
• Тауықтың түсіне не кіреді?
• Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?
• Өтірікші кімді алдайды?
• Ананың сүті мен баланың тілі қандай?

6 Сергіту минуты


• Қалай дер едіңдер?
- Есік алдындағы қалың қарды арырақ күреп тастаңдар. Күн жылынса, былға - ныш болар,- деді тәрбиеші апай.
- Осынша қарды қалай күреп бітіреміз,- деп күбірлесті балалар. Жабылып келіп кірісіп еді, жұмыстың қалай аяқталғанын да сезбей қалды. Бұны көрген тәр - биеші не деген мақал айтты деп ойлайсыңдар?
(көз - қорқақ, қол - батыр немесе жұмыла көтерген жүк жеңіл)

8. Жұмбақтар сөйлесе... (мен айтқан жұмбақтың шешуін тауын, сол жауап сөзі бар мақал мәтел айтылу керек, сонда ғана жеңуге мүмкіншілік бар)


• Судан шығады, судан қорқады (тұз)
• Зер - зер кілем зер кілем (жер)
• Жаны жоқ болса да ақылды адам сияқты (кітап)
9. Қорыту «Лото» ойыны
1 6 5
3 2 4
(әр балаға берілген үлестірмеде сандар өзгертіліп жазылғаны тиімді, ойын «лото» ойынының тәртібімен жүреді, тек санды тапқан алғашқы бала сұраққа жауап берсе ғана санды жаба алады, жауап бермесе сан жабылмайды, келесі балаға да талап сондай, қай баланың лото парақшасы бірінші толса, сол жеңімпаз болады)
• Қыстың қамын (жаз ойла)
• Тәні саудың, (жаны сау)
• Жері байдың -(елі бай)
• Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
• Бірлік болмай, (тірлік болмас)
• Досы көпті (жау алмайды)

Бекіту « Мақал қалай шықты?»


Ертеде еріккен хан уәзірлерін шақырып:
- Ертеңге дейін маған мақал шығарыңдар. Егер бұйрығым орындалмаса, бәріңнің де бастарыңды аламын,- депті. Уәзірлер не істерін білмей дал болыпты. Көшеге шығып, бір адамды ұстап алыпты да:
- Тез, бізге бір мақал шығарып бер,- депті Әлгі адам мақал шығара алмапты. Бірақ өз жандары үшін дал болған уәзірлер оны өзенге апарып, суға батыра бастапты. Әлгі сорлының жаны көзіне көрініпті, әбден жаны қиналған адам:
- Мені ханға апарыңдар. Сендерді де өзімді де өлімнен құтқарамын,- депті. Уәзірлер оның айтқанын орындапты. Сондағы шыққан мақал мынау екен: «Көп қорқытады, терең батырады»... Сондықтан мақал - мәтелдер жайдан - жай емес, өмірден алынғанына көздерің жетті ме?
Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Мақалдың да мақалы бар» дегендей, төмендегі мақалдар сендерге өмірлік серік болсын.
Соғыста мылтық қандай керек болса, өмірде білім сондай керек
Білімнен қуатты күш жоқ: біліммен қаруланған адам жеңілмейді.

12. Бағалау





Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет